Ахмет Байтұрсынұлы Өмірбаяны Ахмет Байтұрсынұлы



Дата16.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#115909
түріӨмірбаяны
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы


Ахмет Байтұрсынұлы
Өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылы өз пікірлестерімен бірге Алаш партиясын құрды
Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады
Қазақ қоғамына жаңаша оқыту жүйесін енгізе отырып, ежелеусіз төте жазу мен оқуды қалыптастырған қазақтың ғұламасы А.Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын», - деген болатын. Мұсылманша, яғни ескі оқу жолы былай болғаны белгілі: «Әуелі әліпті тегіс жатқа оқытады және де оқытқанда әрбір харфтің өз үнімен оқытпай, әліпбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін оқытады. Мұны оқытқанда да харфтің өз дауысын оқытпай … бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы қалай екенін білмей баланың басы қатады». Міне осы себептен А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, ыңғайластыруды қолға алғаны белгілі және ғалым реформалаған әліпби 1912 жылдардан бастап қолданысқа енді. Сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппе» оқулығы жарыққа шықты. А.Байтұрсынұлының бұл «Әліппесі» сол кезеңдегі қазақ қоғамын сауаттандыру ісінде теңдессіз қызмет атқарған болатын.
Өз халқының сауатты болуына, білім алып, көздерінің ашық болуына зор үлес қосқан айтулы азматтардың бірі деп анық айта аламыз. Бұл орайда, А. Байтұрсынов республикадағы мектептердің әр түрінің көбеюі мен оқушылар санының өсуіне зор жағдай жасап, оны өзінің қатаң бақылауына алып отырған. Сауат ашуда қазақ мұғалімдерінің қатарын толықтыру керектігін дер кезінде түсініп, жаңа мұғалімдерді дайындау мен қатар бұрынғы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында уездер мен губерниялардың бәрінде қысқа мерзімді және екі жылдық мұғалім дайындайтын курстарды ашты. Осы курстарға жастарды көптеп тартып, оларға стипендия төлеген. Сонымен қатар, ұлтын сүйген ұлды ауыл мәдениеті қатты алаңдатты. Осы орайда ауыл мәдениетінің мүлдем артта қалғанын ескере отырып, А. Байтұрсынов өз кезегінде Комиссариат нұсқаушыларын шалғай ауылдарға іс сапармен мектептер, сауат ашатын орындар мен қызыл отауларды ашуға жіберген.
Ахмет Байтұрсынұлының білімге қосқан үлесі
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет