ТЕҢІЗДІҢ ЕҢ ТЕРЕҢ ЖЕРІНДЕ ӨМІР СҮРЕТІН БАЛЫҚ
(ақпараттық мәтін)
Тіршілік иелерінің көбі мұхиттың бетінде өмір сүретіні белгілі. Өйткені мұхиттың жоғарғы жағында қысым аз әрі оттегі мол. Мұхит тереңдеген сайын қысым көбейіп, оттегі азаяды. Содан тіршілік иелерінің өмір сүруіне де жағдай қалмайды.
Мұхиттың 6000 метр тереңдігінде небары 15 балық қана өмір сүреді. Ғылымға белгілісі осы. Ал 8000 метр тереңдікте тіршілік иесін кездестіру – ең қиын іс әрі ғылым үшін сенсация.
Бірақ жапон ғалымдары өткен жылы Мариан шұңғымасы маңындағы жоталарды автоматты батискафпен зерттеген кезде, өте тереңде тіршілік ететін ғылымға белгісіз балықтардың тобын тапқан. Балықтарды ұстау үшін ғалымдар макрельмен (теңіз балығы) жем-тұзақ құрып, оған аппаратты бекітіп шұңғымаға түсірген көрінеді.
Қолға түскен балықтардың липар тұқымына жататын балықтар екені белгілі болды. Бұрын бұлар 8143 метр тереңдіктен табылған. Енді 8178 метр тереңдіктен табылып отыр.
Фин шығанағында пинагор тұқымдасы –еуропалық липар балығы кездеседі. Ол үнемі салқын әрі қараңғы, қысым өте жоғары тереңдікте өмір сүреді.
Липардың денесі екі жанынан бүйірі жабысқан, терісі тегіс әрі ерекше қалың шырышпен қапталған. Олардың ұзындығы 16,5 см аспайды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/63020/13-мәтін.
1-сурет
Мұхиттың 6000 метр тереңдігінде небары 15 балық қана өмір сүреді екен. Теңіз түбінде өмір сүретін балық санының өте аз болу себебін түсіндіріп көріңіз
____________________________________________________________
Мәтіндегі «8000 метр тереңдікте тіршілік иесін кездестіру – ең қиын іс әрі ғылым үшін сенсация» деуінің себебін түсіндіріп көріңіз.
_____________________________________________________________
Липар балығын ғалымдар қалай ұстады?
А. сүңгуірлердің көмегімен ұстаған
В. теңізасты кемесімен бейнебақылау жасаған
С. ау салып, бірнеше күн бақылаған
Д. жем-тұзақ құрып, оған аппаратты бекітіп шұңғымаға түсірген
1-суретте липар балығының суреті берілген. Мәтіннен суретте көрсетілмеген липар балығы туралы қандай ақпарат оқуға болады?
_____________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |