Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет133/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

ған екен; айтып ал-ған еді; айт-ып ал-а ал-ма-ған екец т. б.) Сондай-ақ, бірінші модель көрсеткіштері бірінің үстіне бірі тіркесе берсе (айт-ып жібер-е қой), үшінші модель морфемалары бірінен кейін бірі жалғанбайды, тек бір-ақ рет және өзге модель форманттарынан соң жалғанады (айт-ып жібер-е қой-ған еді; айт-ып жібер-е жазда-ған екен). Ал, бұл ерекшеліктер үшінші нүсқаға тән форманттарды баяндауыш болуға икемдеп түрады, оларға баяндауыш болу «кәсібін» теліп, сөйлемді аяқ- тауға жетектеп отырады.


Сөйтіп, үшінші нүсқа форманттары, әдетте, етістік негізіне сәт-мезетке қатысты немесе шактық реңктерді білдіруге бейімдейтіндей мән жамайды («Толымсыз кө- мекші етістіктер», «Рай категориясы», «Шақ категория- сы» деген тақырыптарды қараңыз).
Амалдың өту процесі әрқашан белгілі бір мезет-мер- зімге (тұска) және сатылы қалыпқа байланысты бола- ды. Демек, амал белгілі тұсга басталады, белгілі бір мезетте жүріп жатады, белгілі бір кезде аякталады. Амалдың өту сипатының осы процесі қимылдың өту фазасы деп те аталады. Қимылдың ету процесін осы 'тұрғыдан қарағанда, оны кимылдың басталуы, жүріп жатуы және аяқталуы деген үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Мысалы, айта бастады, шаба жөнелді
десек, іс-әре- кет, қимылдың, амалдың өту процесінін жаңадан бас- талғаны ацғарылады. Егер айтып жатыр, өсіп келеді десек. кимылдың, амалдың жасалу үстінде екенін, бас- талған амалдың аякталмай, жасалып жатканы бай- қалады. Ал, айтып болды, жазып бітті десек, қпмылдыц өту процесінің аяқталғаны білінеді.
Амал-қимылдың өту процесінін басталу кезеңін (фа- засын) білдіруге баста, жөнел, бер сияқты толымды көмекші етістіктердің кесемшенің -an, -п жұрнақтары- мен бірлсстікте айтылған -а баста (аііта бастады), -а жөнел (шаба женелді), -п сала бер (кулімдеп сала бер- ді), -п қоя бер (жылап қоя берді) сияқты аналнтикалык форманттар қатысады.
Амал-кимылдың өту процесінің жасалу үстінде еке- нін, жасалып жатқан кезеңін (фазасын) білдіруде бар, кел, түр, отыр, жатыр сияқты амалдың күй-жайын білдіретін етістіктердің көсемшенің -а, -п жүрнактары- мен бірлестікте айтылған -а жат (бара жатыр), -п бар (кетіп барады), -п кел (өсіп келеді), -п келе жат (кі-

298

pin келе жатыр) сияқты аналитикалық форманттар ка- гьісады.
Амал-қимылдың өту процесінің аяқталу кезенін (фа- засын) жасауға біт, бол, кеш, қал, шық сияқты толым- ды көмекші етістіктердің көсемшенің -п жұрнағымен бірлікте айтылған -п біт (жазып бітті), -п бол (айтып болды), -п кет (пісіп кетті), -п қал (күіііп қалды), -п іиық (санап шықты) сияқты аналитикалык. форманттар катысады.
Жалпы алғанда, амалдың өту сипаты категориясы — етістіктің грамматикалық категорияларынын кайсысы- на болса да тікелей катысты, бәрімен де байланысты категория. Сол себепті оныц жасалу тәсіліне, онын ана- ліітикалык форманттарыныи күрамына етістіктің грам- матикалық категорияларынын көрсеткіштері түгелдей катысады деуге болады. Мысалы, амалдың өту процесі- нің мезет-мерзімі, сатылы қалпын білдіру максатында айтылатын аналитпкалық форманттар, атап айтканда: -ып отыр (оқып отыр), -п бара жатыр (құлап бара жа- тыр) форманттары тікелей көсемше мен шақ категория- сьша байланысты (осы шақ) айтылса, -а көр (айта көр), -а қал (бола қал) форманттары бұйрық рай кате- гориясымен тікелей байланысты айтылып түр. Егер -ған >болса (антқан болса), -р болса (айтар болса) десек, бі- ріншіден, есімше категориясымен байланысты антылса, екіншіден, шартты рай категориясымен тікелей катыс- ты. Міне, осылайша амалдың өту сипаты категориясы- ның қай формантын алып қарасаңыз да, етістіктің белгілі бір немесе бірнеше категориясына қатысты айты- лады да, әр түрлі грамматикалық категориялар көр- сеткіштері аркылы жасалады. Осы күрделі сан-салалы, көп тармакты ерекшеліктер амалдың өту сипаты кате- гориясыныц негізгі белгілерінің бірі болып таиылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет