«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Жер генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін әсерлердің жаңа түрлері



бет49/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Жер генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін әсерлердің жаңа түрлері. Қазіргі уақытта ландшафтығы антропогенді әсер ету салмағының артуы нәтижесінде көптеген экологиялық проблемалар пайда болды. Ландшафтыға антропогенді салмақ жерді пайдалану түрлері мен аймаққа қоныстану сипатына байланысты болады.
Өндірістік қалдықтағы көмір газы, күкіртті ангидрид, түрлі металдар, көмірсутектер топырақтың құрамын ластауда.Түсті металлургия кәсіпорындары бар жерлерде топырақтағы қорғасын мөлшері 20 есеге дейін көп болады. Суперфосфат тыңайтқыштарын шығаратын зауыттан 500м қашықтықта топырақтағы мышьяк нормадан 20-25 есе көп. Топырақта фторда көп болады. Топырақтың ластануына пестицидтер мен тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында қолдану да септігін тигізуде.
Жер бетіне және су экожүйесіне түсетін ластаушы заттар ферменттердің көмегімен биохимиялық реаКцияға түседі. Ластаушы заттардың биотасымалдауы ферментативті төр реакцияның көмегімен жүзеге асады: қышқылдану, қалпына келу, деградация және конъюгация (ластаушы молекуласының органикалық заттың клеткасымен байланысуы). Биотасымалға қатысатын жоғарыда айтылған процестер экожүйенің белгілі компоненттерінде және биокосты объектілерде (бәрінен бұрын су қоймалары мен топырақта) жүреді.
Ластаушы заттардың топырақ пен су қоймаларындағы биотасымалы процестері прокариоттар мен саңырауқұлақтар жасап шығаратын ферменттер молекулалары арқылы жүреді. Фермементативті процестер микроорганизмдер ішінде де сыртындада жүреді. Бұл тірі организмдердің сыртқы ортаға белгілі бір фермаменттерді бөлуіне байланысты болады. Оларды экзоферменттер деп атайды.
Айта кету керек, ластаушы заттардың біршама бөлігі микроорганизмдерге ғана әсер етіп қоймайды. Ластаушы заттардың молекулаларының көбі экзоферменттердің органды-минералды коллоидтарында және топырақтың қатты бөлшектерінде сүзіледі. Ластаушы заттардың молекулалары биодеградацияға ұшырауы тек олардың топырақтың сұйық ортасында таралған кезінде болады. лас заттардың молекулаларының биотасымалы сондай-ақ топырақтың шірік мөлшеріне, оның гранулометриялық құрамына, қышқылдығына және т.б. байланысты.
Ластаушы заттар өте қауіпті келеді. Олар кеңістікте тез таралады, құрамы әртүрлі келеді және бірқалыпты таралмайды. Антропогенді түрдегі ластаушы заттар адамдар көп қоныстанған жерлерде көп кездеседі, олар адамдар денсаулығына зиян келтіреді, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де кері әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет