Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет144/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Өткен шақ
Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бүрын болған я істе- ліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын
айтамыз. Сөйлеу кезінен бүрыи болған я істеліп тынған амалдың кезін білдіретін етістік формаларына қазақ ті- лі аса бай. Бірақ ол формалардың түрлері де, мағына- лары да бірдей емес, біркелкі де емес, әр алуан. Мы- салы, мағына реңкі жағынан олардың біреулері сөйлеп отырған кезден әжептәуір бұрын я сонын дәл алдында ғана болған амалды білдірсе, біреулері едәуір бүрынғы, біреулері одан әріректегі, біреулері одан да арғы кез- дердегі, енді біреулері тіпті арғы замандардағы, атам замандардағы, ежелгі ескі я көне замандардағы істі білдіреді. Ол ғана емес, кейбір формалар еткен кезде істелмекші болғанымен, түрлі жағдайлардың себентері мен салдарларынан сол кезде жүзеге аспай калған амал-әрекеттерді де еткен амал ретінде білдіреді. Осы- ларға орай, қазақ тіліндегі өткен шдқтың көрсеткіштері де өте көп және ол көрсеткіштердін түрлері жалаң (снн- тетикалық) да, күрделі (аналитикалық) де болып ке- леді. Мысалы: біз бар-ды-қ; біз бар-ған-быз; біз бар-ып- пыз; біз бар-атын-быз; біз бар-уиіы еді-к; біз бар-ар еді-к; біз бар-мақ едік; біз бар-мақшы едік; біз барсақ еді-к; біз бар-сақ игі еді-к; біз бар-ған екен-біз; біз бар- -ар ма екен-біз; бар-маң (шы) екен-біз; біз бар-ады екен-біз; біз бар-сақ керек еді
; біз бар-а жатыр еді-к т. б.
Осы формалардың бәрі де грамматикалык көрсеткіШ' теріне карағанда, еткен шаққа жатқызылуға тиіс. Өйт- кені олардың бәрінің қүрамында да өткен шактый көрсеткіші -ды (-ді) және -ған, -ген элементтері катыса- ды; осы элементтер аналитикалық етістіктердің еді (е+ ді), екен (е + кен) деген тұрақты көмекші компоненТ' терінде де кездеседі.

324

Сөйтіп өткен шак категориясын жасайтын керсет- кіштер жалаң да, күрделі де болады. Жалаң көрсеткіш- терге: -ды (ді...), -ған (-ген...), -атын (-етін), -ып (-іп...) жүрнақтары жатады да, күрделі көрсеткіштерге; -ға- на еді; -атын еді; -ар еді; -маң еді; -ып еді; -ушы еді; -ған екен; -атын екен; -мақ екен; -ар екен; -й + ды екен; -са екен; -йын деген екел... сияқты аналнтнкалық фор- манттар және түр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне, есі.м- дерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.
Осыі формалардыд бәрі де өткек шакка тән жалпы грамматикалық (категориялық) мағыиаларды білдіреді. Бірақ сондай жллпы грамматпкалык мағыналары бола түра, олардың әр түрінә лайык анықтық, таныктыд. кү- діктілік, кажеттілік, міндеттілік, болжалдык және баска да солар сиякты модальдік ренктерді білдіретін ерекше- ліктері бар. Сонымен катар, олардың өткен шақка ка- тысты жалпы грамматпкалык мағыналарының өздері де, жоғарыда айтылғандай, бүрын жасалған амалдын әр қилы шама шаркын және баска сыр-сипаттарын білдіру жағынан бір дәрежеде емес, әр алуан болып келеді. Он- дай әр алуандык, әр келкілік өткен шақ формаларынын.
түрінің өзді-езіне тән түлға-түрпаттарыиа, яғни түл- ғалык. құрылымдарының өзафа бір-бірінеи сараланатын ерекшеліктеріне байланысты. Өйткені, қашан да бол- сын, сөздің қүрылымындағы ерекшелік мағынасына, ке- рісінше, мағынасындағы өзгешелік қүрылымына сай болып отыруы — тілдегі орнықты заң. Мысалы: бар-ды-қ, бар-ған-быз; бар-атын-быз; бар-ып-пыз
деген төрт фор- маның тертеуі де өткен шақты білдіргенімен, төртеуінің сеыантикалық өзгешеліктері төрт түрлі, оған себеп сол езгешеліктерді білдіретін -ды, -ған, -атын, -ып көрсет- кіштері төрт түрлі. Атап айтқанда, бар-ды-қ дегеннен амалдың жуық арада істелгені анғарылса, бар-ған-быз Дегеннен сол амалдың бүрыиырақ кезде болғаны бай- Далады. Бар-ып-пыз деген форма бүрын жасалған, бі- Рақ үмытылған іс-әрекетті кейін еске түсіру, байыптап °йлап карау арқылы немесе сөйлеушінің өзі басьі-қа- сЫнда болмай, көзімен көрмей істелген амал-әрекетті ^ту, сүрау, оқу және басқа сол сияқты айғақтарға сү- £ену арқылы білдіретіндікті аңғартады. Ал, «бар-атын- шз» деген форма, контекстке қарай, бүрын дәйім я дүр- йц-дүркің анық істелген істі немесе әбден үйреншікке

325



айналған дағдылы машық бойьшша бұрын анық жүзеге асқан істі бағдарлатады.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі не- гіз, әрі ұйыткы болатыны рас болғанымен, күрделі фор- манттар, сан жағынан болсын, мағыналық реңктерді білдіру қабілеті жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі. Мысалы, алған еді
және алатын еді деген скі күрделі форманын мағкналық ренктері бірдей емес- тігі сняқты, алған екен жәке алмақ екен дегендердің де мәндері өзара бірдей емес. Демек, шаққа қатысты осындан аналитикалық формалар канша болса, олар- дың мағыналық ренктері де сонша. Аналнтикалык. фор- малардың бәрінде я топ-тобында болатын жалпы кате- гориялық мағыиа да, жеке түрлерінде болатын семан- тикалық айырмашылықтар да етістік негізіне тіркесетін аналнтикалық формантқа байланысты, оларға етістік негізі калыс тұрады. Мысалы, кел-етін еді; кел-?ен еді; кел-іп еді; кел-ер еді; кел-мек еді; кел-се еді; кел-уші еді деген формаларды және көр-етін екен; көр-ген екен; көр-мек екен; көр-се екен; көр-ер екен; көр-е+ді екен деген формаларды алсақ, кел, көр негіздері өткен шак- і ың жалпы категориялык мағыналарынан да, бір-бірі- мен ажырайтын семантикалық ерекшеліктерінен де қалыс тұр, оларға қатысы жоқ. Ал осы сөздердін алғашқыла^ рына дәнекер -еді компоненті, екінші топтағы сөздерге -екен компоненті өткен шақ формаға түсіріп, олар- ға категориялық мағына беріп тұр. Сөйтіп, аналитика- лық форманттардың бәріне ортак бұл (екінші) компо- ненттер (еді, екен) жалпы грамматикалық (категорня лык,) мағынаныц көрсеткіштері болса, аналитикалыі форманттардың бірінші топтағы компоненттері (-етін -ген, -in, -ер, -мек, -се, -уші) және екінші топтағы бірін ші компоненттері (-етін, -ген, -мек, -се, -ер, -е+ді) өткеі шақ формаларын бір-бірінен семантикалык. жағынаі саралап ажырататын керсеткіштер болады. Бірак сей леу тілінде олардың әрқайсысының (-атын, -ген...) екіи ші (еді; екен) компонент бастарын қүрап, бір тұта< аналитикалық тұлға (единица) есебінде (-атын ед< -атын екен...) кызмет етеді. Олардын түлғалык кұрамый семантикалық ерекшеліктерін және жалпы грамматикЭ' лық кызметін көрнекті етіп керсетсе, төмендегідей кес^ шығады:

326

1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет