«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет1/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62



«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша
Дәрістер жинағы


Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе
Дәріс мақсаты: Агроэкология туралы түсінік бере отырып, экологияның бөлімдерін, оның зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы түсінік беру.
Жоспар:

  1. Агроэкологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Агроэкологияның мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы.

  2. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы. Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі ролі. Экологиялық мәселелер, олардың осы заманғы экономикалық және саяси үрдістердегі алатын орны мен ролі.


Негізгі терминдер:
1.Экология – ағзалардың арасында болатын (дарақтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
2. Экологиялық факторлар-тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтері.
3.Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі этностардың дәстүрлі медициналық мәдениеті – этноэкология проблемаларының бірі, дәлірек айтсақ әр этнос топтарының денсаулығы мен табиғи өсіп-өнуін сақтау мәдениеті.
4. Адам экологиясы, антропоэкологиясы — ауыл,қала,село тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықтың қарым-қатынастарын үйлестіру,көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру және тәрбиелеу.
5.Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет