Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 66. САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ӨЗГЕШЕЛІГІ



бет91/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

§ 66. САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ӨЗГЕШЕЛІГІ

Сан есімдердін сөйлем ішінде аткаратын негізгі қыз- меті — анықтауыш болу. Өйткені сан есімдер сан мөл- шерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш бо- лады да, анықтайтын сөзінің алдында (бүрын) қолда- нылады; яғни сөйлемдегі сан есімдермен байланысатын сөздер — қабыса байланысса да, жанаса байланысса да орын жағынан ылғи сан есімдерден кейін қалып отыра- ды. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды. Өйт- кені жинақтау сандары тіліміздің қазіргі нормасында сөйлемде үнемі субстантивтік рольде қолданылатын бо- лып ауысқан да, аныктауыштық (атрибутивтік) қызмет- тен мүлде алшақтап кеткен.

Әдетте, сан есімдер тек зат есімдерді ғана анықтай- тын не заттың ғана сан мөлшерін білдіретін сөздер есе- бінде қаралады. Шынында, сан есімдер тек зат есімді емес, сонымен қатар, зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің де, етістік сөздердің де сан мөлвзерін білдіре алады. Сан есімдердің осылайша зат есімдерден, өзге сөз таптарынан, демек, туынды сын есімнен, етістіктен бүрын түрып, олар аркылы аталатын үғымдардың сан мөлшерін білдіре қолданылуы олардың пысықтау функ- циясында да жүмсала алатындығын аңғартады.

196

Сан есімдер туынды сын есімдердіи сан мөлшерін білдіре қолданылғанда, сөйлемдегі белгілі бір анықтай- гын атркбутивтік сөздің анықтаушысы, яғнн анықтау- шының анықтауышы ретінде де қолданылады. Мысалы: Щолпан ол кезде төрт балалы әйел еді
дегендегі төрт сөйлемдегі ой төрт әйел туралы емес, төрт балалы әйел (Шолпан) туралы айтылып отыр.

Сан есімдер контекске байланысты субстантивтеніп қолданылғанда, сөйлемнің барлық мүшесінің де қызме- тін атқара алады.

Сан есімдер сөйлемдегі сөздердін барлығымен бірдей қарым-қатынасқа түсе бермейді. Демек, тікелей кез кел- ген сөздермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері — зат есімдер, зат есім- нен жасалған туынды сын есімдер және етістіктер ғана. Өзге сөз таптарынан басқа да сөздерді талғамайтын ға- на, ақ демеуліктерін атауға болады. Ал сан есімдердің өзара бір-бірімен тіркесуі күрделі сан есімдерде кезде- седі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет