«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет58/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

ҚР территориясындағы Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысың қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері мен критерийлері. Семей ядролық сынақ алаңы және өзгеде полигондар
Кеңес Одағының атомды ауыздықтау ұранына ілескен мамандардың жоспарынша, Семейдегі атомдық сынақ алаңында жасалатын тұңғыш термоядролық жарылыстың мақсаты–жасанды су қоймасын жасау болатын. Бұл физиктердің халық шаруашылығына қажетті алғашқы өнеркәсіптік сынағы еді. Жарылыстар пайда болған алып орға жиналатын су Қазақстанның құрғақ шөлейтті жерлеріндегі өсімдік пен мал суаруға жарайды деп есептелген. Мамандар ядролық жарылысты 178 метр тереңдікте өткізген, оның күші 140 килотоннаны құраған екен. Қуатты жарылыстан Қазақстанның картасында диаметрі 420 метрге жететін жасанды көл пайда болған.
Бұрынғы Семей полигонының аумағындағы атом көлінің жері радионуклидтермен зақымданған. Бұл жердегі радиациялық фон бүгінгі таңда 500 микрорентгенді құрайды. Ал жергілікті халық еш нәрсені қаперіне алмастан малын бағып, шөбін шауып, қауіпті жерді бұрынғысынша пайдаланып отыр.
Көлдегі су бір қарағанда таза болғанымен, оның құрамы күмәнді. 1990 жылдары қоғамдық ұйымдар өкілдері мен журналистердің басын қосып, судың құрамы таза екеніне имандай сендіргісі кеп суға түскен. Кенес генералы көп ұзамай жалған сенімнің құрбаны болды. Ағза судағы өткір сәулеге қарсы тұра алмаса керек. Содан бері он бес жылдай уақыт өтсе де, бүгінгі күннің өзінде мұндағы радиациялық фон 500 микрорентгенді құрайды. Бір қалыпты мөлшерден он есе көп деген сөз. Көлдің маңаіындағы жер де радиоактивті заттармен ластанған. Сынақ тоқтағалы эколог мамандар шаруашылыққа жарамды–жарамсыз жерлердің картасын жасап, ластанған аумақтың шекарасын белгілеу туралы ұсыныс жасаған. Кезінде Үкімет, шетелдік түрлі экологиялық ұйымдар тарапынан осы мақсатқа қаржы да бөлініпті. Бірақ істің нәтижесін сұрайтын нақтылы сұраушы белгіленбегендіктен болар, жоспарланған істер орындалмаған.
1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма, спектографиялық суреттер жер бетіндегі цезий-137 активтілігі 65-100 мкм/сағ болғанын көрсетеді. Кейбір жерлерде 120-500 мкм/сағ байқалған. Зайсан көлінің оңтүстік батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 мкм/сағ құраған. Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етті. Стронции-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде Мұржық және Дегелең аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғары деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозында барлық дерлік құдық суларында анықталған.
Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына он бес жыл толады. Бірақ өкінішке орай, Үкімет әлі күнге атом көлінің маңы, Балапан мен Дегелеңнің бауырындағы уланған жерді, мекендеген елді сауықтыруға байланысты нақтылы бағдарлама дайындаған жоқ.
Абай ауданының Қарауыл, Сарыжар, Қайнар елді мекендері тұрғындарының денсаулығын тексергенде адам денесіне жиналған иондық сәулелер мөлшері 150-ден 200 бэр-ге дейін болды. Бұл өмірлік нормадан он есе көп деген сөз. Осы өлшеуді жүргізген кезде жер қыртысынан топырақ дұрыс алынбай денедегі сәуленің мөлшерін есептегенде қате жіберілгендіктен бұл цифрлар өте төмен болып шықты. Шындығында 1000 бэр-ден де көп көрінеді.
Семей облысы 3 ауданындағы 100 мыңнан астам тұрғындары осыншама айуандықпен жасалған жарылыстардан кейін ионды сәулелер ауруына шалдығып, көбі өліп, қалғандары кемтар, жарымжан, мүгедек болып қалды. Қаншама жарымжан жас сәбилер дүниеге келді. Сөйтіп қазақ халқының генетикалық (шыққан тегі) қоры еш уақытта қайтып қалпына келмейтін орасан зор апатқа ұшырады. Біздің халық ондаған жылдар, ғасырлар бойы мұның зардабын шегетін болады.
Қалдықтар төгілген жерде шектеулі-рұқсат етілген ионды сәулелер мөлшері 25 микрорентгеннен аспауы керек болса, дозиметр (сәулені өлшейтін құрал) 2000 микрорентгенге дейін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет