Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет178/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   179
Септеуліктер

Септеуліктер деп объекті мен объектінің не преди- к,аттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп түратын көмекші сөздерді айтамыз.

Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантив- тенген өзге де атаушы сездерге себептік, бағыттык, мак- саттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, үк- сату сиякты әр қилы грамматикалық мағыналарды жа- магі тыңғылықтандырып отырады.

Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазьіп жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б. Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлем- дердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді. Өйткені ал- ғашкы сөйлемде шахтаның жайын жергілікті аудандық, қалалық, облыстық т. б. мекемелердің бәріне жазып, сонан соң Алматыға жазғаны байқалса, дейін септеулі- гін түсіріп айтқанда, шахтаньщ жайын тікелей Алматыға ғана жазғаны аңғарылар еді. Сол сияқты, үйіне ңа- рай дегенде Шұғаның тек үй жаққа бет алғанын аңға- ратын болсақ, қарай септеулігін түсіріп, үйіне кетті де- генде, Шұға ешқандай бұрылмай тура үйіне кетті деген мағына түсінілер еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет