Атау септікті меңгеретін септеуліктер. а) Үшін сеп- теулігі негізінде атау септік формасындағы зат есімдер- Мен, есімдіктермен, -с (-ыс, -іс), -у формалы қимыл атау-
371
ларымен, -мақ (-мек), -ған (-қан, -ген, -кен) формалы есімшелермен тіркесіп жұмсалады да, оларға көбінесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Ал үшін септеулігі негізінде -у, -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) формалы сөздерге және -мас (-мес, -бас, -бес...) формалы болымсыз есімшелерге тіркескенде максаттық мағына бе- реді. Мысалы: Сатай ылғи ас берген сіуылда даяіиьі болу үшін туғандай еді (С. Сейфуллин); Қазір тіпті қарап стырмас үшін ол — Абайдың тобылғы сапты ңамшысы- на бүлдірге тағып отыр (М. Әуезов).
ә) Сайын септеулігі зат есімдермен, өте-мөте мезгіл атауларымен және -ған (-қан, -кен, -ген) формалы есім- шелермен тіркескенде, ол сөздерге даралау, саралау ма- ғынасын үстейді немесе белгілі бір іс-әрекеттің дүркін- дүркін қайталанып отыруын я үдей түсуін білдіретіндей қосымша мағына жамайды. Мысалы: Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Әбішев); Мал ауылдың ңорасындо көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасындап тур (Б. Май- лин).
б) Сияқты септеулігі сөйлемде зат есіммен, есімдік- пен, қимыл атауларымен, тұйық етістікпен және -ған (-қан, -ген, -кен), -тын (-тін) формалы есімшелермен тір- кесіп қолданылады да, негізінде ұқсату мағынасын білді- реді. Мысалы: Украина жырлары да қозақ жырлары сияқты арнаулы әнмен ғана сійтылады (С. Мұканов).
в) Туралы септеулігі көбінесе зат есіммен, есімдік және қимыл атауымен тіркесте белгілі бір хабар, ой, пі- кір, зат я іс-әрекет жөнінде айтылатынын аңғартады. Осы туралы септеулігімен мағыналас турасында, турасынан жайында, жайынан, жанлы, жөнінде, жөнінен дегей шы лаулар да бар. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы се- німен ақылдасайын деп едім (С. Ерубаев).
г) Арқылы септеулігі зат есіммен, есімдікпен жән« қимыл атауымен (түйық етістіктермен) тіркесіп, оларға «көмегімен», «жәрдемімен» деген сияқты қосымша мағы- на үстеп, бүтіндей тіркес белгілі бір баспалдақтық, саты- лық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Әуе труба арқылы келеді (Ғ. Мұстафин); Мейрам әлдекімге телефон арқы- лы әмір етті (Ғ. Мүстафип).
ғ) Бойы, бойымен септеуліктері көбінесе мезгіл мәнді зат есімдермен, есімдіктермен және -ғаи (-қан, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркесіп қолданылады да, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын камтитындай мағынаны аңғар-
372
тады. Мысалы: Өмір бойы жулық жалап, етік тіккен Жүмабай жүр (С. Мұканов); Қартаң Каспий ңалғыған бойымен Терекке көзін аиіып үндсмейді (Абай).
д) Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінде сан есімдермен тіркесіп қолданылады да, санның негізгі ұғымына жуық, тарта деген сияқты мөлшсрлік мағына үстейді. Мысалы: Бізден басңа жиналған отыз шамалы кісі бар екен (С. Мұканов); Әскерше киінген он ишқты адам топтала қалды (Ғ. Сланов)).
е) Ғүрлы (ғүрлым) септеулігі атау формадағы зат есімдермен, есімдіктермен, -ған формалы есімшелсрмен және субстантивтенген өзге де сөздермен тіркеседі де, оларды басқа бір сезбен шендестіреді. Мысалы: Менің үзатылуым жетім қыздың тойы ғүрлы болмағанына күлкім келеді (Ш. Хұсайынов); Жалын үйтіп жатса-да- ғьі сирағьін шыбын шаққан ғүрлы оған болмады. (А. Хангелдин).
Барыс септікті меңгеретін септеуліктер а) Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, көбінесе мезгілдік үғымдар- дыц атауларына, сан есімге, есімдікке және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшслерге тіркесіп, негізіндс мез- гілдін, я мекеннің белгілі бір аралық шегін (катынасын) білдіреді. Мысалы: Жақып Рабиғаны пәтеріне шейін шығарып салатын болды (Б. Майлин).
ә) Қарай, таман септеуліктері барыс септіктегі зат есімге, соның ішінде мезгіл атауларына, көмекші есімдер- ге, есімдіктерге және үстеу сөздерге тіркесіп, белгілі бір мекендік бет алыс пен бағытты және мезгілдік орайды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйі- не қарай бет алды (С. Ерубаев).
б) Өз ара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияк- ты септеулік шылаулар да өздері тіркескен негізгі (атау- шы) сездердің барыс септік формасында тұруын қажет етеді. Мысалы: Күзге салым туған ауылды ойлады (С. Ссйфуллин) т. б.
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер. а) Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен, кейде -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесе қолданылып, бір затты я құбылысты екінші бір затқа салыстырып, таңдау, талғау үшіи жұмсалады. Мысалы: Бул урған сайын күм- ше беретін борсық секілді, тілден гөрі гаяқты сүйеді {Ә. Әбішев); Алатау Динаға күйден гөрі күйшіні елес- тетеді (С. Бақбергенов).
ә) Бері септеулігі негізінде мезгілдік шектің басталу-
373
ына, кейде тұтас камтылуына байланысты ұғымды біл- діреді де, көбінесе мезгіл атауларына, есімдіктерге және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшелерге тіркесіп, уа- қыттың я мерзімнін, басталу шегін ацғартады. Мысалы: Кеиіеден бері жапалақтап жауған қар бүгін күн еңкейе басылды (3. Шашкин); Бір жылдан бері Үлболсын жөн- ді ойын-той көрген емес (Б. Майлин).
б) Кейін септеулігі зат есімге, мезгіл атауларына, есімдіктерге, кимыл атауына -ған (-қан...) формалы есім- шелерге тіркесіп, белгілі бір фактінің соцынан болатың мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді және соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. Мысалы: Жүмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы (Ғ. Мұстафин).
в) Соң септеулігі колданылу ыңғайына қарай, бірде мезгілдік қатынасты білдірсе, бірде себептік мағынада қолданылады. Мысалы: Жаңағы сөзден соң кейбіреуле- рі қуанды (С. Ерубаев).
г) Бұрын септеулігі белгілі бір амалдың я уакиғаныц басқа бір амалдың я уақиғаныц алдын ала болуын білді- ру үшін қолданылады. Мысалы: Институтты мерзімінен бүрын бітіріп, биыл осы колхоздың орталау мектебіне оқу меңгерушісі болды (Ғ. Мұстафин).
г) Бетер септеулігі белгілі бір іс-әрекеттің бұрын іс- тслген іс-әрекеттен анағүрлым күшті болатынын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Гүлжан бойьін одан бетер жиды (X. Ерғалиев).
Көмектес септікті менгеретін септеуліктер. Қөмек- тсс септікті меңгеретін септеуліктер — қатар, бірге шы- лаулары. Бұлар ез ара мағыналас септеуліктер. Олар белгілі бір іс-әрекеттің басқа бір-әрекетпен кабаттаса, жарыса жасалуын аңғартып, қоса деген сөзбен мәндес форма тудырады. Мысалы: Барлың егіс көлемінде егіннің шығымдьілығын арттырумен ңатар, тың және тыңайған жерлерді игеру қажет деп тапты («Лениншіл жас»).
Демеуліктер
Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге эр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айта- мыз. Лексика-грамматикалык мағыналары жағынан де- меулік шылаулар сұраулык, шектік, нақтылык, күшепт- кіш, болжалдық болымсыздық, комсыну демеуліктері болып бөлінеді.
Сұраулық демеуліктер. Сұраулық мәнде колданы-
374
латын демеуліктердің қатарына ма (ме, ба, бе, па, пе, ше) шылау сөздері жатады. Бұл демеуліктер контексте колданылу жүйесіне карай, әр килы грамматикалық формадағы әр түрлі сөздермен тіркесе береді.
а) Ма (ме, ба, бе, па, пе) демеулігі зат есімдермен, сын есімдермен, үстеулермен, етістіктің бұйрық, ашык., шартты райлары және кимыл атауы, есімше, көсемше формаларымен тіркесіп колданыла береді және тіркесетін негізгі сөздер жіктік жалғауларында, оларға тән басқа әр түрлі формаларда түра береді. Ондайда ма шылауы тір- кесетін сөздер өзді-өздеріне тән категориялық формала- рының (мысалы, септік я тәуелдік формаларында, шырай түрінде т. б.) қай-кайсысында болсада қолданыла бере- ді. Мысалы: Немен ңазасыңдар? Қайламен бе, жоқ, мыс қазғандай темірмен бе? (С. Сейфуллин); Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма, сен де барыңды бересің (Ғ. Мүсірепов); Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе? (Қазақ ертегілері).
ә) Ше демеулігі әр қилы сөздермен тіркесіп, оларға сұраулык мән беріп отырады және үнемі көтеріңкі ек- пінмен ерекше бөлініп айтылады да, онын, сұраулык мә- ні де әлдеқайда күшті болып келеді.
Мысалы: Егер ісіңді реттеймін. деп тұрса иіе?
Күшейткіш демеуліктер. Күшейту мәнін беру үшін қолданылатын демеуліктердің қатарына -ау, -ай, -ақ, да (де, та) те шылаулары жатады. Олар сөйлемде беріле- тін ойға, не ондағы жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына қосымша күшейткіш мән (рең) жамау үшін жұмсалады.
а) -ақ демеулігі зат есіммен, сын есіммен, сан есім- меи, есімдікжәне кейбір үстеу сөздермен тіркесіп, оларға әр түрлі күшейткіш мән үстейді. Мысалы: Ертсң емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті (М. Әуезов); Аяғын бір сәнмен тым-ақ жсңіл басады (Ә. Сәрсенбаев).
ә) -ау демеулігі есім сөздермен, етістіктің ашык рай формаларымен, көсемше түрлерімен, одағай сөздермен және бар, жоқ сөздерімен тіркесіп, оларға риза болу, Шаттану, ренжу, күйіну, мақұлдау, қолдау сияқты мәндер жамайды. Мысалы: Қап, мына іиақ мені жеңді-ау (Ғ. Мү- сірепов); Өлең мен зн ырысьін тауыптьі-ау (М. Әуе- зов), Апай-ау, сіз қайдан жүрсіз? (Ғ. Мүсірепов).
б) -ай демеулігі зат есім, сын есімдермен ғана тірке- седі. Ондайда зат есім сөздер көбінесе қаратпа сездерге айналады я таңдану, таңырқау мәнін үстейді. Мысалы:
375
Апатай-ай, жаман сөзді айтпашы! (С. Мұканов); Қал- қам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі (М. Әуезов); Салмағынан жер майысады, ауырын-ай (Ғ. Мұстафин).
в) Да (де, та, те) шылауы демеулік ретінде колда- нылғанда, тек бір ғана сөзге қатысты болады да, сол сөзді өзге сөздерден бөліп күшейту мәнін үстейді. Бұл шылаудың тіркесетін сөздері және оларға жамайтын ма- ғыналары төмендегідей:
Есім сөздермен, мезгіл үстеулерімен, етістіктің кесем- ше, есімше және рай формаларымен тіркесіп айтылғанда оларды тзптіштеп айқындай түсу, анықтап көрсету, кү-- шейте түсу мағынасын үстейді және ондай есім сөздер же- кеше, көпше түрлер де, тәуелдеулі, септеулі формаларда да, шырай формасында да жүмсала береді. Мысалы: Біз үйден шыңқанда, күн де сәскелікке жақындап еді (Б. Майлин); Ел көзінен оңашада екеуі эзілдесіп те алады, үрысьш та алады (Б. Майлин).
Да (де, та, те) демеулігі күрделі етістіктің құрамын- дағы негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінік ара- лығында жұмсалып, олар аркылы айтылатын іс-әрекеттің тіпті тез, дереу болғанын білдіреді. Ондайда негізгі етіс- тік пен көмекші етістіктер әрдайым біркелкі формада қолданылады. Мысалы: Менің ендігі баратын жерім да- йын деп, теңізге секірдім де кеттім (Мың бір түн).
Нақтылық демеуліктер. Бұл демеуліктер жеке сөз- дер мен сөз тіркестерінің мағыналарын, сөйлемде айты- латын ойды нактыландыра, тұжырымдай түсу үшін кол- данылады. Оларға кой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) демеу- ліктері жатады.
а) қой (ғой) демеулігі есімдерге, етістіктін ашық рай формасына, кесемшеге, есімшеге тіркесіп, олардың ма- ғыналарына нактылау, түжырымдау, мақұлдау рендерін жамайды. Мысалы: Елдің келемеж етіп, іиашып жүрген лақабы. ғой. (Қазақ ертегілері); Көптің талқысы ңиын ғой (Б. Майлин).
Қой (ғой) демеулігі бар, жоқ, кеп, мол, емес сияқты сөздермен де тіркесіп, оларға тұжырымдау мәнін үстей- ді. Мысалы. Қазір колхоз бар ғой, уақытша үйінің бір жағын берер (Ғ. Мүстафин); Тоқаштан ол үиіін аңы ал- ған жоң қой (3. Шашкин).
ә) -ды (-ді, -ты, -ті) шылауы сөйлемдегі ойды, жеке сөздср мен сөз тіркестерінің мағыналарын нақтылай айту үшін қолданылады. Мысалы: Олар елге пана-ды, Олар
376
елге аға-ды (Н. Байғанин). Мінген атым қула-ды, Қыл- іиық жүнді қара-ды (Қобыланды).
ІІІектік демеуліктер белгілі бір нәрсеге, іс-әрекет- ке, амалға, сын-сипатқа, мезгілге т. б. шек қоя тұжы- рымдап айту үшін қолданылады. Ондай демеуліктердің қатарына қана (ғана), -ай шылаулары жатады.
а) Қана (ғана) демеулігі атау формадағы, тәуелдеулі, ссптеулі есім сездерге, сын есімдерге, мезгіл, мекен монді сөздерге етістік формаларына тіркесіп қолданылады да, оларға шск қою мәнін үстейді. Мысалы: Біреп-саран үйшіктердің маңдарында әлсіреген оттар ғана жылтырап көрініп, (щырын күңкілдеген дыбыстар ғана естіледі (С. Сейфуллин).
ә) -ақ демеулігінің негізгі мағынасы күшейту болға- нымен, қолданылу ерекшелігіне карай, шск қою, тежеу мағыналарын да білдіреді. Мысалы: Мен бүгін ас жеме- сем де, ңуаньиипен-ақ тоңпын (Қазақ ертегілері; Мың- нан аса жылқыны үиі-ақ адам бағып жүр (F. Мүсіре- пов).
Болжалдық демеуліктерге -мыс (-міс) және -ау шылаулары жатады. а) -Мыс (-міс) демеуліктері жеке сөздер арқылы, сөз тіркестері арқылы және сөйлем ар- қьілы берілген ойға күмандану, болжалдау, көмескілен- діру, сенімсіздік білдіру, мысқылдау, кекеу мәнін жамау үшін жүмсалады. Мысалы: «Үйлесер едік» деп айтады- мыс (Б. Майлин); Ззрі қатты ңырсық экені Абай ңатты кінәлапты -мыс (М. Әуезов).
ә) -ау демеулігінің негізгі мағынасы күшейту реңін устеу болғаиымен, кейде қолданылу ерекшелігімен байла- нысты өзі тіркесетін сөзге болжалдықмән жамау үшін де жүмсалады. Мысалы: Мылтығы сорайған солдат осы қа- шып кетер-ау дегендей өкиіесін басып келеді (Б. Май- лин); Біреу келе жатыр-ау көшемен деп оіілады Асқар (С. Мұқанов).
Болымсыздық демеуліктері. а) Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, есімдер, кимыл атауларына тір- кесіп, болымсыздық мағына жамайды. Мысалы: Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдьіқ (Ғ. Мүсі- репов).
ә) Түрсын, түрмақ сөздері де түгіл септеулігімен әрі мағыналас, әр қызметі жағынан да пара-пар түсетін де- меулік шылаулар деуге әбден болады. Мысалы: Өзгертті с°гыс ауа райын, Қарт түрсын іиекті жылап бала уайым (С. Мұқанов).
377
Қомсыну демеулігіне екеш шылауы ғана жатады. Ол тіркесетін сөзге қомсыну, кемсіну, тіпті кейде мүқату сиякты мағыналык рецктер үстейді. Бұл шылау көбінесе есім сөздерге тіркеседі де, олардан үнемі кейін, поспозіх- цнялық қалыпта тұрады. Қүс екеіи қүс та балапанып ұядан қияға уіиырып үйретеді (3. Шашкин); Мал еке мал да жылылықты, ерекше күтімді, сылап-сипауды 61- леді (А. Лекеров).
XII т a р а у ОДАҒАИЛАР
§ 108. ОДАҒАЙЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфоло- гнялық жағынан да, синтаксистік кызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын ор- ны ерекше.
Одағай сөздер мағына жағынан заттын (субстанция- нын) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қи- мылдын жайы-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер сөйлемде не түрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қыз- меттерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тіке- лей синтакснстік карым-катынасқа түспейді.
Сонымен катар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тәи лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегі бас- қа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өз ара байла- ныстыратьш грамматикалық дәнекер болып қызмет ат- карса, одағайларда бұл қасиет те жоқ.
Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:
Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстык иша- раттарды білдіреді. Мысалы: Мүны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау, жастьщ деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердегі ә, япырмау деген сөз- дер — одағайлар. Алғашқы сөйлемдегі ә күдіктеигендікті
378
білдірсе. соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шат- лу жанын байқатады. Япырмау, қайда сол күндер! (Абайі дсгендегі япырмау деген өкінгендікті, арманды
, білдіреді.
г Екіниііден, адамның көңіл күйі кұбылмалы болатын- тадыктан. одағай сөздердің көпшілігінін мағыналары да «.убылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болый келе- ді. Одағай сөздіндәл мағынасы сөйлемде айтылатын ой- дын жалпы сарынына багіланысты болады. Өйткені ода- ғай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сейлемде айтыла- тын ойдың жалпы аңғарына карай, демек, бірде сүйсіну, бірде кею (ренжу), бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі сезім қүбылыстарына қарай, одағай сөздер- діц айтылу ырғактары да (интонациясы) кұбылып оты- рады. Мысалы: Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба (Ә. Әбішев); Әй, кім барсыц (бұ да); Уай, ңой деймін, бала! (бұ да) деген сөйлемдердегі айтылған ойдың ма- ғыналарына, аңғар-сарындарына қарай, одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл кү- йін жарыстыра, қабаттастыра білдіріп тұр.
Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелері- мен грамматикалык жағынан байланыспайды, олай бол- са. өзі жарыса айтылған сөйлемнін мүшесі болмайды.
^Одағайлар — өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөй- лемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұ- ратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. Мүсірепов). Бәсе, соны айтыңьізіиы (Ғ. Сланов); Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайт- паңдар (Ғ. Мүсірепов); Паһ, мьіқты екен-ау мынау мүн- дар, (С. Мұқанов) дегендердегі қап, бәсе, бәрекелді, паһ деген одағайлар сөйлемдермен жарыса айтылып, олар- дағы ыегізгі мағыналарды үстей, толықтыра түсіп тұр. Бірақ бұл мысалдардағы одағайларды жеке алғанда сөйлем деп қарау қиын.
§ 109. ОДАҒАИЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияклы болып келеді. Бірақ олар жай ғаиа дыбыстар емес, жұртшылықка әбден тү- сінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайда- ланылатын дыбыстар. Олар жүртшылыкка әбден түсінік- ті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қа-
379
тарынан шығып, оелгілі сөзге айналған. мысалы: Уау жігіттер-ау, бул ңалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал бол ғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да) Е, жолдас, жақсы жатып, жай турдыңьіз ба? (С. Мұқа нов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйрен шікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болыг кеткен.
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді
Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я пай, э, о, оһо, ой, әй, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады Бұл одайлар қайталанып та қолданылады.
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай жаракімалла, мащарай, о тоба, астапыралла, япырмай ойпырмай, о дариға... сияқтанғандар жатады. Бүлар әуел-бастағы мағыналы сөздерден я сөз тіркестерінеи бірігіп одағай сөздерге айналған. Мысалы: мәссаған де- ген одағайдын бастапқы төркіні — мә, саған; бәрекелді дегеннің төркіні — барақа аллаһу (алла саған бақьп берсін); жаракімалла дегеннің төркіні — я рақым (бер) алло; масщрай дегеннің түбірі — масқара-ай; о тобс дегеннің төркіні — иситиғфсіру аллаһу (алла кешірсін); япырай, ойпырмай, апьірай дегендердің түбірлері — я, пірім-ай; ой, пірім-ай дегендерден шыққан. Ал әттегенай деген одағай эйт деген-ай (айт дегенің -ой) дегеннен шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің бастапкы акиқат- тық мағыналарынан тіпті алыстап, тан калу, үнату, ма- дақтау, өкіну шошыну сияқты көңіл күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.
Сол тәрізді, е, тәйір; тәйір-ай; уа, дуние; әттең; іиір- кін-ай; я сәт; аттан; алақай деген сияқты ескі ұғымдар- ды білдіретін сөздер көбінесе одағай ретінде әуелі ауыз- екі тілде қолданылып, біртіндеп әдеби тілге де еніп ке- тіп жүр.
Сөйтіп, одағайлар тек көңіл күйін білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапкы кезде ақиқаттық ма- ғынасы бар сөздерден де шығады. Одағайлар тек ерте- ректегі дәуірлерде шыққан сөздер ғана емес, я олардын калдықтары ғана емес, кейінгі кездерде де, біздің зама- нымызда да шығып отыратын категория.
Одағайлардың дәлді мағынасы нактылы сөйлеу жағ- дайларымен байланысты контексте айкындалады, өйтке- ні бір одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі мағьіна береді. Демек, бір одағай- дың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде
аяу, бірде ызалану, бірде үнату, бірде үнатпау, бірде кү- діктен^' бірде мысқылдау, бірде назар аудартып қара- ту сиякты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мы- (Салы: Әй, сол ма, тейірі! (Ғ. Сланов); Әй, байғүсым-ай, басын бастаса, тусіне кетесің-ау! (С. Мұканов); Әй, сен өзің әрі кетші! (С. Мұқанов).
Сөйтіп, көңіл күйіне байланысты, жоғарыдағы сияқ- ты, одағайлардың өздері әлденеше түрге бөлінеді. Бі- рақ мағыналарының соншалык ауысып отырғандығынан оларды жіктеу тіпті киын. Егер топтасақ, көңіл күйінің. алуан түрлі райын бас-басына атап санауға мәжбүр бо- латын сияқтымыз. Сондыктан жоғарыдағы сияқты ода- ғайларды шартты түрде бір топқа жатқызып, көніл күйі одағайлары деп атауға болады.
Бұлардан баска тілімізде адамға арнай айтылатын: кзне, міне, әні, мэ, жә, әйда, әй, тек, тәйт сияқты ода- ғайлар да бар. Бұлардың мағьіналары жоғарыдағы ода- ғайлардан гөрі басқашарактау. Демек, олардың кейбі- реулері көрсету я нүсқау (кәні, міне, әні), кейбіреулері үсыну (мә, айда), кейбіреулері тыю (жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын береді; бұларды ишарат одағайлары де- ген дұрыс.
§ 110. ОДАҒАПЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғакпен (интона- ция) айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ре- тінде колданылатын сөздер. Бірақ олар — іштей мүше- ленбейтін, синтаксистік жағынан басқа грамматикалық категориялардан окшау тұратын, әлеуметтік кызметі мен мәні әбден түсінікті болып калыптаскан сөздер. Осы брекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл күй- лерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сүраулы сөйлемдер ретінде қолданылады. Мыса- лы: қане! деген одағай келщдер! іске кірістік я іске кі- рісіңдер! деген ишаратты білдірсе, міне! деген одағай һердіңдер ме, айтқаным осы еді немесе осы сияқтанған басқа мағынада колданыла береді. Ауызекі тілде қане! міне! дегендердің орнына сыпайырак ңанікиіңіз, мініки- іңіз деп, мә! жэ! деудің орнына мәңіз! жәңіз! деп те ай- тады.
Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
Одагайлар кейбір көмекші етістіктермеғі тіркесіп
381
күрделі мүшенің кұрамына кіреді. Мүндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық бай- ланысқа түсіретін дәнекер болып кызмет атқарады. Мы- салы: Ә т-т е-г е-н е-а й — деді ол таңдайын ңағып^
(С. Мүқанов); Қ ү р - қ ұ р ... р р. Ә й, ә й!— десті үйдің ішінен екі дауыс (бү да); Моһ! моһ!— деп кешкі тьшық даланы басына көтерді (бү да) дегендердегі одағайлар де етістігінің дәнекерленуімен, қайтті? не деді? қайтіп? нс Оіп? деген сүрауларға жауап болып, сөйлемнің мү- шесі бола алады.
Одағай сөздер субстаіітнвтеніп, түрлі қосымша: лар кабылдап. сөйлемнік қалыпты мүшесі болады. Мы- салы, Аллаңнан ойбайым тыньии (мәтел); Қешке әрі тоңып, әрі иіаріиап аһлап, уһлеп отырған, кемпір өзін өлтіріп кете жаздаған кім екенін есіне алды (С. Қөбе- ев); Койдың көл жағынан шэй-шэйлеп бір бала түре- гглді (Б. Майлин) т. б.
МАЗМҮНЫ
Бірінші бөлім
I тарау. Сөз және оныц морфологнялық құрылымы ... Б
тарау. Сөздің морфологиялық қурамы мен жасалу жолдары 23
тарау. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері . 80
Бкінші бөлім
Сөз таптары және олардың морфологиялиқ құрылымы 125
IV тарау. Зат есіи 134
V тарау. Сыи есім ібб
VI тарау. Сан есім 191
тарау. Есімдік . . 207
тарау. Етістік . ... 222
IX тарау. Үстеу 333
X тарау. Еліктеу сөздер ... 'і14
XI тарау. Көмекші сөздер - 358
XII тарау. Одағайлар 578
Учсбдое издаиие Ахмеди Искаков
СОВРЕМЕННЫИ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК
(на казахском языке)
Редакторы Р. Ыбырайымова Суретшісі Л. Матвеев
Көркемдеуші редакторы Ш. Байкенова Техи. редакторы О. Рысалиева
ИБ № GO P*»ci^uie(k.
Теруге 31.10.90 жіберілді. Басуға 16.04.91 кол ңойылды. Пішімі 84>;lf3l/32. Баспаханалың ңағаз. Әріп түрі «Әдеби». Шыгыңңы басылыс. Шартты баспа табағы 20,16. Шартты беяулы беттаңбаеы 20,37. Есептік баспа та- бағы 21,3. Тиражы 20 000 дана. Заказы Ale 622. Бағасы 2 с. 50 т.
Ңазаң ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Ана тілі» баспасы, 480124, Алматы ңаласы, Абай проепектісі, 143-үй.
Дазаң ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттід комитетінің Полиграфком- бинаты, 480002, Алматы ңаласы, Пастер көшесі, 41-үй.
Достарыңызбен бөлісу: |