Ахмадия Мәдинә Топ: м-21-1



бет3/4
Дата28.04.2023
өлшемі31,11 Kb.
#87847
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие Ахмадия М.

II . «СҮЙІСПЕНШІЛІК»
Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу 
Сұрақтар:
1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
4.Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
–6.Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.
-Бұл әрекеттің барлығы да жүрегімізден сүйіспеншілікпен шығуы керек.
- Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру дейміз. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан сіздердің бойыңызда жастайыңыздан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуге біз көмектесеміз.
«Бес құндылық» әні
III.«ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ»
-Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?
Осы қағидаға топпен ереже құрастыру.
IV.«ДҰРЫС ӘРЕКЕТ»
-Дұрыс әрекет дегеніміз не?
1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің? 
2. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін
өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?
3.Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы
сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың аяғын ауыртып алып жылап отыр.Не істер едің?
4. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың
шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет