Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай) деген сөйлемдердегі бетім және бетіме, кім және кімі сөздері өзара түбірлес; олардың түлғаларында үқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткені бетім және бетіме, кім және кімі сөздері- нің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да ерекшеліктер бар.
Қонақ бір күн қонса — қүт; екі күн қонса,— жүт (мақал). Ауылдың салтында ауылға жақындаған жо- лаушының ақырын жүретін әдеті бар ғой (С. Мүқанов). Тентек ояз әмірінен астамырақ әділет, ар әмірі де бар (М. Әуезов). Өкпелерің орынды, жігіттер, ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай, әрі-сәріге сал- ғаным рас (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдерді қонақ жә- не қонса, ауылдың және ауылға, әмірінен және әмірі, көшке және көшті сөздерінің өзара негіздері бір бол- ғанымен, қосымшалары да, грамматикалық мағынала- ры да бір-бірінен, әрине, өзгешерек. , Сөйтіп, бүл мы- салдардың барлығында грамматикалық мағыналар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары (морфоло- гиялық түрлері) арқылы айтылып түр.
Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл т. б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жүпыны, аса қадірлі, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, аса, дәл деген сөздер жақсы, жүпыны, қа- дірлі, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін граммати-
и/ калык мағына үстеп түр. Дәл осындай мағынаны сап-са- ры, қып-қызыл, қап-қара дегендей can, қып, қап сияқты күшейткіш буындар ақылы да беруге болады. Бірақ мүндайда көмекші сөз жетекші сөздің алдында айты- лады.
Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөз- дердін селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Қүрым- байдын ол не үшін келгенін де сезді (Б. Майлин); Олар шеше алмаған мәселені шешу сіз үшін өте қиын (0. Әбішев) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өзде- рінен бүрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша граммати- калық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғас- тыруға дәнекер болып түр. Бүдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағанымен, барыс септіктің ма- ғынасына жақын екенін байқауға болады.
Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жүмырт- қаны қайьщ-қайық қып тасып шығарса да, тауыса ал- майды (С. Мүқанов) деген сөйлемдегі қайықиіылар жә- не қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақты- лы лексикалық мағынасы да бір. Бірақ сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары басқа-бас- қа. Ең алдымен, қайықиіылар деген сөзге жалғанған -шы косымшасы мен соңғы -лар қосымшасын сөз етпей-ақ, екі рет қайталанған қайық-қайьщ деген түрін алсақ, сол түбір әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлде- неше рет тасып шығарса дегендегі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді. Сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр (Ғ. Мүсірепов); Адам дегеннің жүрегі тарау-тарау, еспе-еспе, бабы көп (F. Сланов) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-та- рау, еспе-еспе деген қосарланған сөздердің мағынала- ры мен формалары да жоғарыда айтылғандай.
Сөйтіп, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі де тиісті грамматикалық мағыналардың сыртқы грамма- тикалык формасы ретінде жүмсалады.
Өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамма- тикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана грамматикалық ма- ғына жамайтын дәнекер сөздер ретінде жүмсалады. Мысалы: Көңілге шек-шүбәлы ой алмаймын, Сонда да оны ойлап қоя алмаймын, Ақылдың жетпегені арман емес, Қүмарсыз қүр мүлгуге тоя алмаймын(Абай) сөйлемдеріндегі алғашқы алмаймын деген сөздің ойлап Цоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі