Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Б.Коммонердің экологиялық қағидалары
2. Экологияның салаларын ата?
3. Экологияның зерттеу әдістері. .
4. Экологияның негізгі даму кезеңдері
5.Экологиялық факторлар қалай жіктеледі?
6. Тұрақты даму бағдарламасының мәні?
7. Тұрақты даму ұғымының міні мен мақсаты қандай?
8. Экологияның тәрбиенің мақсаты?
9.Тұрақты дамуда адамның ролі қандай?
Әдебиеттер:1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым, 1997.2. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.
3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы.Алматы, Қайнар, 1990.
4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.
5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика – 2000 ж.
Дәріс № 2. Дара организмдер экологиясы – аутэкология
Дәрістің мақсаты: Жекелеген тірі ағзаларды,оның қоршаған ортасымен қарым – қатынасын, тірі ағзаларға әсер ететін экологиялық фактордың ықпалын ұғындыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Организм және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Антропогендік фактордың әсерінің өзіндік ерекшеліктері. Ю.Либихтың минимум заңы. В.Шелфордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны. Стенобиоттық және эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы.
Негізгі терминдер:
1.Фенология-климаттық фактордың жануар мен өсімдіктердің өмірінде жүріп жатқан периодтық процестермен байланысын зерттейтін ғылым.
2.Биокостық дене- тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде құрлықта литосфераның жоғары қабаттары біртіндеп топыраққа айналуы.
3.Нектон (грек тілінен nektos -жүзетін) –су түбімен байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы.
4.Планктон (грек тілінен planktos - қалықтаушы)- негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы.
5.Бентос (грек тілінен benthos - тереңдік )- су қоймаларының түбінде мекендейтін ағзалардың жиынтығы.
6.Эктопаразиттер- иесінің денесінің бетінде мекендейтін, сыртқы паразиттер
7.Эндопаразиттер- иесінің денесінде тіршілік ететін, ішкі паразиттер.
8.Биологиялық ырғақ-уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір
жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |