Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфеманың да өзіне тән мағынасы (мазмұны) жә- не өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Ендеше, морфема деп сөздін, өзіне тән мағына- сы бар ен. ұсақ бөлшегін айтамыз.
Сөздін, морфологиялық құрамындағы морфемалар- дың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды ен. алдымен түбір морфема және қосым- ша морфема деп негізгі екі салаға (түрге) бөлуге бо- лады.
Жоғарыдағы мысалдардағы тіл және айт деген мор- фемалар түбір формалар болады. Ал, оларға қосылған -і (тілі);-сіз (тілсіз);-ыл (айтыл);-ар (айтылар);-са (айтса;-ң (айтсаң);-ды (айтылды);-атын, (айтатын); -ың, (айтатының);-а (айтатыныңа) морфемалары ко- сымша морфемалар.
Түбір морфеманы да, қосымша морфеманы да әрі қарай мүшелеуге болмайды.
{Гүбір морфема — сөздің әрі қарай бөлшектеуге кел- меитін ен түпкі негізі.Бұл түпкі негіз сөздін, қүрылусы- нын, да, мағынасынын. да негізгі үйтқысы больщ есепте- леді. Өйткені түбір морфема сөздігі негізгі л|іксикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қо- сымша морфеманын. бірде біреуі яки бірнешеуі ко- сылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды және сөз де бола алмайды. Ендеше, түбір морфема ең негіз- гі морфема болып саналады. 'Түбір морфема өздігінен жеке тұрьш семантикалық жағынан да, қызметі жағы- нан да дербес сөз бола алады. Мүндай жағдайда түбір морфеманьщ мағынасы мен сөздін. мағынасы бірдей бо- лып шыға^береді. Мысалы, бас, тіл, жол, кел, жүр мор- фемаларын алсақ, олардын. әрқайсысы әрі түбір мор- фема, әрі жеке сөз бола алады.
24
Ал бастық, тілиіі, келісім, қолтьщта деген сөздерді алсақ, олар — құрамында түбір морфемалары да, қо- сымша морфемалары да бар сөздер. Бұларда түбір мор- фемаларынын. мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей емес, өйткені олардын. қүрамдарында түбір морфема- ның негізгі мағынасы да, онын. үстіне қосымша морфе- малар арқылы жамалған үстеме я қосымша мағынала- ры да бар.
Түбір морфема дара түрде де, косымша морфеманы қосып алып та жеке сөз ретінде қолданылатыны сияқ- ты, кайталанып та (тау-тау, қора-ңора), баска түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас, қора-қопсы), бі- рігіп те (белбеу, басқүр), тіркесіп те (он екі, қара сүр) жеке сөз ретінде жүмсала береді. Сонымен қатар, он- дай қайталанған, біріккен, тіркескен түбір морфемалар- ға қажетінше қосымша морфемалар жалғанып та қолданыла береді.