Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 345-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хирасима-Нагасаки мен Чернобльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Сынақ полигондары, Уран қазатын рудниктер, радиоактивті қалдықтар төгілген ой-шұқырлар Қазақстан жерінде жеткілікті. Нарын мен Тайсоған құмдарында, Үстірт (Маңғысау) жолында, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақтсан, Алматы, Талдықорған, Семей т.б. облыстарда толып жатыр.Ионды сәулелер тек адамдарға ғана қауіпті болмай, өсімдіктер мен жануарлар үшін де зиянды.
Тәулігіне 2 ден 5 Радқа дейін сәулелер шашырағанда өсімдіктердің өсуі баяулап, жануарлар түрі қысқара бастаған, 10 нан 40 Радқа дейін сәулелер шашырағанда қалған бірен-саран ағаштар дұрыс өсе алмай, қурап, сынып, құрт-құмырысқаға жем болған. Жыл бойы 10 Рад алған емен басқалармен салыстырғанда 200 есе көп битті болған.
Қазірде дәстүрлі атом энергетикасы дағдарысқа ұшырай бастады, көптеген аймақтарда жұртшылық АЭС салудан бас тартып отыр. Бұған альтернатива боларлық бағыттар жоқ десе де болады. Барының өзі жаңа туындауда.
Чернобыль апаты кездейсоқтық емес. Бірақ ол орасан қуатты энергияны игеруден мүлде бас тартуды талап етпейді. Ол адамның осы энергия қойнауларына енудің ең сенімді және қауіпсіз жолын іздеп табуға тиіс екенін ескертеді.
Қазір, ХХІ–ші ғасыр тақаған шақта қырғи–қабақ жағдайды бастарынан өткерген, Хиросима мен Нагасакидің, Семей мен Чернобыльдың зардаптарына төтеп берген адамдар өз білімдерін мен тәжірибелерін келесі ұрпаққа табыс етуге міндетті. Ол үшін бүкіл адамзат даналығын жинақтау қажет. Біз халықаралық пікір мен қоғамдық сана–сезімге сенімді жоғалтпауға тиіспіз. Біздің ядролық сынақтарға тиым салу және ядролық құруды құрту жолындағы күресіміз күшейе түсетін болсын.