Ахмет 1886 жылы Торєайдаєы екі сыныптыќ орыс-ќазаќ училищесіне тусіп, оны 1891 жылы бітіріп шыєады



бет3/6
Дата20.02.2023
өлшемі403,5 Kb.
#69356
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы аудармаларындағы көркемдік қолданыс

Азатшыл жырдың алыбы



XX ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетін жаңа биікке көтеріп, оның сандық та сапалық өскендігінің белгісі ретінде поэзия көрінді десек, әрине, артық айтқандық емес. Себебі сол кезде жарық көрген әр түрлі тақырыпқа арналған кітаптардың тең жартысынан астамы өлең еді. Міне, осы өлең кітаптардың ішінен жеке-дара шоқтығы биігі Ахмет Байтұрсынұлының "Маса" кітабы.
Қазіргі ғылыми айналымда айтылып жүргендей, XX ғасырдың басында қазақ әдебиетіне өзгеше бір леп әкелген, бейнелеп айтсақ қазақ әдебиеті аспанына жарық нұр шашқан үш кітап келді. Олар — Абайдың Петерборда шыққан өлеңдер жинағы, А.Байтұрсынұлының "Қырық мысалы", М.Дулатовтың "Оян, қазағы". Қазақтың сез танитын адамына аспаннан түскен төрт кітаптай әсер еткен бұл үш кітап несімен ерекшеленеді? Абай өлеңдері "тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп", "шымырлап бойға жайылған" биік көркемдік қуатымен, Ахмет мысалдары өмірдің өзекті жарған өткір мәселелерін жалқыға да, жалпыға да бірдей ұғынықты тілмен жырлауымен, Міржақып өлеңдері дәуір құбылысын, өмір ағынын дәл танып, аса зәру ұран тастаған жан айқайымен хат танитын қазақты өзіне тартып, қазақ даласын шарлап кетті. "Қырық мысал" тастаған астарлы ой санасына қозғау салып, елдігін танып, ұйқылы-ояу самарқау күйден көтеріле бастаған қазаққа А.Байтұрсынұлы 1911 жылы жаңа бір әуезі, жаңа сазы бар кітапты сыйлады. Бұл — Азаттықты аңсаған, бостандықты ту етіп көтерген "Маса" жинағы. "Маса" — Ахметтің ақындығын паш еткен, оны өз тұсындағы қазақ ақындарының алдыңғы қатарына шығарған шығарма. А.Байтұрсынұлы өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте шындалып өсті. Осынау күрес майданындағы өткір қаруы, оқырман мен тындарман жүрегіне жылы тиіп, берік ұялар, адам ойына қозғау салар қасиетті өнері өлең болды. Сондықтан да ақын поэзиясы оның азаматтық төлғасын дараландыра берді.
"Маса" жинағы қазақ поэзиясындағы ақындар творчествосымен үндесе дараланғандығын, сонылық аңғартқанын тап басып тану үшін Ахметтің өз тағлым-танымына жүгінген жөн секілді. Сонда ғана оның өлеңдерінің көркемдік қуаты мен жаңашылдығына, поэзиялық дүниелерінің болмыс-бітіміне, табиғатына терең дендей алуға мүмкіндік туады.
Жалпы, Ахмет поэзиясының тілінде екі өріс барлығын тану қиын емес. Сөз орамдары, көркемдік иірімдері, ой салмақтылығында Абай салған сүрлеудің сілемі жатқанмен де өзгеше ағын, өзгеше сарын байқалады. Ол сарын ғайыптан келген, табиғаттан тыс туған әуез емес. Ол — сонау Ақтамберді, Үмбетей, Махамбеттерден желісін үзбей келе жатқан қаһармандық сарын. Әрине, Ахмет өлендеріңде сырт көзге ұрандап, өн бойынан от шашқан шұмақтар өте сирек. Бірақ "жеңіл ұйқас, батыр оймен үйлесер" (Пушкин) демекші, Ахмет өлеңдерінің табиғаты сонау бабалар дәуіріндегідей өз заманының нақты сұранымымен үндес. Ахмет жырына "батыр ойды" өзек еткен де өмір шындығы. Туған ұлтының алдында "Быть или не быть?" деген әйгілі гамлеттік сұрақ тұрғандықтан да, ақын сабырлы өлең жолдарына жалынды рухты серік етті. Сондықтан да оның өлеңдерінде ұлт деген сөздің мағынасы мен Отан деген сөздің мағынасы нақтылана түсіп, бірін-бірі кеңіте отырып, азаматтық борыштың мәнін көтере түседі.
Ақын өмір сүрген заман XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы — қазақ халқының тарихындағы ең бір ауыр кезең. Іштен жеген жегі құрттай айлалы ақ патшаның отаршыддық саясаты өзінің үстемдігін баянды ету үшін халықтың неғұрлым қараңғы, неғұрлым надан күйінде қалуын қалады. Ілім-білімнің таңғажайып күшіне сенген Ахмет әуелгі кезде ағартушылық арқылы әлеуметтік жетімсіздікті де, мәдени мешеулікті де жеңуге болады деп түсінді. Осыдан шығара отырьш, Ахметтің ақындық творчествосындағы екі кезеңді айқын аңғарамыз: 1901-1905 жылдарда Ахмет ағартушы-демократ ретінде танылса, екінші кезенде, яғни 1905-1913 жылдарда оянған қазаққа азаттық жолын нұскаушы, ұлт-азатшыл идеяға бекінген күрескер.
А.Байтұрсынұлы 1895 жылдың ортасынан бастап мұғалімдік қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысқан. 1901-1904 жылдары Крылов мысалдарын аударумен шұғылданды. Ел ішінде қоғамдық ахуалды сауатсыздық пен білімсіздіктен көріп, ағартушылық көзқарасы қалыптасты. Соның нәтижесі ретінде "Қырық мысал" дүниеге келгенді, Ахаң оған жаңа сарын, тың екпін дарытты. Ал 1905-1907 жылдары байтақ Россияны шарпыған революция тұсында А.Байтұрсынұлы бостандықтың темірқазығын айнытпай таныды, ол азаттық жолындағы күрес екенін білді.
Ахаңның ақындығын 1913 жылмен шектеп отырғанымыздың шартты екенін айқын түсінеміз. Өйткені ол ақындығын кейінде жалғастырды. Бірақ 1913 жылдан кейінгі кезенде поэзиядағы рух негізінен "Қазақ" газетіндегі тікелей публицистикада жалғасын тапты.
Таза поэзиялық мұрасын осылай екі кезеңге бөліп қараған уақытта, ақын творчествосында ағартушылық сарын да, төңкерісшілдік рух та қоян-қолтық араласып жатқанын байқаймыз. Дегенмен, алғашқысында ағартушылық, соңғысында күресшілдік сарын басым.
Ахмет ұлы ұстазы Абайша елді білімге, өнерге үндеп, Абай мен ЬІбырай салған сара жолды әрі қарай жалғастыруды мақсат тұтты. "Демократтық бағытты жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінді [3; 13 б]. Ахмет халық санасы оянбай, қоғамдық-әлеуметтік теңсіздіктерді түсінбей ешбір ел отаршылдық бұғаудан құтыла алмайтынын алдымен өзі мықтап ұқты, өзгелерге ұқтырмақ болды.
Оның өлеңдеріндегі өзгеше сарынды, күресшіл рухты қазақ әдебиетін зерттеушілер 20-жылдарда-ақ танығанды. Сол тұстағы әдеби айналымдағы Ахмет творчествосы туралы пікірлердің жиынтығы Әмина Мәметованың "Көркем әдебиет туралы" мақаласында берілген. Әмина Ахаң творчествосын орыстың революционер-демократы Чернышевскиймен қатар қойып, "Ахаңды мақтайын деуден аулақпын. Бірақ тарихтан тиісті орнын берейік дегім келеді. Ахаң әдебиетімізге жұмыс етпеді ме? Қолынан келгенше заманына қарай жалтыраған түймесін жұлып тастап, құл болған, теңдіксіз болған жұрт екен деп, есепке алынбаған қазақ жұртына заманына қарай көре білгенше, түсінгенше жен сілтемеді ме?" [4; 64 б] деген орынды ой айтады.
Ақын өлеңдеріндегі кер замандағы қазақ тұрмысының бейқам күйі, білімге, оқуға ұмтылудың аздығы, қасіретті халды түсінбеушілігі елді басқан ұйқының қалың-тұман бейнесі арқылы берілген. Оның көптеген өлеңдерінде осы бір образ алдыңғы қатарға шығып, енжарлық пен күйкі тірліктің символикалық көрінісіне айналады. Өмір философиясына толы жан толғауы, саяси-әлеуметтік жүгі ауыр, сан-салалы ой ағысы алмасып келіп отыратын "Жиған-терген" өлеңінде де осы бір құбыжық та корқынышты образ кез алдыңнан кетпей қояды.
Баяғы калпы, Баяғы салты
Бұл не еткен жұрт ұйқышыл?!
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам, жым-жырт жай [5; 21 б].
Қалың ұйқыдағы халқын оятып, серпіліс әкелер жол іздеп шарқ ұрған ақын таңдап алған жолының ауырлығы мен қиындығын сезінеді, бірақ үмітін үзбейді. Сондықтан сарымаса болып ызыңдай беру керек екенін, тынымсыз еңбек түбі — зейнет екендігін ұқтыруға жан салады.
Ағартушылық идеяға әбден сенген дарын өз қоғамының мүшкіл халден шығуы үшін мықты қозғаушы күш керектігін ұға бастағанда, бейбітшіл ұғымдар күресшіл сипат дарытып шыға келеді. Ондай өлеңдер "Масада" көбейе түскенін көреміз.
Ақын бостандық құдайдың құдіретімен емес, күрес жолымен келерін ұғады. Ахмет үшін күрессіз өмір — мәнсіз өмір. Ахмет, Міржақып көтерген "Оян, қазақ" ел қамын жеп, бостандық пен азаттық таңына бастаудың алғашқы қадамы еді.
Осы уақытқа дейін біз азатшыл рухты, азаматтық пафосты тек бір халықтың екіге жарылған күресінен көріп келгенбіз. Бай мен кедей арасындағы күресті "таптық тартыс" деп танып, дүниені өзгертуші ұлы күш сол күрестің нәтижесі деп білдік. Ол күрестен өзге ой жалпы адамзат прогресіне жат санальш, жалпы елдік, жалпы ұлттық ұрандар "ұлтшылдыққа" телініп, кертартпа саналды. Өйткені "Революцияның отты жылдарының оны жақтаушыларды дос деп, қарсыластарын жау деп үйреткен кезінде, біз тек ақ пен қараны ғана білдік. Басқа түсті айырып білген жоқпыз. Оған ұмтылмадық та" [6; 20 б].
Ахаң үндеген күрес жолы қай күрес?.. Ахаңның іс-әрекетіндегі, творчествосындағы революциялық рухты неден танимыз?.. Ахаң күресі — таптар жігін ажыратып, бір халықтың екі бөлініп майдандасуы емес, ел бірлігін сақтап, надандықты жеңе отырып, ұлт азаттығына ие болу. Ахаң творчествосының күрескерлік рухына осы тұрғыдан қарасақ, отаршылдық пен ұлттық езгіден бостандыққа ұмтылған жаңа идеология болмысын, ояну мен қайта өрлеудің жаңа мазмұн-нақысын байыптауға тиіспіз. Өйткені отаршылдық шынжыры қанға бөктірген халқының жан жарасы оның жүрегінде шемен боп қатуынан ақынның жан айқайы өзінен өзі ұран өлеңге айналып кетті.
А. Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне дейінгі ақындардан өзгелеу бір астарлы сыры да осы. Ақын өнер, білімді "таза күйінде" уағыздап қоймайды. Ол оны халықтың санасы оянып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына көз жіберіп, бостандыққа ұмтылудың нұрлы сәулесі деп санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой нысанасы етілмесе, Ахмет өлеңдерінде ол негізгі тақырып, "темірқазық" іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқынын тағдырына күйзеліп, озық кеткен өзге халықтармен иық теңестіруді "тіл ұстартып, өмір шашпақтан" іздесе, Ахмет ойы бостандық үшін күреспен байланыстырады. Оның өзіне дейінгі саңлақ ақындардан бір қадам ілгері басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен құдіреті де осында. Ақынның "Досыма хат", "Жиған-терген", "Анама хат", "Жауға түскен жан сөзі", "Жауап хаттан" т.б. өлеңдерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой аңғарында жатыр.
Ахметтің жинақтарына енбей қалған кейбір өлеңдері бүркеншік есіммен "Қазақ" газетінде жарияланған. Ал "Қазақта" көбіне ел мұңын жоқтаған азатшыл поэзияның ғана орын тапқаны шындық. Мәселен, газеттің екінші санында жарияланған "көшбасшы" өлеңінен-ақ осы бір талап айқын сезіледі. "Зарыққанда қылған бата" деп аталатын өлеңнің шымыр шумақты өткір сөздері "жүрекке деп, ойға жөн". Көңілдегі мұңды оятып, ұмтылысқа, қимылға шақырғандай:
Сөйлесін! Жүйрік болса інжу тізіп,
Жосықсыз бас ауыртпай босқа езіп.
Құйса екені қысқасынан түсіндіріп,
Ретті, терт аяғы түгел келіп.
Кесем бол тура жолға бастап кетсін,
Қалмасын кейінгілер соңына
1916 жылдың аласапыранды тұсында елдің "қызыл қанға боялмауын" тілеген Ахмет қарлы көтеріліске қарсы болып, саяси жолмен, келісіммен шешілудің жолында жүрді. Әрине, Ахмет бастаған топтың бұл өрекетінің дұрыс-бұрыстығына уақыт таразы. Қалай болғанда да Ахаңның елге жамандық ойламағаны белгілі. Біздің бұл ойымызды оның сол бір тұста "Қазақта" Қазақ Алашбай оғлы деген бүркеншік есіммен жарияланған "Обалы кімге?" өлеңі дәлелдей түседі. Онда Ахмет өзінің ұстанған көзқарасының дұрыстығын, елді дүрліктергенмен пайда жоқтығын айтып қырылған елдің обалы кімге деген өткір сұрақ қояды.
1923 жылы А.Байтұрсынұлының елужылдық мерей-тойына арнаған мақаласында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов: "...Ахаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің есімізде... Ахаңның бұрынғы айтқан сөзін қазақ даласы әлі ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, арқаның қоңыр желімен бірге өсіп, шалқып жатыр", — деп, оның поэзиясындағы буырқанған бұлқыныстың, рухы мәңгі өлмес азаматтық идеяны жалау еткен өлең жолдарының тот баспас асылдығын танытқан еді.
"Маса" жинағына енген өлеңдерден, әсіресе, кейінгі басылымдарына енген өлеңдерінен күресшіл рух, 1905-1907 жылдардағы революциялық толқулардан қанаттанған тасқын күштің серпілісі ұшқын шашады. Ақын өлеңдеріндегі төңкерісшілдік сарын өлең жолдарындағы ішкі тегеурінінен, ширыққан шымыр ойлар арқылы білінеді:
А. Байтұрсынұлы творчествосындағы ұлт-азатшыл бағыт оның саяси бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ халқын орыс патшасы езгісінен азат етіп, отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруына қол жеткізу арманынан, бар даусымен үн қосуынан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет