§ 4. ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалык сез арқы- лы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бә- рін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің кемегі ар- қылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, граммати- калық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса-қабат колданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.
Эрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілде- рінің жиынтығы тілдің грамматикалық қүрылысы деп аталады. ‘
Грамматнкалық қурылыс сөзге сүйенеді және сез ар- қылы ғана керініп отырады; сезді таяныш етпейтін бір- де-бір грамматикалық қурылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық курылы- сын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру объекті- лерінің осындай ерекшеліктеріне қарай,г грамматика ғылымы морфология және синтГКсис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология — сөз және оның формалары туралы ілім. 4 Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ^шіндегі өзге * сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы чқарым-қаты-
10
насқа түседі де, әлдевеше Қилы өзгеріске үшырап, әр алуан қызмет атқарадыг Морфолог«ячосындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сез атаулыны алып, оларды белгілі топтарға беліп, сол топ-топтыц әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайдь^Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық фор- маларьі' айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашы- лаДы. Осындай талдаулардың нәтнжесінде сөздіц жаса- лу, түрлену, -өзгеру жүйелері, сөздін бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.
Синтаксис — сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғы- лым. Сөйлеу дағдысьЬбойы нша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады (Ол туралы «синтак- сис» оқулығынан қараңыз).
Морфология сезді, сездің тиісті белшектерін, олар- дың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис сейлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сез тіркестерін я жеке сөздерді (сейлемнің мүшелерін), олардын. қарым-қаты- настары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайдь^
Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып ікТк- телгенімен де, олар іштей бір-бірімен тығыз байланыс- ты, тіпті екеуі бір бутіннің екі бүтағы сияқты. Мысалы, Қызы едім Есімбектің атым Шұға; Басталды бул өлкеге атым шыға (Б. Майлин). деген сөйлемдердеғі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздерді, әрине, морфология өз турғысынан, синтаксис өз турғысынан талдайды. Ал, ондай талдау үстінде іс жүзінде морфология синтаксистің ішіне еніп кетсе, кері- сінше, синтаксис морфологияныц да іщіне еніп кетеді, демек, ол екеуі бір-бірГне жәрдемдесіп, езара селбесіп отырады.
Морфология сезді оқшау қарамайды, оны басқа сез- дермен байланысты қарап барып,.олардьің қарым-қаты- настарын анықтайды. Бірақ морфология сездерді, олар- дың қарым-қатынастарын сол тілдің жүйёсшің қалыііты бір көрінісі, бөлшегІ ретіндеталдап,' бларды бір-бірі- мен уштастьгрып қарайды. Өйткені сезден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп езгерту, сөз бең_сөзді жаяғастыру сияқты амал-тәсілдер — әрі әбден қальГптасьт- орньік- қан, әрі унемі қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыс-
тар. Сол себептен морфология тіліміздегі әрбір, жүрнақ- ты, әрбір жалғауды я болмаса бзсқа-бір морфология- лық қүбылысты және олардың әрқайсысыныд формасын тілдің жүйесімен байланысты, сол жүйеден тарайтын және сол жүйеге барып қосылатын заңды қүбылыс деп қарайды. Мысалы: Қой жатыр, қойшы тыңдап турды елжіреп (Абай); Екі атты таныған Абайдың көңіліне ол аттың иелері түсті (М. Әуезов) деген сөйлемдердегі бі- рінші сөйлемнен қой және қойшы сөздерін, ёкінші сөй- лемнен атты және аттың сөздерін өзара бір-бірімен са- лыстырып және қойды, қойға, қойдан, қойда, қойлар, қойшылар, сондай-ақ, аттан, атқа, атты, атпен, атшы, атшылар сияқты сөздердің өзгерген түрлерімен салые- тырып қарасақ, олардың әрқайсысы әрі тіліміздің бүкіл грамматикалық жүйесінен тарайтын, әрі сол жүйеге сар- қылатын өзара бір-бірімен байланысты грамматикалық қүбылыстар екенін мойындаймыз.
Морфология сөздің формасын да тексереді. Ал, сөз- дің формасы деген үғымға сөздін негізгі түбірі де, сөздің' туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қо- сылған түрлеірі де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген үғым сөзден сөз тудыра- тын, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдерді де, сон- дай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдер- ді де қамтиды.
Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, фор- маларына және қызметтеріне карай, топ-топқа бөліп топ- тастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологияның міндеті.
НЕГІЗГІ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҮҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |