Ахмет 1886 жылы Торєайдаєы екі сыныптыќ орыс-ќазаќ училищесіне тусіп, оны 1891 жылы бітіріп шыєады



бет5/6
Дата20.02.2023
өлшемі403,5 Kb.
#69356
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы аудармаларындағы көркемдік қолданыс

ҚОРЫТЫНДЫ


Жалпы алғанда Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларындағы көркемдік қолданыстар, бейнелегіш тіркестер көптеп кездеседі. Дегенмен, Ахаң — өлеңінің көркемдік нұсқасына емес, сөздің салмағына, ойдың мағыналығына назар аударған ақын. Сондықтан Ахмет поэзиясының құдіретін сыртқы формадан емес, ішкі мазмұннан, сыртқы жылтыр сөзден емес, орнын тапқан орамнан іздестіру керек. Ахмет өлеңінің құдіретіне табыну дегеніміз, өлеңінің құдіреті арқылы елге ой салуды, сол ой жеткізуде оның неғүрлым қарапайым, әркімге де түсінікті болуына назар аударғандығы. Ахметтің өлеңнің "бөтен сөзбен былғанбауына" мейлінше қатаң болуы да осы ниеттен туындаса керек.
Қалай дегенде де Ахаң поэзиясы бізге өзгеше рухы, өзіндік үні, қазақтың нағыз өзіндік өлең үлгісін әкелуімен қымбат. Кейінгі Міржақып, Мағжан көтерілген белгілі биік болса, олар осы Ахаң қалаған ұлы асқардан қанат қағып сеңгірлерге самғады.
Ахмет поэзиясының арналы бағыты, қазақ әдебиетінде алар орны жайлы Міржақып Дулатов: "Ол қарапайым да түсінікті қазақ тілінде азаттық туралы, ұлт туралы, езілген, артта қалған қазақ ұлты туралы жырлады; Ол — қарсылықшыл ақын. Ол поэзиясын қазақтарды езген монархиялық Ресейдің саясатымен күресудің құралына айналдырды. Ішкі сұлулығы мен мазмұны жағынан, жинақылығы мен желілігі жағынан А.Байтұрсынов жырлары қазақ әдебиетінде бірінші орын алады". [3; 21 б] — деп, оның өлеңдері өзінің азатшыл рухымен дараланатындығын атап өткен болатын.
Қазақ жазба әдебиетіне жаңа сарын, жаңа үлгі әкелгенін таныған, тапшылдыққа қанша ден қойғанымен Ғ.Тоғжановтың: "...Ахметті қазақ еңбекшілері ұмытпайды. Бір кезде "Сары маса" болып ызындап оятқан Ахметті қадірлей біледі, көбіміз сол Ахметтің бауырында өскенбіз. Сол кездегі Ахмеггің әлі де ескермеген үлгілі сөздері, үлгілі істері көп. Ахметтің тарихи ісіне, тарихи маңызы бар өлеңдерін әлі де біз үлгі қыламыз. Абай, Ахмет сықылды өз тұсына ие болған тарихи адамдарын қазақ сыйламақ", [30; 22 б] дегеніне қосылмау қиын.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік бір белес. Ол шын мәніндегі нағыз ұлт-азатшыл поэзияның негізін қалап, қазақ өлең өлкесіне азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып кедді. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының "рухани көсемі" /М. Әуезов/ өнер мен ғылымның сан-саласын меңгерген, елінің ұлттық санасының оянуы мен азаттығы жолындағы күресте қатыгез тағдырға қайыспай карсы тұрған ұлттың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасын бүгінгі ұлттық сана биігінен осы тұрғыдан бағалауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет