Оқытудың құралдарына сипаттама
Орындаған: Оңдасынова Айзара Ап-101
Дидактикалық оқыту құралдары – оқушы мен оқытушының жаңа білімді меңгеруде қолданатын материальды және идеальды обьектісі. Оқыту құралдарын орындау функцияларына байланысты бірнеше бағытқа бөлуге болады, олар: қасиетіне қарай, қызметіне қарай, білім сапасына ықпалына қарай, түрлі қабілетке әсеріне қарай.
Дидактикалық оқыту құралдары құрылымына қарай екіге бөлінеді
Материалдық құралдар : оған оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, көмекші оқу құралдары, таблица, модельдер, макеттер, көрнекі құралдар, ТСО, оқу-лабараториялық жабдықтар, жиһаз, оқу бөлмесінің жабдықтары, микроклимат, оқу кестесі т.б. оқытудың материальдық-техникалық жағдайлары жатады.
Оқытудың идеалдық құралдары : оқытушы мен оқушының меңгерген білім, білік, дағдыларын жаңа білімді меңгеруде қолдануын айтамыз. Оған: сөз, жазу, шартты белгілер, сызбалар, диаграммалар, сызу, өнер туындылары т.б. жатады, яғни мәдени мұраны, жаңа мәдени құндылықтарды меңгеру.
Коммуникациялық құралдардың үш түрі бар:
Лингвистикалық ( ауызша және жазбаша сөз).
Семиотикалық ( белгілер, графиктер т.б)
Паралингвистикалық ( жест, мимика).
Оқыту барысында материалдық және идеалдық оқыту құралдары қолданылады. Ойлау іс әрекеті идеалдық оқыту құралдары арқылы іске асса, ал жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқытушы құралдарды көрнекілікті қолданып түсіндіреді, яғни материальдық оқыту құралдарын қолданады. Мысалы, таблицалар, сызбалар, дидактикалық таратпа материалдары т.б. көбіне жеке оқушымен жұмыста қолданылады.
Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады. Көрнекі құралдарды қолдануға байланысты былай бөлуге болады
- Табиғи көрнекі құралдар – бұл әлі өзгертілмеген табиғи түрдегі көрнекі құралдар болып табылады, оған: түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер, олардың коллекциялары, машина, оның детальдары жатады.
- Эксперименттік көрнекі құралдар – оған эксперименттік тәжірибелер, лабараториялық жұмыстар жатады.
- Көлемдік көрнекі құралдар – оған геометриялық фигуралар, макеттер, тұлыптар жатады.
- Бейнелеуші көрнекі құралдар – оған түрлі фотосуреттер, таблицалар жатады.
- Техникалық көрнекі құралдар – оған оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер, фильмоскоп, эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер жатады. Дыбысты көрнекі құралдардан әр тақырыпқа байланысты, радио, теледидар, үнтаспаны пайдалануға болады. Компьютер.
- Символды көрнекі құралдар – географиялық, тарихи, зоологиялық карталар, жоспарлар жатады. (экономикалық, саяси, физикалық, схемалық, тақырыптық, мылқау карталар).
- Графикалық көрнекі құралдар – оған, сызбалар, диаграммалар, таблицалар, үлгілер, сызықпен түсірілген бейнелер жатады.
- Ішкі көрнекілік – мұғалімнің сөзі арқылы құрылтын бейнелер.
Көрнекілік әдістер екі үлкен топқа бөлінеді
иллюстрация әдісі
демонстрация әдістері.
Демонстрация әдісі (көрсету) — түрлі құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Нысананы көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың іс тәжірибелік оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Демонстрациялық көрнекі құралдарға :
- Экранды және экранды дыбыстық : ( техникалық оқыту құралдары), оқу киносы, диапозитив, диафильм, радио, үнтаспа, киноскоп, кинопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, эпидоскоп, теледидар, видеофильм, компьютер (мультимедиа) секілді техника құралдары қолданылады.
- Заттар мен құбылыстарды қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады, онда табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, заттардың муляждары, макеттер, модальдер, экспонаттар қолданылады.
Оқытудың көрсету құралдарын қолдануға қойылатын талаптар :
- көрсету құралымен жұмыс жасай білу керек.
- көрсету құралдары, көрсетілетін заттар пайдалануға дайын болу керек.
- көрсетіліп отырған материал барлық оқушыға көрінетіндей болу керек.
- көрсету құралдарымен жұмыста техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
- көрсету құралын сабақ барысында қажетті уақытта ғана қолдану керек.
- сабақ барысында көрсету құралдарын 10-15 минут шамасында ғана қолдану керек.
- Қолданылатын көрнекіліктер оқушының жас ерекшелігіне сай болу керек.
Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
- Иллюстративті құралдарға:
- Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.
- Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.
- Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |