Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет163/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Ыңғайластық жалғаулықтар. Ыңғаійіастык жал- ғаулыктар өзара ыңғайласып кұралатын, тен. дәрежеде- гі сөздер мен сөз тіркестерін жалғастырады да, солар- дың ыңғайласқан қатынасын білдіреді. Жалғаулықтын бұл тобына мен (бен, пен), жәнс, тағы, эрі, да (де, та, те), эм шылаулары жатады.

а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негізінде бірыңғайласқан есім сездерді, қимыл атаула- рын және кейбір субстантивтенген сөздерді бір-бірімен байланыстырады Мысалы: Қөптен бері Абай бүндай на- мыс пен ыза, алдану мен қиянат, қимастык, пен арлаиу, үялып арланудың неше ңырлы ңысымьш кермегендей (М. Әуезов).
ә) Және жалғаулығы да бір түрлі формадағы жалаи я күрделі зат есім, сын есім, есімдік, етістік сияқты атау- шы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы Кейбір жүмыскерлердің аттары және сауатын сиырлары болмаса, таяуда қара-қүра көрінбейді (С. Сейфуллин); Сөзін оқы және ойла, тез үйреніп, тез жойма (Абай).
Және жалғаулығы салалас кұрмалас сөйлемдердін Қүрамындағы жске сөйлсмдерді де ыңғайластыра бай- ланыстыра береді. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре

365



қоярлық ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмайды (Ғ. Мұстафин).
Және
жалғаулығынын., колданылу мақсатына карай, кейбір сөздер қайталанып айтылғанда әрі жалғаулығы- мен мағыналас болып та қалатын реттері бар. Мысалы: Таңғажайып бул қалай хат, Мағынасы алыс, өзі жат. Сөзі орамды, әрі түрі жат және әдепті, және рас (Абай).
Қазіргі қазак. тілінің нормасында және жалғаулығы- ның және де боп қолданылу дағдысы да кездеседі. Мы- салы: Әрине, шсіхтада іс.теген жұмыстан ауьір жұмыс
болмайды ғой... Және де ңатері де кеп, адамның денсау- лығына да үлкен зиян (С. Сейфуллин)).
б) Әрі жалғаулығы белғілі бір заттың я кұбылыстың бойында болатын әр түрлі қасиеттср мен солардың әр алуан іс-әрекеттерін ыңғайластыра байланыстыру үшін жүмсалады. Ондайда ол қасиеттер мен іс-әрекеттерді білдіретін сөздер мен сөз тіркестері әрі шылауыньш кай- таланып айтылуы аркылы тізбектеліп, байланыстыры- лып отырады.
Егер бірыңғай екі сөзді ыцғайластыра байланыстыра- тын әрі жалғаулығы бір-ақ рет қолданылатындай бол- са, және жалғаулығымен мағыналас болады. Мысалы: Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі шытқыл аяз (Ж. Жұмаканов).
Егер dpi жалғаулығы, жалғасатын бірыңғай сөздер- дің әрқайсысының алдында (бұрын), кайталанып айты- латын болса, оида сол атауыш сөздер арқылы аталған ат, белгі, сапа, қасиетке я амал-әрекетке баса назар ау- дарылады, оларға ерекше мән беріледі. Осыған сәйкес, ондайда бір формадағы зат есім, сын есім және әр түр- лі формадағы етістіктер ьщғайласа береді. Мысалы: Оқытушы ауылда әрі оңытуиіы, әрі мәдениет жаріиысы, грі әлеуметтік әділеттіліктің, адамгеріиіліктің жаршысы болуға тиіс (С. Қөбеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет