Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 25. СӨЗДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ



бет33/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 25. СӨЗДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Тіліміздегі сөздер морфологиялык құрамы жағынан біркелкі емес, әр түрлі. Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де (ат, ас, із, жап, ез, тер), жүрнақ аркылы жа- салған туынды сөздер де (атаң, астың, ізде, жаппа, езгі, тершең) бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден бірік- кен сөздер де (бүгін, белбеу, алабота, зкел, сексен), екі түбірден қосарланып жасалған сөздер де (шиібын-шір- кей, бала-шаға, көзбе-көз, кімде-кім, қалғсін-қүтқан), бір- неше тубірдің тіркесуі аркылы жасалған құрама сөздер де, (темір жол, темір қазық, кемпір қосақ, ак, қүба, қара көк, он алты, сексен бір, ала кет, ала кел, ңызмет ет, ең- бек қыл), бірнеше түбірден кыскарып күралған сөздер де (ҚазССР, ҚҚП, облсовет) бар.
Сөздердің және олардың формаларығіың түрпаттары

84

жағынан осындай әр алуан болуы тіліміздегі сөз тудыра- тын негізгі морфологияльік және синтаксистік тәсілдер- дін ерекшеліктерімен байланысты. Біріншіден, осы тәсіл- дердін ерекшеліктерін айқын ашу үшін, екіншіден, әр қилы талдауларға практикалық жеңілдік жасау үшін, сөз- дерді формалык ғіұсқаларына (типтеріне) қарай, жалаң сөздер және күрделі сездер деп іштей екі салаға бөліп, жалан сөздерге түбір сөздер мен туынды сөздерді, күрде- лі сөздерге біріккен сөздерді, қос сөздерді, құрама (күр- делі)) сөздерді және кыскарған сөздерді жатқызғағі ма- кұл. Сонда жалаң сөз деп кұрамында бір ғана негізгі тү- бір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп қүрамында ен кемінде екі (я онан да көп) негізгі түбір бар сөзді айтамыз* Сөздерді осылайша жалан, және күрделі деп бөлу — әрине, шартты нәрсе. Өйткені қазіргі кезде түбір саналып жүрген айт, шүнақ, ояу
сияқты сөздер тарихи жағынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер болған да„ қарлығаш, өйт тәрізді сөздер біріккен сөздер болған. Сол себептен морфемаларға бөлінбейтін түбірді ^ана жалаң сөз деп танып, морфемаларға бөлшектенетін туынды сөзді өз алдына бөліп жатудың лайығы жоқ. Сөй- тіп, осы тұрғыдан алғанда, жалаң сөздер морфологиялык ■тәсілдін, жемісі ретінде қаралады да, күрделі сөздер син- таксистік тәсілдін, жемісі есебінде қаралады.
Дегенмен, грамматикалық амал бойьшша сөз тудыру- дың аясы тек таза морфологиялық және таза синтаксис- тік тәсілдермен ғана тынбайды, осы екі тәсілдің ұштасып комбинациялануы (селбесуі) арқылы да сөз жасалады. Мысалы, қазіргі тіліміздегі ендігәрі, екіншәрі деген үс- теулер ендігіден. әрі, екіншіден әрі деген тіркестердің (шығыс септіктегі есімдер мен шылаудың) бірігіп ық- шамдалуынан туған да, зорға, босқа, бірге деген үстеулер тиісті есім сездердің (зат есімнің, сын есімнің, сан есім- нід) барыс септіктегі формаларының ез төркіндерінен бө- лшіп шығып, басқа категорияға біржолата көшуінің ар- қасында пайда болған. Сондай-ақ, кенеттен, тосыннан, ежелден, бірден деген үстеулер де тиісті есімдердің шы- ғыс септіктегі формаларының ©з орталарынан оқшаула- нып шығып, дербес сөз болып қалыптаскан. Сол сияқты, басқа, өзге деген сын есімдер әуелгі бас деген зат есім- ніҢ, өз деген есімдіктің барыс септіктегі формаларының ^астапкы төркіндерінен кол үзіп, адъективтенуінен (сын есімге кешуінен) туған. Ал барлық, барша, бәрі, бүкіл,
бүтін. есімдіктері әуелгІ бар дегеи әр тарап сөздің, біт де-
>- .

85



ген етістіктің тиісті формаларының прономиналдануынан (есімдікке көшуінен) шыккан т. б.
Бұл мысалдарға қарағанда, белгілі бір сөз табына ти- істі (тән) бір алуан сөздер я олардың кейбір формалары өз орталарынан ада-күде қол үзіп шығыл, басқа бір сөз табына ауысып, өз алдына дербес сөз болып қалыптаса- ды; бірақ бұндай сөздер я түбірге жұрнак. косу аркылы, я сездерді не біріктііру, не қосарлау, не тіркестіріп кұрау, не қыскарту арқылы тумайды; яғни олар морфологиялық тәсіл бойынша да, сннтаксистік тәсіл бойынша да жасал- маған; дв^ек, кей
бі^-^здердін-я^рлардың кейбір форма- ларының W тооынан бөлініп шығып, өзге бір граммати- калық топқа біржолата көшіп, өз алдына дербес сөз ре- тінде қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Сөздердің осылайша бір категориядан екінші категорияға көшу һ.ү- былыстарының ішінен казақ тілінде көбірек ұшырайтын- дары — субстантивтену (заттану я зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), прономиналдану (есімдікке айналу), адвербиалдану (үстеуге айналу) жә- не вербалдану (етістікке айналу) деп аталатын процес- тер.
Сейтіп, грамматикалык жолмен сөз тудырудын үш түрлі тәсілі бар, оның біріншісі — морфологиялык тәсіл, екіншісі — синтаксистік тәсіл, үшінші- сі — морфологнялық-синтаксистік (я син- таксистік-морфологиялык) тәсіл.үБұлардың алғашқы екі түрі төменде арнайы талданадьц
Тіліміздегі сездер құрамына қарай, ең әуелі, жалаң сездер және күрделі сөздер болып екі топқа бөлінеді. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды с ө з болып белінсе, күрделі сөздер ішінара б і р і к к е н свз, кіріккен с ө з, қос с ө з, қысқарған с ө з болып топ-топқа белінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет