Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет164/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Әрі жалғаулығы кейде салалас кұрмалас сөйлемдер- дің құрамдарындағы жеке сөйлемдерді де ыңғайласты- ра байланыстыра алады. Мысалы: Ақшаны созған қол- ды қайта итерді, әрі басын иіайқады (М. Әуезов); Кы- ранның көзі қырағы болады, әрі өзі алатьін аңды алыс- тан сезеді (Қ. Әбдіқадіров).
в) Да, де, та, те шылаулары әрі жалғаульіқ, әрі де- меулік есебінде колданылады. Ол демеулік ретінде кол- данылғанда, бір сөздің немесе бірыңғай мүшелердін ӘР'

366

кайсысының жетегінде болып, оларға күшейту, аныктау, тәптіштеу мағыналарын үстемелеп отырады. Ал да шылауы жалғаулық ретінде қолданылғанда, өзара бір- бірімея ыцғайласатын екі сөздін. немесесөз тіркестерініц, сондан-ақ, салалас я сабақтас күрмаластардың кұрам- дарындағы жеке сөйлемдердің байланысуына, жалға- суына дәнекер болып қызмет етеді.
Бірақ да жалғаулығыньщ сөз бен сөзді байланысты- ру функциясынын аясы тым тар. Дегенмен, ол біркелкі формада тіркесетін бірыңғай атаушы (етістік, есім т. б.) еөздерді жалғастыру үшін колданылады. Мысалы: Сөй- те түрса да, ңожайынның жүзіне ықтамай да именбей қарайды
(Ғ. Мүсірепов).
Да жалғаулығы салалас қүрмаластын кұрамындағы жеке сөйлемдерді жалғастырғанда, оларды бірыңған- ластырып, баяндауыштарын белгілі бір формаға түсі- реді. Мысалы: Рахмет бір нәрсенің боларын сезді де, үн- деместен орнынан түрып жүре берді (С. Ерубаев).
2 Талғаулықты жалғаулықтар. Талғаулыкты жал- гаулыктар сөйлемде зат есім, сын есім, етістік және бас- қа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғас- кан мүшелердің бірінен соң бірін я талғап, я таңдап, я кезектестіріп, я біріне-бірін қарама-қарсы қойып айту үшін колданылады. Жалғаулықтын бұл тобына әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі шылаулары жатады.
а) Әлде жалғаулығы негізінде талғау қызметін ат- қарумен қатар, ойға катысты уақиғалар мен іс-әрекет- тердін шындығына я көмескілігіне күмән келтіру, кү- діктену, күмілжу тәрізді рай-реңдерді де білдіреді. Әлде жалғаулығы өзі катысты сөзден бұрын (препозициялық қалыпта) қолданылады. Мысалы: Үлкен қара мелдір
көзінде әлде еркелік, әлде наз, аса бір сыпайы үяңдық бар (3. Қабдолов); Бұл жігіт шапиіаң сауда, жылиос екен. Әлде сор, әлде бағы әуреледі (М. Әуезов). Әлде жалғаулығы салалас қүрмаластардың. кұрамдарындағы жеке сөйлемдер арасында қолданылғанда да, осы мағы- наны білдіреді. Бірак ондайда, әлде жалғаулығы бірін- шіден, құрмаластағы екінші жай сөйлемнін алдында тұрады да, екіншіден, жалғасқан сейлемдерге ма (ме), ба (бе), па (пе) сұраулық шылауы тіркесіп келеді. Мы- ^алы: Мезгілсіз жүрген жолаушыдан үрейленді ме, әлде тсіңырқады ма, қос адамдары далаға жүгіре шығып, ур- пиісе қарасты (Ә. Сәрсенбаев).

367



ә) Бірде, біресе жалғаулықтары өзара мағьшалас шылаулар болғандарымен, олардың өзді өздеріне тән азды-көпті мағыналық ерекшеліктері бар. Бірақ қьізметі жағынан екеуінде елеулі айырмашылық жок. Бұл екі шы- лау да өздері қатысты сөздердің алдында қолданылады да, олардағы аталатын уақиға, іс-әрекет, сан-сапа сияқ- тылардын алма-кезектесіп отьіратынын білдіреді. Мыса- лы: Ол бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жум- ссщ мінезді, бірде іиеіиен, бірде сараң сөзді еді
(Ғ. Мұс- тафин). Қүн біресе жарқылдап, біресе шартылдап урей ңалдырмады (Ғ. Мүсірепов).
б) Кейде жалғаулығы да бірде, біресе жалғаулыкта- рымен мағыналас. Бұл жалғаулық үнемі біркелкі форма- дағы сөздерге я сөйлемдерге тіркеседі де, олардың ара- сындағы мезгілдік катынасты аңғартады. Мысалы: Ол кө- бінше қорғасын тәрізденсе, кейде қалайы, кейде күміс атып қалғандай болады (М. Әуезов).
в) Я, яки жалғаулықтары салаласа айтылған сөздер мен сөйлемдердің алдарында түрып, олардағы ойларды я талғап, я салғастырып, кезектестіріп айту үшін жүмса- лады. Я, яки жалғаулықтарына катысты сөздер де үнемі белгілі бір бірыңғай формаларда колданылады. Мысалы: Иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғыр- ғанға, я пайдаланғанға қарап, ақты қарсі деп, я қараны аң деп, я өтірікті іиын деп ант ететуғын кісіні не дей-^ міз? (Абай).
Я, яки жалғаулыктарымен мағыналас, қызметтес не, немесе, болмаса, не болмаса шылаулары да бар. Бұларды бірінін орнына бірін алмастырып қолдана беруге болады: Өздеріңді не ажал, не бейнет, туртіп келеді екен (С. Сей- фуллин); He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ. Ең бол- маса кеттіғі ғой мал баға алмай (Абай).
Бірде, біресе, я, яки, не, немесе, бөлмаса жалғаулық- тарының бәрі де контексте колданылу ерекшслігіне ка- рай салалас қүрмаластардың кұрамдарындағы жеке сөйлемдердің арақатынастарын білдіру үшін де қолда- нылады. Мысалы: Билік менің ңольшда болса, бул күй- ге я түсер едің, я туспес едің (Б. Майлин).
г) Мейлі жалғаулығы казіргі кезде дербес сөзден шы- лау сөзге айналған форма деуге болады. Рас, мейлі сөзі қазіргі кездс де кейде өз лексикалық мағынасында жүм- салып, соған сәйкес, формалық өзгерістерге үшырап та колданыла береді. Бірақ, солай бола тұрса да, бүл сездін мағынасы бірте-бірте солғындап, абстракцияланудың нә-

368

тижесінде көмескілене-көмескілене келіп, ол тек немкұ- райлылықты білдіретіндей ғана семантиканы бойыиа сақ- тап, функция жағынан талғаулық шылаудың қызметіне көшксн. Мысалы: Мейлі жаз, мейлі куз, мейлі қыс. Са- лалы, сабаңты гуліміз
(М. Рәшев).
ғ) Құй жалғаулығы немкұрайлылық мәнді білдіреді. Мысалы: қуй бай болсын, ңуй жарлы болсын, қүй жас болсын, қүй қарт болсын, (Ер Тарғын); Арызымды ай- тсйын, қуй болар, қүй болмас (Абай).
ә) Сабақтасгырғыш жалғаулықтар. Сабактастырғыш жалғаулықтар тек кұрмалас сөйлемдердің кұрамдарыи- дағы жай сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырып байла- ныстырып, солардың арақатысын аныктап көрсету үшін жұмсалады. Ондай қатынастар байланыстыра түскен сөйлемдердін мағыналары қарсылықты, себептік, сал- дарлық, шартты, айқындағыш, ұштастырғыш болып бө- лінеді.

  1. Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бурынғы

сөйлемде айтылған ойға ,соңғы сейлемдегі ойдың ма- ғына жағынан карама-қарсы екенін аңғартуға дәнекер болады. Бұл жалғаулықтардың қатарына бірақ, алай- да, әйтсе де, эйткенмен, сүйтсе де, сонда да, дегенмеи, әйтпесе, әйткенде, эйтпегенде сиякты қарсылык мәнді жалғаулықтар жатады. Осы топты Абай көше ортасьінда .сіқырын тосып қалып еді; бірақ топ іиіінен муны байқап елеген бір адам да жоқ (М. Әуезов). Дегенмен, сонда да шылаулары көбінесе бұрынғы сөйлемдегі іс-әрекетке ко- сымша баска бір амалдарды жасау керектігін кажет етіп отырады. Осыған сәйкес, ол қарсылықты қатынасты ку- шейтс түсу мәнін де аңғарта алады. Мысалы: Өзі де білу- ге тиіс, дегенмен сіз ескерте салыңыз (3. Кабдолов). Бірақ, сонда да шылауларының қос-қабат колданылатын дағдысы да кездесіп отырады. Ондайда бұл қабаттасқан іпылаулар қарсылық мәнді күшейте түсетіндігі аңғары- лады. Мысалы: Ербол ғана суйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ (М. Әуезов).

  1. Себептік жалғаулықтар салалас құрмалас сей- лемдердің күрамдарындағы сонғы жай сейлем бұрын- ғы (алдыцғы) сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін біл- Діру үшін арнаулы дәнекерлер есебінде қызмет етеді. Он- Дай себептік жалғаулықтардың қатарына себебі, ейткені Шылаулары жатады. Мысалы: Зипа қолөнершілер учили- Щесіне түседі, себебі соғыс кундері қаладан-қалаға кө-

369


шіп жүріп оқи алмай ңалған (С .Мұқанов); Кеіике қар- сы көп қонақ атқа қонбақшьі болып отыр, өйткені ертең Біржандар еліне қарай аттанбаң (М. Әуезов).



  1. Салдарлың жалғаулыңтар салалас кұрмалас сөйлемдердің арақатынасын білдіру үшін, яғни басыңқы сөйлемде айтылатын іс-әрекеттін, амалдын нәтижесі я салдары екенін білдіретін дәнекер есебінде жұмсалады. Жалғаулыктардың бұл түріне сондықтан, сол себепті шы- лаулары жатады. Мысалы: Ербол бұл әннің үнін жақтыр- маса да, сөзін ұнатты, сондықтан кейде Абай әніне ңо- сылып та кетеді (М. Әуезов). Бұл мәжіліс Біржан мен Тобықты жасының айрылар мәжілісі еді, сол себепті әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін көрсетпек керек (М. Әуезов).

  2. Шарттың жалғаулыңтар сабақтас қүрмалас сөй- лемдердін арақатынасын білдіру үшін, яғни басынқы және бағыныңқы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасула- рына дәнекер есебінде қолданылады. Жалғаулыктын бұл түріне егер, егер де, алда-жалда шылаулары жатады. Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсәпір үй болудан қал- ған болар еді (Ә. Әбішев). Алда-жалда ол кетіп қалған- дай болса, артынан дереу кісі жібер (Қазақ ертегілері).

  3. Ащындағыиі жалғаулыңтарға яғни, демек шы- лаулары жатады. Олар я жеке сөздерді, я сөз тіркес- терін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады да, алдыңғы сөз арқылы, я сөз тіркесі немесе сөйлем аркы- лы айтылатын ойды кейінгі сөз, я сез тіркесі, я сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға, не анықтауға, не тәптіштеп қадағалай түсуге дәнекер сөздер есебінде қыз- мет етеді. Сол себептен бұлар айқындағыш жалғаулық- тар деп аталады. Мысалы: Мен Магниткаға өткен күзде, яғни Талғатбектен бір жыл кейін келдім (Н. Ғабдул- лнн). Диссертацияны унатқан екенбіз, демек, біз де бір- деңе ойлаған болармыз (М. Иманжанов).

  4. Үштастырғыш жалғаулықтарға ал, ендеше, ал ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан біріне-бірі орай қолда- нылатын екі жай сейлемді ұштастырып байланыстыру үшін жүмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екін- ші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер ре- тінде кызмет етеді.

а) Ал жалғаулығы арқылы өзара орайлас ұштаскан жай сөйлемдердің ой желісінде қаншалықты берік бай- ланыс болғанымен, олар негізінде мағына жағынан әр

370

басқа болып отырады. Мысалы: Сөйледің сен де аямай. Ал Жамбылдан сөз шығар, Асылдан ұшқан қылаудай (Жамбыл).
ә) Ендеше жалғаулығы біріне-бірі орайластырыла айтылған жай сөйлемдерді ұштастырады да, бірінші сөй- лемдегі ойды екінші сөйлемдегі ой тұжырымдап қоры- гынды ретінде жинақтауға дәнекер болумен қатар, екін- ші сейлемдегі ойға бастама сөз іспетті де жұмсалады. Осы себептен де ендеиіе жалғаулығы әрқашан, олай бол- са деген сөз тіркесімен мағыналас та, қызметі жөнінен энымен пара-пар да түсіп отырады. Мысалы: Мал дүние- нің іиын иесі осы кісі. Ендеиіе бәріміз де әжемнің төре- лігіне тоңтайық (М. Әуезов).
б) Ал ендеше жалғаулығы дәл осы мағынада қолда- нылып, осы қызметті атқарады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет