Бақылау сұрақтары:
1. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсіндіріңіз?
2. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары қандай?
3. Г.Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі қандай?
4. Линдеманның энергия тасымалының 1% ж.не 10% ережелерін атаңыз?
5. Экожүйелердің табиғи дамуы қандай?
6.Экожүйелердің біртұтастығы және тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері қандай?
Әдебиеттер:
1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым, 1997.
2. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.
3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы.Алматы, Қайнар, 1990.
4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.
5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика – 2000 ж.
Дәріс №5. Биосфера және оның тұрақтылығы
Дәріс мақсаты: Тіршілік қабаты биосферадағы байланыстар, ондағы тіршілік орталары тіршіліктің құрылым деңгейлері және ноосфера туралы ұғындыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И.Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық ролінің анықталуы. Антропогендік әрекетті қуатты геологиялық және геохимиялық факторлар ретінде мойындау тұжырымдамасы. Адамның экожүйедегі орны. Биосферадағы заттар айналымы. Әлемдік биогеохимиялы. циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі биосфера. Өндірістің дамуы және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы.
Негізгі терминдер:
Биосферология-биосфера (мегабиосфера,панбиосфера) туралы ғылым.
Биосфера функциясының механизмдері мен құрылысын,эволюциясын пайда болуын зерттейді.
Биосфера экологиясы- биосферадағы экожүйені,оның тұрақтылығын,оның тұрақтылығын ,ондағы жүріп жатқан процестер мен адам факторының маңызын зерттейтің ғылым.
Биосфера тұрақтылығы-биосфераның әртүрлі сыртқы және ішкі әрекеттерге,оның іінде адам әрекеттеріне өзгермей қарсы тұру қабілет қасиеттері.
Табиғатты пайдалану— 1)табиғи ресурстық әлеуетті пайдаланудың және оны сақтау шараларының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұларға табиғи ресурстарды алу және өңдеу, оларды жаңарту және қалпына келтіру, тіршілік ортасының табиғи жағдайларын пайдалану және қорғау, табиғи жүйелердің баланысын сақтау, қайта қалпына келтіру және тиімді өзгерту жатады; 2)адамзат пайдаланулардың жалпы ұстанымдарын зерттейтін кешенді ғылыми пән.
Достарыңызбен бөлісу: |