Е с к е р т у: Қазіргі еміс-еміс (білемін, естимін)де- ген кос сөз әуелгі ер+міс (ер+міш) формасының қай- талануынан туған сөз тәрізді. Сонымен, екен, емес еді көмекші етістіктері бірінші ден, өздері тіркесетін сезге шак, жақ ұғымдарына қа- тысты қосымша реңк жамайтын форма ретінде және сол форманың көрсеткіші есебінде жүмсалады, екіншіден, аналитикалык форманттардьщ тұрақты компоненттері- нің бірі ретінде қызмет етеді. Толымсыз көмекші етістіктер катарына жазда етіс- тігін де жатқызуға болады. Жазда етістігінің мағына- сы да, формасы да, қызметі де толымды етістіктерден
250 гөрі толымсыз етістіктерге жақын. Оныц өзіне тән мы- надан сыр-сипаттары бар. Жазда етістігі тіліміздің ертеректегі дәуірлерінде лек- сикалык мағынасы толық, жеке-дара қолданылатын сөз болған. Оған жаздьш-жаңылдым; жазығым не? не жаз- дым? деген сияқты формалар айғақ. Бірак қазіргі тіліміз- де бұл сөз тек жазда (бастапқы төркіні — йаз, жаз) тү- рінде ғана үшырасады да, жеке-дара жүмсалмайтын на- ғыз көмекші етістік болып калыптасқан. Жазда етістігі қазіргі кезде лексикалық мағынасыто- лык емес, шалағай сез. Жазда етістігі мағына жағынан толымсыз е(еді, скен) көмекші етістігіне ұқсас, бірақ түр- ленуі, функциясы жақтарынан оған үқсамайды. Өйткені бүл көмекші өзге етістіктерге жалғанатын парадигмалык формалардың бәрін де кабылдай береді және көсемшенің -й (-а, -е) формасымен тіркесіп, аналитикалық формант (-й жазда) қүрайды. Бүл сипаттары жағынан жазда то- лымды көмекші етістіктерге үқсас және қызметі женінен де олардың бірде-біреуінен кем түспекді. Жазда көмекшісі жетекші етістікке көсемшенің тек -й (-а, -е) формасы аркылы ғана (й жазда) тіркеседі де, оған басталған амал бірсыпыра істелгенімен, бір себеп- п€и тынбай калғанын білдірерліктей реңк үстейді, демек, амал я әрекет басталсымен-ақ немеее үзіліп калғанын, немесе белгілі шекке жетпей, аяқталмай қалғанын бағдарлатады. Мысалы: жығыла жаздадым, ұмыта жаз- дадым дегендерден жығылу, ұмыту процестері басталға- иымен аяқталып тынбағаны, жеріне жетпей калғаны ац- ғарыладк. Сондай-ақ, жығылып қала жаздадым; оууды тсістсіп кете жаздадым; ұмытып кете жаздап қалған екенмін... дегендерден тек -а жазда (йжазда; -е жазда) формантына тән семантикалық реңкті ажырату жағы- нан ғана болмаса, тіркесу жүйесі, жүмсалу реті және қызметі жақтарынан өзге аналитикалық форманттардан ерекшеленетіндей айырмашылық табылмайды. § 84. АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР Етістіктің аналитикалық форманты деп жетекші етіс- тікке қосылып айтылатын косымшалар мен көмекші стістіктен қүралған, етістіктің белгілі бір грамматика- лық категориясына қатысты мағьшаны білдіретін мор- фологиялық көрсеткіштерді айтамыз. Аналитикалық форманттар, негізікде, жетекші сөзге қосылған бір қо-
251
сымша мен бір көмекші етістіктен кұралады. Аналпти- калық форманттар тілімізде өте жиі қолданылады. Сон- дықтан олар сан жағынан өте көп. Бірақ, соған қара- май, олардын. компоненттерініц орны мейлінше берік, қүрамы тұрақты болады. Аналитикалық форманттар- дың компоненттерінін, түрактылығына байланысты, әр- бір аналитикалық формант белгілі бір қүрамда, белгілі бір мағынаны білдіретін формант түрінде калыгітасады. Мысалы, бара алмады десек, -а алма форманты субъек- тінің бару мүмкіндігі болмағанын білдіреді, ал көре сал десек, -с сал форманты қимыл, іс-әрекеттіц немкүрай- ды жасалуын білдіреді. Әрбір аналитикалық форманттың өзді-өзіне тән ма- ғынасы бар, демек, әр форманттың семантикасы бір-бі- рінен өзгеше болады. Ол мағыналардың өзгеше болуы формант компоненттерінін, бір-бірінен ажырайтын ерек- шеліктеріне байланысты. Мысалы: көріп қой, көре қой деген екі аналитикалы етістік лексикалық мағынасы бір, бірақ грамматикалык. семантикасы бірдей емес. Бү- лардың грамматикалык семаитикасының бірдей болма- уына тек форманттарындағы айырмашылық қана себеп болып түр. Өйткені бүлардың біреуінің аналитикалық форманты (қосымшасы) in қой, екіншісі е қой, де- мек, форманттардың екіпші компоненттері бірдей (қой) болғанымен, бірінші компоненттері бірдей емес, екі басқа (-іп және -е), осыған орай екі аналитикалық қо- сымшанын, семантикасы, сәл де болса, бір-бірінен бөлек- тенеді. Сокдай-ақ, ала крй, ала сал, ала көр, ала бер, ала түс, ала жүр... деген аналитикалы етістіктердің де бәрінің лексикалық мағыналары біреу-ақ (бер деген етістіктің лексикалық мағынасына қарама-қарсы ұғым- ды білдіретін ал етістігінің негізгі мағынасы), деген- мен, олардың әрқайсысының семантикалық реңктері басқа-басқа. Мүнда олардың басқа-басқа болуларына аналитикалық компоненттерінің екінші компоненттері — көмекші етістіктердің баска-басқа (қой, сал, көр, бер; түс, жүр) болулары себеп болып түр. Ал керісінше, алып ал, біліп ал, жазып ал, көріп ал, салып ал, оқып ал... дегендерді алсақ, бүл аналитикалық етістіктердің лек- сикалық мағыналары басқа-басқа. бірақ бәрініц де се- мантикалық реңктері бірдей. Аналитикалық форманттар аналитикалык формалардын. мағыналары және функ- цияларымен тікелей байланысты, өйткені аналитикалык формалардың (аналитикалы етістіктіц) жүйесі анали-
252
т1Ікалык форманттардың мағыналары мен функцияла- рьінаи қүралады. Олай болса, ол жүйені білу үшін бүл категорняның негізгі арқауын — аналитикалық фор- щанттардың қүрылысы мен семантикасын айқындау қа- жет. Төменде сол аналитикалык форманттардың басты- басты түрлерінің семантикасы сараланып, оларға қыс- каша сипаттама беріледі. А.налитикалық форманттардын жасалуының мына сиякты жолдары бар. Ең алдымен, олар жетекші етіс- тікке қосылып айтылған косымша мен кемекші етістік- тердіц бірлестігі түрінде жасалады. Мысалы, барып ал, көріп ал дегендегі -п ал форманты. Бүл жерде ал етістігі, жетекші етістік пен көсемшенін, -п жүрнағы ар- кылы жалғасып түр. Осы жалғасым аркылы ал етістігі субъектінің қимылды өзі үшін жасауын білдіретін көр- сеткішке айналған. Ал етістігі кесемшеніғі, -п жүрнағы- сыз бүл мағынаны бере алмайды. Сондықтан олар бір- ге, бір бірлестікте қаралуы керек. Міне осындай бірлес- тіктер (-п ал) етістіктің аналитикалык форманты деп аталады. Мүндай форманттын, күрделі түрі де болады. Мыса- лы, қулап бара жатыр деген аналитикалык формалы етістік -а жат (бара жатыр) жалаң форманттың алды- на кесемшеніғі, -п жүрнағы қосылған сөзді қосып айту аркылы -п бара жатыр деген күрделі формант түрінде айтылған. Аналитикалық форманттар көсемше, есімше, рай, шақ көрсеткіштері қосылған жетекші етістіктерге ет, еді, екен, емес, жоқ көмекші сөздерді тіркеп айту арқы- лы жасалады. Мысалы: барып еді, көрген екен, болар емес, білген жоқ дегендердегі -п еді, -ген екен, -ар емес, -ген жоқ деген сияқтылар. Мүндай форманттар етістік- тің қандай грамматикалық категориясыньщ косымшасы арқылы жасалса, сол категорияға қатысты болады. Аналитикалық форманттар жасауға көсемшенің -п және -а, -е, -й жүрнақтары актив катысады. Бүл жүр- нақтар арқылы -п ал, -а ал, -е ал, -п бер, -а бер, -е бер сияқты көптеген формалар жасалған. Есімшелер аркылы жасалған аналитикалық фор- манттар есімшенін, -қан, -ар, -атын, -ушы жүрнақтары мен еді, бол көмекші етістіктердің тіркесінен -қан еді, -йр еді, -атын бол сияқты формант турінде жасалады. Қөссмше, есімшелердін жүрнақтарынан басқа ана-
253
литикалық форманттар жасауға шартты райдың, қалау райдың жұрнақтары да катысады. Мысалы: -са еді, -са игі еді, -ғай еді т. б. сияқтылар. Аналитикалық форманттар құрамы жағынан әр түр. лі болады. Олар күрамында қанша көмекші етістіктің болуына байланысты бір көмекшілі, екі-үш көмекшілі болып келе береді. Мысалы, батып барады, күйіп барсі- ды десек, мүндағы аналитикалык. формантта (-ып бар) тек бір ғана бар толымды көмекші етістігі катысып түр. Ал, осы аналитикалық етістікті батып бара жатыр, ку- йіп бара жатыр деп айтатын болсақ, мүндағы аналити- калық формантта (-ып бара жатыр) бар, жат деген екі толымды көмекші етістік қатысып түр. Міне, осылайша құрамындағы көмекші етістіктердің бір немесе бірнеше болуына байланысты аналитикалык форманттар жалаң және күрделі аналитикалық форманттар болып, екі топ- қа бөлінеді. Мысалы, егер аналитикалық формант -п ал, -п бер, -п қой, -п еді т. б. сияқты бір көмекші етістікті болса, аналитикалық форманттын дара түріне жатады, егер аналитикалық формант -п қоя берді, -п кеп қалды, -п кеп жібер сияқты болса, аналитикалық форманттың күрделі түріне жатады. Аналитикалық форманттар сөйлемде қолданылу мақ- саттарына карай әр түрлі мән-мағыналар мен косалқы түрде үғынылатын әркилы реңктерге ие болады. Мысал үшін мына төменде келтірілген көсемшенің -п және -й жұрнақтары арқылы жасалған жалаң аналитикалық форманттардын салыстыра берілген материалдарын қа- раңыз: -п ал форманты же-
текші етістікке жалған-
ғанда, субъект өзге істі
коя тұрып я басқа іске
көшпей тұрып (осы),әре-
кетті әуелі өзі үшііг, өз
мүддесі үшін жүзеге асы-
рып алуды қалайтындай
мән (реңк) жамайды.
Мысалы: көріп алды: жу-
лып алды; сыпырып ал-
ды; ұйықтап алды; сөй-
лесіп алды; жазып алды;
көшіріп алды т. б.