§ 102. ЕЛ1КТЕУ СӨЗДЕР ТУРАЛЫ TYC1HIK
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматнкалык сыр-сипаты жағынан да, фонетика-мор- фологиялық кұрылымы жағынан да өзге сез таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, ез алдына дербес сөз табы ретінде каралатын бір алуан сездер е л і ктеУ сөздер (мимема) деп аталады.
Еліктеу сездер семантикалық жағынан алғанда, бі- ріншіден, табиғатта үшырайтын сан алуан кұбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларЫ- нан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарларды11 дыбыстау мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимь№ дарынан туатын, әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайД3 болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сөл табиғатт3
344
үшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардыц және неше түрлі жан-жануарлардың сырткы сын-сипаты мен кимыл-әрекеттерінін. де қилы-қилы көріністерінен пайда болатьін түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гурс, дурс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, іиырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, іиіңк, сынқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-турс, арс-үрс, жалт жалт, жалт- жулт, қалт-қалт, ңалт-ңүлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-қүңқ, шаңқ-ишңқ, шаңқ-шүңқ, арбаң-арбаң, бугжең-бугжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң- далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қаиқаң-құііқаң, митың-митың, салаң-сулсің, ыржың-тыр- жың т. б.
Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалык мағынала- ры жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстар- мен байлаНысты болса, екінші тобының семантикалык мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғн көрініс- тердін бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөз- дер іштей екі салаға белінеді, бір тобы еліктеуіш (елік- теме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сездер деп аталады.
Бүл сөздер семантикалық жағыкан ғана емес, фоне- ктика-грамматикалық сыр-сипаттары жақтарынан да (мысалы: буын қүрылымы, морфологиялық түлғалары, синтаксистік қызметтері) бір-бірімен үқсас, орайлас бо- лып келеді. Еліктеу сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері мен барлығына да тән жалпы қасиеттері төмендегідей.
Достарыңызбен бөлісу: |