в) Да (де, та, те) шылауы демеулік ретінде колда- нылғанда, тек бір ғана сөзге қатысты болады да, сол сөзді өзге сөздерден бөліп күшейту мәнін үстейді. Бұл шылаудың тіркесетін сөздері және оларға жамайтын ма- ғыналары төмендегідей: Есім сөздермен, мезгіл үстеулерімен, етістіктің кесем- ше, есімше және рай формаларымен тіркесіп айтылғанда оларды тзптіштеп айқындай түсу, анықтап көрсету, кү-- шейте түсу мағынасын үстейді және ондай есім сөздер же- кеше, көпше түрлер де, тәуелдеулі, септеулі формаларда да, шырай формасында да жүмсала береді. Мысалы: Біз үйден шыңқанда, күн де сәскелікке жақындап еді (Б. Майлин); Ел көзінен оңашада екеуі эзілдесіп те алады, үрысьш та алады (Б. Майлин). Да (де, та, те) демеулігі күрделі етістіктің құрамын- дағы негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінік ара- лығында жұмсалып, олар аркылы айтылатын іс-әрекеттің тіпті тез, дереу болғанын білдіреді. Ондайда негізгі етіс- тік пен көмекші етістіктер әрдайым біркелкі формада қолданылады. Мысалы: Менің ендігі баратын жерім да- йын деп, теңізге секірдім де кеттім (Мың бір түн). Нақтылық демеуліктер. Бұлдемеуліктер жеке сөз- дер мен сөз тіркестерінің мағыналарын, сөйлемде айты- латын ойды нактыландыра, тұжырымдай түсу үшін кол- данылады. Оларға кой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) демеу- ліктері жатады.
а) қой (ғой) демеулігі есімдерге, етістіктін ашық рай формасына, кесемшеге, есімшеге тіркесіп, олардың ма- ғыналарына нактылау, түжырымдау, мақұлдау рендерін жамайды. Мысалы: Елдің келемеж етіп, іиашып жүрген лақабы. ғой. (Қазақ ертегілері); Көптің талқысы ңиын ғой (Б. Майлин).