АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет31/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Абсолюттылғалдылық (е) деп 1 м3 ауада болатын грамм есебiндегi су буының мөлшерi немесе осы температурада мб, мм есебiмен ауада болатын су буының (е) нығыздығын айтады. Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

е= Е1-АР (t-t1), мм, мб;
мұнда: Е1 – суланған термометрдегi (t1), су буының ең жоғарғы тығыздығы, мб (1-қосымша);
А – тұрақты шама = 0,0008;
Р – атмосфералық қысым, мб;
t – құрғақ термометрдiң температурасы;
t1 – ылғалданған термометрдiң температурасы.
Абсолюттiк ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы төмендеп, қысым азаяды, қарсы сәулелену көбейiп, тиiмдi сәулелену азаяды, температураның тәулiктiк ауытқуы мен радиациялық үсiк жүру мүмкiндiгi азаяды.

Салыстырмалы ылғалдылық деп (r) % сипатталатын осы температурадағы абсолюттi ылғалдылықтың (е) жоғары нығыздыққа қатынасы аталады. Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

r =  ,%
Топырақ пен өсiмдiктерден судың булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты болады. Жаз кезiнде r ≤ 30% болғанда құрғақшылық басталады.
Құрғақшылық кезiнде жел мен жоғары температура аңызаққа әкелiп соғады r ≤ 30%, t=25-300, желдiң жылдамдығы V ≥ 5 м/сек.
Өсiмдiктiң белсендi вегетациясының кезеңiнде r=60-70% өсiмдiктiң өсуiне оңтайлы жағдай туғызады. Егер ылғалдылық қалыпты деңгейден төмен болса, онда өсiмдiктiң өсуi тежеледi, өсiмдiк солып қалады. Ылғалдылық артқан жағдайда өсiмдiк жатып қалады, олардың көпшiлiгi ауруға шалдығады.
Салыстырмалы ылғалдылық (r) ауа температурасының ауытқуына байланысты. Егер, атмосферада су буының мөлшерi өзермесе, бiрақ температура көтерiле берсе, салыстырмалы ылғалдылық төмендейдi.
Температура төмендеген сайын, ауа су буына қанығуға жақын, ауа ылғалдылығы атра бастайды.
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәулiктiк және жылдық жүрiсi температураның жүргiсiне қарама қарсы.
Ауылшаруашылығына агрометеорологиялық сипаттама жасағанда салыстырмалы ылғалдылықпен ауа ылғалдылығын жетiспеушiлiк көрсеткiштерiн көп пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет