Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет41/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

Айбалта, аңсақал, асқазан, тасбаңа, баспасез, кезңуй- рық тәрізді сөздер де, ат шабар, шаң басар, ңазан бүзар, сары май, ңара май, көр тышқан, жалаң бас, жас ұлан сияқты күрделі сөздердің компоненттері де бастапқыда анықтаушы және анықталушы, толықтаушы және то- лықталушы мүшелер болған. Бірақ осы күрделі сөз- дердің бәрі де, компоненттерінің әуелгі синтаксистік Қатынастары бұзылып, өзара бірін бірі анықтайтығі я толықтайтын қабілеттерінен айрылып лексикалануы ар- қасында орныққан.

Ала аяқ, бос белбеу, бас сауға, жүрек жұщан, жүрек эісалғау, ауыз жаласу, жаны ашу, жұлдызы қарсы, тон- нЫҢ ішкі бауындай, қас пен көздің арасында сияқты күр- Делі сөздер және асңар тау, ну ңарағай, темір жол, қып- Ша бел, сүмбіл шаш, дені сау, есі дұрыс, дымы цұру, та- бан тіреу тәрізді күрделі сөздер тіл білімінде тұрақты С0з тіркестері немесе фразеологиялық тұлғалар (едини- ^а) деп аталатын күрделі сөздердің қатарына жатады. Ьүл құрамдардағы компоненттердің орындары бұлжы-




майтындай аса берік, грамматикалық жағынан мүшелен- бейтін бір тұтас болады да, лексика-семантикалық жағынан бір ғана мағынаны білдіретін бір бүтін түлға (единица) ретінде жүмсалады. Бірақ мұндай тіркес ком- поненттерінің өз мағыналарын сақтау я сақтамауыиа қа-. рай іштей ерекшеленеді. Мысалы, бірінші топтағы ала аяқ, ауыз жаласу...
сияқты күрделі сөздердің мағыналары күрамдарындағы компоненттерінің мағыналарынан кұ- ралмаған, демек, мүндай тіркестің я күрделі сөздің мағы- насы компоненттерінің мағыналарынан тумайды; ол ма- ғына мен компоненттердің мағыналары арасында ешқан- дай да байланыс болмайды; күрделі сөздің мағынасы басқа бір бейнелеу (образ, метафора) ұғымын білдіреі Мысалы, қас пен көздің арасында деген түрақты тіркес лезде (аса тез) деген мағынаны білдірсе, түйе үстінең сираң үйтіп деген түрақты тіркес илікпей (икемсізденіп) деген ұғымды білдіреді. Осындай тұракты тіркестер, әдетте, идиомалық тіркес я фразеологиялық тұтастық деп аталады.

Екінші топтағы асқар тау, темір жол, есі дүрыс, табан тіреу тәрізді тұракты тіркестердің компоненттері өздері- не тэн бастапқы дербес мағыналарын жоғалтпай сақтап отырады. Өйткені бұл сиякты тіркестің мағынасы күра- мына енетін компоненттерінің мағыналарынан қүралады, демек, сол компоненттердің мағыналарынын косындысы сияқты. Сондықтан бұл соңғы тіркестердің компонентте- рін жеке-жеке ажыратып талдағанда да, олар (тіркестер) түрактылық сипатын жоғалтпайды. Тұрақты сөз тіркесте- рінін бүл тобы фразалық тіркес я фразалық бірлестік деп аталады.

Сөйтіп, идиомалық тіркестің (фразеологиялық тұтас- тық) компоненттерінде ешқандай да мағыналық дербес- тік болмаса, фразалық тіркестің (фразеологиялық бірлес- тіктің) компоненттерінде өзінше әр алуан мағыналық дербестік болады. Бұл ерекшелік түрақты сөз тіркестері- нің осы айтылған екі тобынын компоненттерінін арала- рындағы қатынастарының әрі нәтижесі, әрі олардың ара- ларындағы ара қатынастың нақтылы белгісі я көрсеткіші болып саналады. Осындай ара катынастың нәтижесінде идиомалык тіркестің компоненттері мағыналык дербес- тіктерін түгелімен (біржолата) жоғалтса, фразалык тір- кесте ол дербестік я бүтіндей, я жарым-жартылап сакта-, лады. Ендеше, бүл екі топтын аралык шегі олардын ком-!

100

поненттерінін мағыналык дербестіктерін жоғалту я жо- ғалтпау (сактамау я сактау) дәрежесіне карай (яғни компоненттердін ара қатынастарына карай) анықтала- ды; егерде тұрақты сөз тіркесінің күрамындағы компо- ненттер мағыналык дербестіктерін жоғалтқан болса, ол тіркес идиомалық тіркеске (фразеологиялык түтастыкка) жатады; егерде — компоненттері мағыналық дербестік- терін я бүтіндей, я жарым-жартылай сақтаған болса, ол хіркес фразалық тіркеске (фразеологиялык бірлестікке) жатады; түрақты сөз тіркесінің күрамындағы компонент- тер мағыналық дербестіктерін неғүрлым молырақ жо- ғалтса, соғұрлым ол тіркес идиомалануға бейімделе бе- реді де, компоненттері мағыналык дербестіктерін неғүр- лым молырақ сақтаса, ол тіркес соғұрлым идиомалану- дан алыстай түседі.

Белгілі бір сөз табына тэн бір тектес сөздерден сабақ- таса күралған күрделі есімдер (күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т. б.), күрделі етістіктер компоненттерінің ара қатынастары өзгеше болғандыктан, өз алдына бір топ болып бөлінуге тиіс. Мысалы: ақ шүбар, ңара шүбар, көк шубар, қызыл іиү- бар, қоңыр шүбар, сүр шүбар
деген тэрізді үлгі бойынша жасалған тіркестердіи әрқайсысы екі-екі сөзден күрал- ған сын есімдер. Бірак бұлардын арасындағы қатынас синтаксистік катынас бола алмайды, өйткені олардын кұ- рамындағы компоненттері бір күрделі семантикалық үғымды білдіреді. Осы себептен, құрамына карай, күрде- лі сын есімнің семантикалык мағынасы да күрделі бола- ды. Әдетте, осындай сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады.

Ал бере бер, түра түр, бере түр, түра бер деген тіркес- тердің компоненттері өзара бірін бірі аныктап я пысык- тап тұрған жоқ. Олардың компоненттері де бір-бірімен семантикалык жағынан түтасып, күрделі бір сөздін бөл- шегі есебінде колданылады. Сондықтан мүндай тіркестер күрделі етістіктер я аналитикалык етістіктер деп ата- лады.

Төменде күрделі сөздердің тек біріккен сөздер мен кос сөздері ғана арнайы кыскаша талданады; күрделі сөз- дердің өзге түрлері, әдетте, фразеологияның объектісі болғандықтан, олар жайында жоғарыдағыдай жалпы топціылама түрдегі шолумен аяқталады. Ал, күрделі сын есім, курделі сан есім, күрделі есімдік, күрделі етістік, кҮРДелі үстеу, күрделі еліктеу сөз, күрделі шылау, күр-

101




делі одағай мәселелері жеке-жеке сөз табына тән кат& гориялар болғандықтан, олар тиісті сөз таптарымен бай ланысты тұста қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет