«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Арал аймағының әлеуметтік- экологиялық проблемалары



бет56/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Арал аймағының әлеуметтік- экологиялық проблемалары
1960 - 1990 жылдары Арал өңірінде жаңа жерлерді меңгеру бағдарламасы бойынша тың жерлер игеріліп, оның көлемі жылына 63 –тен 117 куб.км дейін өсті.Соның нәтижесінде 1990 жылдары Арал теңізіне құятын сулар көлемі азайды.Теңіз деңгейі 17м –ге төмендеді. Қазіргі уақытта Арал теңізіндегі су деңгейі теңіз деңгейінен 30м тереңдікте жатыр. Судың минералдануы тез өсіп, оның жағалауында отырған халықтың денсаулығы мен өмір сүру жағдайына кері әсер етуде. Арал суының тартылуы нәтижесінде теңіз екіге: кіші және үлкен Арал болып бөлінді.
Арал катастрофасы атмосфераны, ауыз суды және литосфераны ластау арқылы аймақта өмір сүру қаупін күшейтті.
Арал теңізінің тартылуы нәтижесінде суы тартылған аймақтардан желдің әсерімен көтерілген шаңның құрамындағы бөлшектер мөлшері жылына 20-30 млн тоннаға дейін өзгеретіндігі анықталды. Шаңды бұлтар құрамындағы бөлшектер аэрозоль түрінде кездеседі, олар негізінен ауыл шаруашылығының улы химикаттары, тыңайтқыштар және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың зиянды компоненттерін құрайды. Құрамындағы тұз мөлшері 0,5-1,5%. Құмды-тұзды аэрозоль оазистегі және ауыл шаруашылық топырағына кері әсерін тигізеді.
Ауылшаруашылық айналымынан 2 млн га жер уақытында суғару мүмкіндігі болмаған соң және грунттық сулардың қайта көтерілуі нәтижесінде екінші қайтара тұзданып, пайда асудан қалды.Теңіздегі балықтардың көптеген түрлері судың тұздануының өсуіне (18 м/г) байланысты жойылып кетті.
80 жылдардың ортасында жаңа жерлерді меңгеру тоқтатылып, таза судың көлемін үнемдеу жобалары жасалды. Сонымен қатар Арал өңірінде тұратын халықтың денсаулығын және жағдайын жақсарту мақсатында жаңа больницалар, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, газдандыру және басқа әлеументтік бағытта объектілер салына бастады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Аралға 1995 жылы 10,3 куб., 1996 ж. - 12,56 куб.км су құйылды, Амударияның арнасы (5,1 куб.км – 1995ж. және 7,46 куб.км - 1996 ж.) Амударияның арналарының қалпына келуі үшін толығымен жұмсалды.
Кішкентай Аралды жасаудың бастапқы жұмыстары 1992 жылы басталды. Ол үшін "Қаратерең-Көкарал" қорғаны тұрғызылды. Қорған Аралды екіге: кіші және үлкен бөліп тұр. Сырдария суы Кіші Аралға құйылып оның сарқылған бөліктерін сумен қайта толтыруда. Қазір су деңгейі 15 м-ге көтерілді. Теңіздің тұздану деңгейі қалпына келді. Қазір теңіз Арал қаласына 10 км шамасында жақындады.ең алғашқы экологиялық жағдайдың қалпына келу белгілері білінді: жаңбыр жауу көбейді, теңіз жағалауында өсімдіктер өсе бастады, теңіз суларының тұздануы төмендеді, бұл балықтардың өмір сүруіне мүмкіндік береді. 1999 жылы қорғанды су шайып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет