Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау әдістері. Әлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары. Сондай-ақ жер бетіндегі адамның да саны көбейіп барады. БҰҰ-ның демографикалық басқармасы әлемдегі халықтардың орналасу динамикасы туралы есеп берді, онда соңғы он жылдықта халықтың өсім саны біртіндеп төмендеп бара жатқаны айтылған. Мысалы 90 жылдары халық саны жылына 90 млн.ға кебейсе, қазіргі кезде 80 млн. шамасында өсуде. Адамдар саны өсімінің бұлай төмендеп кетуіне 50 жылдары бір әйел өз өмірінде 5 бала шамасында туса, 1995 жылы тек 1-2 баладан туды.
Әрине, Жер бетінде адам саны қазіргіден де көбеері сөзсіз. Олардың саны зерттеушілердің айтуы бойынша 11-12 млрд-қа жетеді.
Осындай адам санын тамақтау мүмкін бе? Қазіргі уақытта адамзаттың қолында 11 миллиард га көлемінде ғана пайдалануға болатын жерлер бар, ол тек 47 млрд адамды ғана тамақтай алады.
Адамдардың саны шексіз өсе беруі мүмкін емес, өйткені табиғи ортаның ресурстары шектелген. Болашақта өзекті мәселеге тамақ тапшылығының айналары сөзсіз. Бұдан 200 жыл бұрын (1798 ж), жер бетіндегі адамдар саны бір миллиардқада жетпеген кезде-ақ англиялық экономист Томас Мальтус болашақта адамдар санының өсуіне байланысты тамақ тапшылығы болады деген тұжырымға келген болатын. «Өйткені ауыл шаруашылығы өндірісі жер көлеміне байланысты шектелген. Осыған байланысты болашақта адамдарды ауылшаруашылық өнімдеріне қарағанда адамдар санының көп болуына байланысты катастрофалық аштық күтіп тұр» - деп түсіндірді.
Осыған байланысты екі негізгі тұжырым жасауға болады. Біріншіден, әрбір мемлекет экономикалық даму деңгейіне қарамастан адамдар санын көбейтпеуі міндетті. Мемлекет халық санының өсуін бақылау бағдарламасын жүзеге асырмас бұрын, барлық индустрализациялау кезеңдерінен өтіп болуы тиіс. Екіншіден, осы шараның іске асуы әр мемлекеттің мәдениетіне, ұстанымдарына, дініне, шаруашылық жүргізу тәслдеріне байланысты болады.
Адамдар санының өсімін бақылауды әрбір отбасында тек қана бір баланының болуын жоспарлау, үйлену жасын белгілеу, балалар жұмысына тиым салу, денсаулықта қорғау жүйесін жетілдіру, жалпы білім беру жүйесін дамыту, әйелдердің әлеументтік жағдайын жақсарту, қартайғанға пенция мөлшерін тағайындау шаралары арқылыда жүзеге асыруға болады.
Адамдар өсімінің шектелуі тамақ тапшылығына байланысты болғандықтан, өндіріс факторларының уақытқа байланысты өзгеретін болғандықтан адамдардың өсу шегіде өзгеруі мүмкін.