Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет43/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98
Пысықтауыш сөздер 
Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді 
айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің амалын көрсететін сөз — баяндауыш. 
Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып 
шығады. Бұлар баяндауышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш 
көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші, орнын айтып, үшінші, 
сынын, сыйқын айтып, төртінші, себебін айтып, бесінші, мақсатын айтып 
пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа бөлінеді. 
Жана да әр тобы өзінің пысықтау мәнісіне қарай: Мезгіл пысықтауыш; 
Мекен пысықтауыш; Сын пысықтауыш; Себеп пысықтауыш; Мақсат 
пысықтауыш деп аталады. Амалдың мезгілін мекенін, сынын, себебін, 
мақсатын көрсету бұл пысықтауыш сөздердің ішкі белгілері, бұлардан 
басқа тысқы белгілері де бар. Әр пысықтауыш сөздің өз алдына жауап 
беретін сұраулары бар. Олар тысқы белгісі болады. Қай пысықтауыш 
екенін ішкі, тысқы белгілерімен тауып аламыз. 
Мезгіл пысықтауышы 
Мезгіл пысықтауышы амалдың мезгілін көрсететін сөз болғандықтан, 
«қашан?», «қай уақыт?» (жалғаулы-жалғаусыз) сұрауларға жауап береді. 
Мезгіл пысықтауышы болатын сөз таптары: 
Әуелі — мезгіл пысықтауышы болатын — мезгілдік үстеу. 
Мысал: Мана қар жауды. Не жауды? — қар. Қар не етті? — жауды. 
Қашан жауды? — мана. 
Екінші — мезгіл пысықтауышы болатын — мезгілдік үстеуге айналған 
зат есім. Мысал: Ертең боран болар. Не болар? - боран. Боран не етер? - 
болар. Қашан болар? — ертең. 
Үшінші — мезгіл пысықтауыш болатын — мезгілдік үстеуінің орнына 
айтылған зат есім. 
Мысал: Хатшы күні бойы жазды. Кім жазды? хатшы. Хатшы не қылды? 
- жазды. Қанша уақыт жазды? - күні бойы. 


142 
Төртінші – мезгіл пысықтауыш болатын – зат есім жана да сан есіммен 
косылып екеуі. 
Мысал: Оқу он сағатта басталды. Не басталды? – оқу. Оқу не қылды? –
басталды. Қай уақытта басталды? — он сағатта. 
1-інші мысалда — «мана», 2-інші мысалда — «ертең», 3-мысалда — 
«күні бойы», 4-інші мысалда — «он сағатта» деген сөздер болған амалдың 
мезгілін көрсетіп тұр. Жана «қашан»?, «қанша уақыт?», «қай уақытта?» 
деген мезгіл пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан 
бұл сөздер мезгіл пысықтауышы болады. 
«Мана» - мезгілдік үстеу, «ертең» - мезгілдік үстеуіне айналған зат 
есім, «күні бойы» — мезгілдік үстеу орнына айтылған зат есім, «он 
сағатта» дегеннің - оны — сан есім, сағаты — зат есім. 
Мекен пысықтауышы 
Мекен пысықтауышы амалдың орнын көрсететін сөз болғандықтан, 
«қайда?», «қайдан?», «қалай?» деген сұрауларға жауап береді. 
Мекен пысықтауышы болатын сөз таптары: 
Әуелі — мекен пысықтауышы болатын – мекендік үстеу. 
1) 
Мысал: Атты әрман бара жатыр. Кім бара жатыр? - атты. Атты 
нешік? - бара жатыр. Қайда бара жатыр? — әрман. 
Екінші - мекен пысықтауышы болатын — мекендік үстеуге айналған 
зат есім. 
2) 
Мысал: Тыста тықыр естілді. Не естілді? — тықыр. 
Тықыр не қылды? — естілді. Қайда естілді? — тыста. 
Үшінші - мекен пысықтауыш болатын — зат есім өз қалпында. 
Мысал: Қапаш қалаға кетті. Кім кетті? — Қапаш. Қапаш не қылды? 
— кетті. Қайда кетті? — қалаға. 
Төртінші — мекен пысықтауышы болатын — мекен үстеуіне 
айналған есімдік. 
Мысал: Мұқан мұнда келді. Кім келді? — Мұқан. Мұқан не қылды? 
— келді. Қайда келді? — мұнда. 
Бесінші — мекен пысықтауышы болатын — үстеу орнына айтылған 
есімдік. 
Мысал: Оспан осыннан аттанды. Кім аттанды? — Оспан. Оспан не 
қылды? — аттанды. Қайдан аттанды? — осыннан. 
Алтыншы — мекен пысықтауышы болатын — үстеуге айналған зат 
есім. 
Мысал: Қонақ тысқа шықты. Кім шықты? – қонақ. Қонақ не қылды? 
— шықты. Қайда шықты? — тысқа. 


143 
Жетінші – зат есім мен үстеуге айналған көсемше қосылып мекен 
пысықтауышы болады. 
Мысалы: Қалашы елге қарай бұрылды. Кім бұрылды? — қалашы. 
Қалашы не қылды? — бұрылды. Қалай қарай (қайда) бұрылды? — елге 
қарай. 
1-інші мысалда — «әрман», 2-інші мысалда «тыста», 3-інші мысалда 
«қалаға», 4-інші мысалда — «мұнда», 5-інші мысалда — «осыннан»,
6-ыншы мысалда — «тысқа», 7-інші мысалда — «елге қарай» деген 
сөздердің бәрі амал орнын көрсетіп тұр жана «қайда?», «қайдан?», «қалай 
қарай?» (қайда) деген мекен пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп 
тұр. Сондықтан бұл сөздер мекен пысықтауышы болады. 
«Әрман» — мекендік үстеу, «тыста» — мекендік үстеуіне айналған 
зат есім, «қалаға» — зат есім, «мұнда» — мекендік үстеуге айналған 
есімдік, «тысқа» — үстеуге айналған зат есім, «елге қарай», «елі» — зат 
есім, «қарайы» — үстеуге айналған көсемше. 
Сын пысықтауышы 
Сын пысықтауышы амалдың сынын көрсететін сөз болғандықтан, 
«қалай?», «қалайша?», «қайтіп?» деген сұрауларға жауап береді. 
Сын пысықтауышы болатын сөз таптары: Әуелі – сын пысықтауыш 
болатын – сынаулық үстеулер. 
Мысал: Тазы түлкіге әрең жетті. Кім жетті? – тазы. Тазы не қылды? – 
жетті. Кімге жетті? – түлкіге. Қалай жетті? – әрең. 
Екінші – сын пысықтауыш болатын – үстеу орнына айтылған зат есім. 
Мысал: Құс ұшар жүйесімен аспандағы. Не ұшар? — құс. Құс не 
қылар? – ұшар. Қай құс? — аспандағы. Қалай ұшар? — жүйесімен. 
Үшінші – сын пысықтауыш болатын – үстеуге айналған зат есім. 
Мысал: Бала шалқасынан құлады. Кім құлады? — бала. Бала не етті? — 
құлады. Қалай құлады? – шалқасынан. 
Төртінші – сын пысықтауыш болатын — үстеу орнына айтылған зат 
есім. Мысал: Әскер жаяу жүрді. Кім жүрді? — әскер. Әскер не етті? — 
жүрді. Қалай жүрді? – жаяу. 
Бесінші — сын пысықтауыш болатын – үстеуге айналған есімдік. 
Мысал: Омар олай ойламады. Кім ойламады? – Омар. Омар не қылды? — 
ойламады. Қалай ойламады? — олай. 
Алтыншы — сын пысықтауыш болатын — сан есім. 
Мысал: Балшы ноқатын төрт-төрттен санады. Кім санады? — балшы. 
Балшы не қылды? – санады. Нені санады? — ноқатын. Қалай санады? — 
төрт-төрттен. 


144 
Жетінші — сын пысықтауыш болады — көсемше. 
Мысал: От саулап жанды. Не жанды? — от. От не қылды? — жанды. 
Қалай жанды? — саулап. 
1-інші мысалда — «әрең», 2-інші мысалда «жүйесімен», 3-інші 
мысалда — «шалқасынан», 4-інші мысалда — «жаяу», 5-інші мысалда — 
«олай».
6-ыншы мысалда — «төрт-төрттен», 7-інші мысалда «саулап» деген 
сөздер амалдың сынын көрсетіп тұр жана да «қалай?» деген сын 
пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер сын 
пысықтауышы болады. 
«Әрең» — сынаулық үстеу, «жүйесімен» — үстеу орнына айтылған сын 
есім, «олай» — үстеуге айналған есімдік, «төрт-төрттен» — сан есім, 
«саулап» — көсемше. 
Себеп пысықтауышы 
Себеп пысықтауышы амалдың себебін көрсететін сөз болғандықтан, 
«неден?», «неге?», «неліктен?», «не себептен?» деген сұрауларға жауап 
береді. 
Әуелі — себеп пысықтауыш болатын зат есім. Мысал: Атасы аштан 
өліпті. Кім өліпті? — атасы. Атасы не қылыпты? — өліпті. Неден өліпті? 
— аштан. 
Екінші — себеп пысықтауыш болады — есімше. Мысал: Бала 
ұялғанынан қызарды. Кім қызарды? — бала. Бала не қылды? – қызарды. 
Не себептен қызарды? – ұялғанынан. 
Үшінші — себеп пысықтауыш болатын — үстеуге айналған есімдік. 
Мысал: Сондықтан от жанбады. Не жанбады? — от. От не қылды? — 
жанбады. Неліктен жанбады? — сондықтан. 
1-інші мысалда — «аштан», 2-інші мысалда —«ұялғанынан», 3-інші 
мысалда — «сондықтан» деген сөздер амалдың себебін көрсетіп тұр жана 
да «неден?», «не себептен?», «неліктен?», деген себеп пысықтауышының 
сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер себеп пысықтауышы 
болады. 
«Аштан» – зат есім, «ұялғанынан» – есімше, «сондықтан» — үстеуге 
айналған есімдік. 
Мақсат пысықтауышы 
Мақсат пысықтауышы амалдың мақсатын көрсететін сөз болған соң, 
«неге?», «не үшін?» деген сұрауларға жауап береді. 


145 
Мақсат пысықтауышы болатын сөз таптары: 
Әуелі — мақсат пысықтауыш болатын — етістік. 
Мысал: Жұрт өлең тыңдауға жиылды. Кім жиылды? — жұрт. Неге 
жиылды? — тыңдауға. Не тыңдауға? — өлең. 
Екінші — мақсат пысықтауыш болатын — етістіктен есімге 
айналған жана да «үшін» жалғаулық қосылған сөздер. 
Мысал: Жігіт қыз таңдау үшін жүріпті. Кім жүріпті? — жігіт. Жігіт 
не қылыпты? - жүріпті. Не үшін жүріпті? - таңдау үшін. Не таңдау үшін? – 
қыз. 
Үшінші – мақсат пысықтауыш болатын – зат есім. 
Мысал: Біреу танысына қонаққа барыпты. Кім барыпты? — біреу. 
Біреу не қылыпты? — барыпты. Кімге барыпты? — танысына. Неге 
барыпты? – қонаққа.
1-інші мысалда «тыңдауға», 2-інші мысалда — «таңдау» (үшін),
3-інші мысалда — «қонаққа» деген сөздер амалдың мақсатын көрсетіп тұр 
жана «неге?», «не үшін?» деген сұрауларға жауап беріп тұр. Сондықтан 
бұл сөздер мақсат пысықтауышы болады. 
«Тыңдауға» етістік, «таңдау» есімге айналған етістік, «қонаққа» — 
зат есім.
Бұратана сөздер 
Бұл айтылған сөйлем мүшелерінен басқа сөйлем маңайында жүретін 
бұратана сөздер болады. Ол бұратана сөздер екі түрлі. Бір түрі сөз арасына 
керек жерінде қыстырыла айтылатын сөздер. Бұлар қыстырма сөз деп 
аталады. Қыстырма сөздер сөйлем ішіндегі басқа сөздерімен үйлеспейді, 
байласпайды. Алып тастағанда орны ойсырай қоймайды. 
Екінші түрі сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйлегенде айтылатын 
сөз. Бұлар қаратпа сөз деп аталады. 
Бұлар да сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, байласпайды. 
а) Қыстырма сөз 
Ауру, әрине, жақсы нәрсе емес. Әзірге, шүкір, жаман емеспіз. Бұл 
сөйлемдерге қыстырылып айтылып тұрған қыстырма сөздер «әрине» мен 
«шүкір» деген сөздер. Бұлар басқа сөздермен үйлесіп, байласып тұрған 
жоқ, құр қыстырылып тұр. Оны алып тастағанда, сөйлемге келе қоятын 
кемшілік жоқ. Мәселен: «Ауру жақсы нәрсе емес» десек немесе «әзір 
жаман емеспіз» десек, «әрине» мен «шүкір» деген сөздердің орны үңірейіп 
жоқтығы сезіліп тұрған жоқ. 


146 
б) Қаратпа сөз 
Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, әлеумет! 
Әй, Әлжан, қайда барасың? Құдай, оңда! Оңға баста... Мұнда қаратпа сөз 
болатындар: «қызым», «келінім», «әлеумет», «Әлжан», «құдай», үйткені 
сөз беті соларға қаратылып айтылып тұр. 
Сөйлем мүшелерін айыруға керек сөйлем мысалдары: 
Сөйлем мүшелерін айырту жүзінде сөйлем мысалдарымен үш түрлі 
іс істеледі: 1) Өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру.
2) Сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту. 3) Сөйлемнің қажет болған 
түрлерін оқушылардың өзіне тапқызу. 
Ат арыды, тон тозды. Бұлт шықты, жел күшейді, дауыл болды, күн 
жауды. Күн батты, ымырт жабылды. Қасқыр шапты, қой үрікті, ит 
шулады. Егін шықты, астық арзандады, ел тоғайды. 
Тау тауға қосылмайды, адам адамға қосылады. Жомарт жоқтығын 
білмейді, жүйрік тоқтығын білмейді. Жақсы жатырқамайды. Аңқау 
андамайды, әңгі тындамайды. Жалқау жаратпайды. Ауру аздырады, суық 
тоңдырады. Үлкен бастар, кіші қостар. Ескі жаңа болмас, жаман жақсы 
болмас. Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді. 
Біреу екеу болмас, екеу үшеу болмас. Аларманға алтау аз. Жүзді 
мың жығады. Түгел төртеу, ала алтауды алады. Қырықтан елу көп. 
Біріншісі берді, екіншісі алды. 
Мен келдім Мырзалының ордасына. Сен маған қарамадың. Ол саған 
атын бере алмайды. Өзім бара алмадым, сөзім жете алмады. Олар көшіп 
кетті, біздікі еру қалды. Өзі жығылған өкінбейді. Еттің бәрі қазы болмас, 
иттің бәрі тазы болмас. Бұлар бүгін жүреді, олар ертең кетеді. 
Сөздің расын айтпақ керек. Көпке ұнамақ қиын. Ат ұстаған азабынан 
құтылар. Асыққан жетпес, бұйырған кетпес. Ас қадірін ашыққан білер, ат 
қадірін асыққан білер. Беруші бесті қимайды, алушы алтыны азсынады. 
Ескерген ескі асынан сақтайды. Ұялған тек тұрмас. Атқанның құсын 
жатқан байланар. «Тағы» жуан айтылады, «әбден» жіңішке айтылады. 
«Тіпті» — нықтаулық үстеу, «адамша» - сынаулық үстеу. «ма», «ба» 
сұрағанда айтылады. «да» екі мағанада айтылады. Отырғандардың 
құлағына «ойбай» естілді. «Айтақ» қойылды, «аттан» естілді. «Шәуім-
шәуім» — одағай арқылы — жалғаулық «менен» — мен болған «таман» 
жақындауды көрсетеді. «Көрдім» деген көп сөз, «көрмедім» деген бір сөз. 
Ашу — кәпір, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос. Жақсы сөз 
сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді. Ақымақты үйрету – өлгенді тірілту. 


147 
Оқу түбі – тоқу, өнер алды – қызыл тіл. Тыймаған ауызда бәле бар. Тіл 
қылыштан өткір. Адам сөзінен жазар, сиыр мүйізінен жазар. Жүздің көркі 
– сақал, сөздің көркі – мақал. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз 
бұзар. Тамақ тоқ, көйлек көк, уайым жоқ. Аузы жаман елді былғар, аяғы 
жаман төрді былғар. Жастық — мастық. Оңқа ойын бұзар, тентек жиын 
бұзар. Жаман еркек той бұзар, жаман әйел үй бұзар. Елсіз көлге бақа 
айғыр. Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы. «Ел біледі» деген күлер, 
«өзім білем», деген бүлер. Ел құлағы елу. Алдыңғысы алты, кейінгісі жеті. 
Сөйлеген – мен, тыңдаған сен. Берген — өзі, алған — өзі, Малың — анау, 
ұрың — мынау. Сан сұрауы «неше?», сын сұрауы «қандай?». Дәйекшілі 
үстеу - «әрі», дәйекшісіз үстеу – «бері». «Ол»-дан туған олай, «бұл»-дан 
туған бұлай, «сол»-дан туған солай. «Білемін» деген «бүлемін» деген. 
Жомарт ер жоқтығын білмейді, жүйрік ат тоқтығын білмейді. Ит тойған 
жерін іздейді. Ер туған жерін іздейді. Жүк ауырын нар көтереді, қаза 
ауырын ер көтереді. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі-ді, жамандыққа 
жақсылық — ер кісінің ісі-ді. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел 
көгереді. Бітімі жаман қамысты су ішінен өрт шалар, туысы жаман жігітті 
түйе үстінен ит қабар. Есек семірген күні иесін тебер. Жақсының 
шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесепеті тиер әр жерде. Жақсы 
жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады. Жорға 
жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады. Жаман ерден 
жайдағым жақсы, жаман қатыннан бойдағым жақсы. Өзі ұры жүрттың 
бәрін ұры дейді, өзі қар жұрттың бәрін қар дейді. Өзі өле-өлгенше ақпын 
дейді. Көп жортқан түлкі терісін алдырады. Алдырған анасының қойнын 
ашады. Шығасыға иесі басшы болады. Халқы жаманның биі азады, 
қатыны жаманның үйі азады. Жанын аямаған жау алады, малын аямаған 
дау алады. Сөз жүйесін табады, мал иесін табады. Шоқпарды сала алмаған 
өзіне тигізеді. Тау белгісі тасында, бай белгісі асында. Ақыл мен жан — 
мен өзім, тән — менікі. Мені мен менікінің мағынасы екі. Мен өлмекке 
тағдыр жоқ әуел бастан. 
Бұл тойда топтан озған мен айтамын. Сөйлемес бөтен қазақ мен 
тұрғанда. Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда. Той қылмақ бүл дүниенің 
зейнеті еді. Бір баланың зарынан жиын тойға бармадым. Құлдан көрдім 
қорлықты, жалшыдан көрдім зорлықты. 
Майқара Қарасайға бітер қалың. Қошалақ семіртеді арғын малын. 
Қарасай Қошалақты мекен еткен. Бір жылы Кенесары ағаларым, қаңтарда 
Қошалақты мекен еткен, Жайлауға Торғай суын көктей өткен. Қарасай, 
Қошалақтың қара отына, Наурызбай, Кенесары мал семірткен. Қасында 
Төлеңгіті жүз қаралы үй. Жігіттің айтқаны өлең, тартқаны күй. Кәсібі — 
жортуылдан мал әкелу. Қанына жақсы ат тартқан алады сый. Жиылған 


148 
атақты аттар талай жерден, Барлығы асқан жүйрік тайпалы елден. Бір күні 
бір үш жігіт атқа мінген. Түсаулы жауыр торы оттап тұрған. Желқом ер 
жерде жатыр басы сынған. Үшеуі жөнеледі елге таман, бір жігіт, бір ат 
олжа, өздері аман. Үшеуі бишараны ортаға алған. Қарасай ел жағына 
кейін салған. Біз сені Кене ханға апарамыз. Тайынан бұл торымды бағып 
едім. Үкіні құйрық, жалға тағып едім. Түн қатып үш-төрт күндей олар 
жүрді. Еліне хан Кененің жақын келді. Үшеуі ол жігітке жауап берген. 
Хан Кене зекет алады көшкен елден. Жатпайды жігіттері ханның текке. 
Жолыққан жортуылшы шығар шетке. Семізін келген малдың сойып 
жеген. Олжада жетім-жесір малдан артық: келеді халқы олардың тарту 
тартып. Халыққа Кене жатыр қорқу салып. Төңіректе ел қалмады 
бағынбаған. Бақыты Кене ханның қабындаған. Бұл күнде күшті боп тұр 
Кенесары. Кенеге бағынған ел қойдан жуас, Қыстауға Жыланшыққа мекен 
салдық. Биыл қыс қатты болды, жұтап қалдық. Жаппаста Жылгелдінің 
баласы бай. Айдарға мал, артарға атаны сай. Бесінде бұл төртеуі елге 
келді. Алыстан ел қарасын көзі көрді. Жайылған Қарасайды жүзқаралы үй. 
Бишара тұтқын жігіт ой ойлайды. Ортада қатар тіккен үш ақ орда. 
Алыстан көрінеді жігіт сорға.Үй сайын байлаулы ат, қара найза. Белдеуде 
қыстырылған бір-бір дорба. Далада Кенесары жүрген екен. Төртеуін 
Кенесары көзі көрді. Айтады сонда тұтқын: Алдияр, хан! Қорқады 
қаһарыңнан неше мың жан.«Ерлікпен мені байлап алдым» деген, тақсыр-
ау, жігітіңнің сөзі жалған. Мен, тақсыр, ұйықтаймын деп ғапыл қалдым. 
Үшеуің қандарыңа өтірік айтпа. Жерімде ұйықтап жатқан байлап алдың. 
Қапы қалдым, атыма міне алмадым. Білекке қылышымды іле алмадым. 
Тақсыр-ау, астымда атым жүйрік желден. Жарыста озушы едім қалың 
елден. Мақтаған тұтқын жігіт осы ма атың? Әлгі желден жүйрік асыл 
затың? Мәстекті тайыншадан оза алмайтын, жібермес жүйрік десең ердің 
датын. Жүйрік жоқ алты алашта торы атымдай. Баяғы қолда ықтияр 
тұрған күнде. Атыма алмаушы едім екі жүз тай. Не пайда! Торы атыммен 
қаша алмаймын. Елестеп белден белге аса алмаймын. Кене хан Ордасына 
қарай жүрді. Арқанда жауыр торы тойып алған. Қызарып күнбатысқа күн 
де барған. Қызарып таң атады шығыс жақтан. Көрсетті күнде нұрын 
шашыратқан. Құйынған шық суына шалғын мен қау. Терлеген орман 
ағаш, бақшамен бау. Биік шарлап ұшады бозторғайлар. Түндік жабық, киіз 
үй іші самал. Қорада қыймылдамас бір қара мал. Бәйтөбеттер ұйқыда: 
дыбысы жоқ. Тәтті ұйқыда барлығы жаралғанның, естілмес дыбысы 
шығып жалғыз жанның. Күн сәске көтерілді сағым жүріп. Желге үйездеп 
тұр жылқы келіп. Түндігі Кене ханның ашылады. Халыққа хан жарлығы 
шашылады. Аты жүйрік талапкер қусын дейді. Кене хан бір тұтқынды 
қашырады. Бір шаншып жеткен жерде жоқ қылуға. Найзасын өткір қылып 


149 
қайраған бар. Хан үшін ту түбіне жайған кілем. Патшайы көрпе төсеп 
қойған білем. Торы атқа тұтқын жігіт қамшы басты. Ілезде жауыр торы 
белден асты. Қырық адам бір адамды қуып кетті. Шаңдағы шапқан аттың 
көкке шықты. Қуғыншы кешке жақын қайтып келген. Жүйрігін жауыр 
аттың айтып келген. Сәске түсте киіз үй іші салқын. Салқын қымыз 
қыздырар қазақ халқын. Сыйлы-сыйлы Кененің жігіттері жиылысқан. 
Ордаға ердің бәрі. Хан атасы төрде отыр Өтетілеу, босағада топталған 
нөкерлері. Осындай әурелікпен жаз өтеді. Қараңғы түндері ұзақ күз 
жетеді. Ауылдың жігіттері кезек-кезек, қасқырдан қойды түнде күзетеді. 
Арқаннан Құбақанды шешіп алдым. Қойшының желқом ерін оған салдым. 
Өткен қыс Жайық бойын жағаладым. Жаппасым, сөйлер сөзге кен екенсің. 
Еліңнен шығып жүрген ер екенсің. Арамза аңқау елге заңқой болған, 
Кеншімбай деген молда сен екенсін. «Көпті сөкпе, кенді төкпе» деген 
қайда? Байқадым өнеріңді сен екенсің. Атаңыз есітемін қара көзді. 
Айтасың маған неге жаман сөзді? Жүсіпбек, Төрекемен асқан заңға. 
Жүргенде жол бермейді тірі жанға. Жақсысын сіздің елдің көріп жүрмін. 
Тең келер осыларға кісің бар ма? Жаппасым, сен мақтама Мырқыңызды. 
Әуелі Мырқы бұзған ырқыңызды. Жаппасым, мен де айтайын бас адамды, 
мақтайсың қай-қайдағы нас адамды. 
Ит жаманы иесін қабар. Қара таудың басынан көш келеді. Қара 
көзден мөлтідеп жас келеді. Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді. Осылай 
шежіреден көрінеді. Болмайды кемшіліксіз ешбір халық. Бәрінен кейін 
қалған қазақ анық. Басқа жұрт біз секілді жалқау емес. Ғылыммен 
қараңғыны етер жарық. Оқуға жұрттың бәрі емес құмар. Айырсын 
оқушылар мағанасын. 
Сатады қызды қазақ мал орнына. Ол Кебек мықты болған жас 
басынан. Тоқаң да тастамайды өз қасынан. Он бесінде Кебектің аты 
шықты. Мың қарға залал қылмас бір сұңқарға. Әкімдер жаңа өспірім 
жастан болды. Басына ұрылардың бостан болды. Әуелі қор болғанның бірі 
билік. Мен көрдім неше жүйрік даналарды. Орысша жазуларын көрді 
көзің. Жүректі ұйықтап жатқан ән оятар. Құдая, құдіретіңе таң қаламын. 
Жолында бір ғашықтың зарланамын. Ішімді ғашық оты күйдіреді, 
сыртыма шығаруға арланамын. Ақ ерке алма мойын, қалды кейін. 
Қолымнан жібек баулы ұшты тұйғын. «Татбир жоқ тағдырына» деген 
мысал. Дүниеде айырылмаған кімнің досты? Қайғанда Жақып ұлы Жүсіп 
өткен. Жүсіпке Зылиқаны ғашық еткен. 
Ғашыққа қапа көрмек бастан тағы. Ой түспек бір-біріне достан тағы. 
Мақсатын осылардың етті қасыл. Әуелде тағдыр құда қосқан тағы. Ғазиза, 
хат жазамын, жаным сізге. Біраз күн бара алмадым себеппенен. Өлеңмен 
білдірейін қалым сізге. Досыңның екі болмас айтқан серті. Түбінде 


150 
терезенің «көкек!» деген: «Қам қалма – бастан дәурен өтеді» деген. 
Қарағым, сапар шектің бөтен елге. «Қош» айту қиын болды кетер жерде. 
Бұл жерде қатар жүрген төртеу едік. Төртеуміз мәжілістің көркемі едік. 
Төртеуіміз келуші едік күнде кешке, ақ сұңқар бала ителгі аршын төске. 
Қарағым, бөтен елге сапар шектің, досыңды бірге жүрген зар еңіреттің. 
Қуаныштың ақыры болды мұндай. Алдымнан қарсы келдің ханзада 
қыз! Әр өнер, еркем, сізден табылады. Құрбыңыз еске алғанда сағынады. 
Жамандар ақылынан жаңылады. Ішім толып барады қайғыменен. 
Айырылмаспын деуші едім сүйгенімнен. Басымда тұр бар қайғы 
дүниедегі, өлеңменен айтамын күйгенімнен. Ел іші өсек, ғайбат қаптап 
жүрген. Жаманның етек-жеңі тар сықылды. Сүйеді жамандарды кейбір 
сабаз, бүтінді аудырмайтын нар сықылды. Сипаған сиыр білмес 
қызметіңді. Сыйлаған жаман білмес құрметіңді, әрқалай бір сияпат еткен 
жаман, болады атқарғандай міндетіңді. Кейбіреу сөйлейтұғын от басында, 
ол күні ешбір жан жоқ оған теңдес. Құр кеуде көтергенмен ұзамайды. 
Үйдегі түздегімен тура келмес. Мен, жасымнан атандым Мұса Жаяу. 
Жақсылық жамандықпен тұрсын таяу. Шорманның Мұстапасы атымды 
алған, Сол себептен атандым Мұса Жаяу. Кенесары, Наурызбай-хан 
Абылай баласы. Әуелі мекен қонысы – Көкшетаудың панасы. Жазғы 
жайлау өрісі – о да соның даласы. Өңшең бұзық, қанішер, қасына ерген 
қарашы. Ақырында не болды? Қырғыздан жетті қазасы. Кенесары ер 
болды. Ел ішінде бір болды. Асуы қиын бел болды. Қарсы келген 
адамның, көзінің жасы көл болды. Алатаудың жырасы қазулы дайын көр 
болды. 
Күмісті садақ, алтын оқ Кенекем жауға жолықты. Асаулар үзер 
шідерді. Кене хан үзді күдерді. Қабағы ханның түнерді. Қырғызға көше 
үдерді. Оңайлықпен қазаққа, Асуын қырғыз бермеді. Қарабалта Соққылық 
аңғарына шаң асты, қырғыз, қазақ екі жар — жалғыз жолға таласты. Сол 
уақытта Хан Кене ақылынан адасты. Ойдан атқан зеңбірек тау басына 
жетпеді. Ей, Бұғабай, Бұғабай! Амал тапшы бұған-ай! Былтыр өзің 
келгеннен, ханның алдын жарлығын. Тайғақ кешу тар жолда. Қолдың 
алдың жабдығын. Бір ізіңнен жүргіздің үш алаштың барлығын. 
Қысылғанда әрқашан, білінуші еді нарлығын. Осы сапар, Бұғабай, 
қырғыздың көрдім құрығын. Қырғызға лық, толыпты. Басытау мен 
төбенің. Салатұғын алдыма Бұғыбай басшы ер дейді, адыра қалғыр 
Алатау! Асуы қиын бел дейді. Кене хан сонда сөйлейді. Кетпесін жауға ар 
дейді. Қолдағы өңшең батырдың. Іріктеп бәрін ал дейді. Екі-үш жүздей 
батырмен, ойранды барып сал дейді. Қиын жерде қандарға, болады көмек 
қарашы. Қысылған жерде әркімнің, болады Алла панасы. Аз кісіге жақсы 
ғой, Алатаудың арасы. «Мақұл» деді Хан Кене Наурызбайдың сөзіне. Сол 


151 
уақытта Науанның, жан көрінбес көзіне. Отыз жігіт жөнелді, тамам 
қолдың бектері. Наурызбай кетті бектермен, тау басына барғалы. Тау 
басына қырғыздың қамалын бұзып алғалы. Кенесары бастығы, етекте 
тұрып қалғалы. Талап қылып ұрынды, тыңнаң бір жол салғалы. Қол 
көрінбес шаң болды. Алатаудың арасы. Қара ағаштай көп қазақ, ханға 
болдың қарашы. Ойда Қоқан, қырда орыс, әкім болды қаласы. Кімнен таяқ 
жегендей, біздің қазақ баласы, алдырып жүрген дұшпанға, өз аузының 
аласы. Дін мұсылман баласы! Бірге міндік кемеге, үш алаштың баласы. 
Байұзақ датқа түсінді. Бұл жауаптың тегіне. Ханның көңілі соғып тұр. 
Тыңнан бір жол салуға. Қалайда енді бет қойды. Тау басына баруға. Ұят 
шығар төреден, бөлініп кейін қалуға. Осыны айтып Байұзақ, қамшы болды 
нөкерге. Талап қылды Байұзақ, бір басшылық етерге. Түсе қалдық бәріміз. 
Жабыр-жұбыр қол қойдық. Жасымыз бен кәріміз. Тау басынан шу шықты. 
Отыз көкжал бөрімен, Наурызбай төре ол шықты. Болжал-болжал көрінер: 
Жау жоғары, біз төмен. Жеткен екен қамалға Наурызбай сынды сұр перен. 
Қарқарадай астында Байұзақ берген Көкдөнен. Күншығыс жаудың 
шетінен, Қамалға кірді көлденең. Өр қояндай бұлтиған, Көкдөнен ат 
астында, Көрұғлыға бергісіз отыз көкжал қасында Наурызбайдың ерлігін, 
Қырғыз, қазақ сөкпеді. Төренің алдын орады. Жаяу мерген төккелі. Алып 
шықты үш жүзден, айғыр менен биесін. Бөліп берді бәріне сыбағалы 
тиесін. Абылай аспас асуға Кенекем дүкен құрғаны, Кенекем келді біз 
үшін, үш алаштың қорғаны. Аянбай бүгін іс көрсет, Таманың батыр 
Құрманы. Денедегі шыбын жан ар намыстың құрбаны. Жар бола гөр, 
біздерге. Атамыз өткен Абылай! Сендер едің қанатым. Меңдібай, Дулат, 
Ағыбай! Дабылың асқан үш жігіт. – Шәкір, Жәуке, Төлебай. Ұмтылыңдар, 
ерлерім! Екі жүз үйдің мекені – Ақсудың аяқ саласы. Сегіз мыңдай бар 
еді. Соңғы қолдың шамасы. Он екі мың әскердің көбі Дулат халқы еді. 
«Егескенді мұқатпақ — Кене ханның салты еді. Мерген тұтқан ұлығы. 
Мәделі деген сарт еді. Ақауыз деген арғымақ. Мәделі берген ат еді. Қара 
қыстау шүңгірге. Ығысқан қырғыз қамалды. Қазақтың қолы сыймайды 
Алатаудың бауырына. Дулатты хан айдады. Өшіккен қырғыз жауына. 
Түсіп жатыр ен қырғыз Кене ханның ауына. Он мың кісі ат қойды 
Кекіліктің тауына. Бұл сапарда жар болды, Хан Абылай бабасы. Қырғызға 
лық толыпты, Алатаудың арасы. Ей, Наурызбай, ер төрем, Қарайып, 
жүрмін қаныма. Не жазығым бар еді, Кенесары ханыңа. Алмаған ары 
қалды ма, Қырғызда оның тағы да. Абылайдың тұсында қылған ісің жөн 
келген. Қыстай шаптың елімді. Малымды салдың телімге. Балалы арқар 
баурайда, баласыз арқар маңырайды. Мейрімсіз мұнша не қылдың: Көп 
мұсылман зарлайды. Не себептен Қан кене қырғызға мұнша өшікті. Ақ 
қалпақты қырғыздан Қазаққа берді несіпті. Жақсы айтасың, Кәрібоз, тату 


152 
едік сенімен. Сен білмейсің, Кәрібоз, мойнындағы жаранды. Тіпті де үміт 
қылмаймын, сендегі қатын баладан! Жолығыпты аңсызда, Ержан батыр 
аранға. Енді мұнда тақсыр Хан, тұрмағымыз арамды. Қолға толды 
Самсамен, Қызылсудың кемері. Шығар мезгіл таянды, ат пен ердің өнері. 
Бедер кірді майданға, Қырғыздың бір баласы. Батырлардың 
майданда, қызбас болды ойыны. Қайғыға толды бұ сапар, қазақтардың 
қойыны. Сегіз кісі жөнелді, Наурызбайдың соңынан. Шабалмайды қазақы 
ат, тас пен таудың тоңынан. Бедер менен Наурызбай, жақындасып 
барысты. Астарына мінген ат, ауыздықпен қарысты. Ат үстінде алысты, 
найзаменен «салысты. Бір-біріне жабысты, керегедей қабысты. Бедер 
барып жығылды. Күрең қасқа аттың сауырынан. А, құдайлап шулады, үш 
алаштың баласы. Шанышқан екен Наурызбай, Ер Бедерді жүректен. 
Науан бұ жол ағытты, ерлігінің тиегін. Кене хан қақты иегін, Бұқарбай 
батыр әкелді, ер Бедердің сүйегін. Олжа Болат баласы Ораз кірді 
майданға. Ер Бедердің артынан. Баяғы сөзден Ағыбай Қарайған екен 
қанына. Әзір оңға қарап тұр. Наурызбайдың жұмысы. Әзір аса біткен жоқ 
хан Кененің тынысы. Қара ала атты бір қырғыз, Жанқараш бектің інісі, 
Жекелеп кірді майданға. Батыр екен мұнысы. Наурызбай қарсы шабады. 
Жеке шыққан батырға хан иек қақты нөкерге. Алдында әскер жоқ болды. 
Зеңбіректің аузына Селдірсирек дөп келді. Сегіз кісі ұшырды. Селдірсирек 
шетінен. Бір атты атып ұшырды Қолдың арғы бетінен, Көңілі бітті 
Науанның. Тұз татырған еріне. Науан тағы жөнелді Таудың төскей өріне. 
Жөңкіліп жүрген қырғыздың Наурызбай үстін қаптады. Жалғыз барған 
төрені бәрі тегіс атқаны. Лап қоя шапты қырғыздар, Мергеннің атын 
бергелі. Аллалап жүрген қырғыздың желі туды оңынан. Ай мүйізді 
қошқардың бөрі тартты қоңынан. Мұрттай ұшты Ақауыз бір мылтықтың 
оғынан. Наурызбайға лап қойды, Қалың қырғыз шоғынан. Қызылсу мен 
Дауанның аңғарынан шаң асты. Төреден қазақ адасты. Қырғыз, қазақ екі 
жақ – Наурызбайға таласты. Қияда жүрген Бұқарбай атына қамшы бір 
басты. Бұл екеуін қорғауға Ағыбай сыртын айналды. Бұқарбай мен 
Наурызбай мінгесулі бір атқа, Бұлардың қолы байланды. Жалғыз өзі 
Ағыбай, қорғауға әлі келмеді. Қолындағы жарағын оңды-солды сермеді. 
Атасы данды — Абылай Бұқарбай мен Науанға. Өшікті қырғыз жабылды-
ай. Кертайлақ атты жеткізді. Жәуке менен Төлебай. Шұбыртпалы Ағыбай. 
Талайды шанышты жүректен. Ала бір таудың жылғасы, Бауырында ойнар 
құлжасы. Тар жерде жолдас болады. Ерлердің найза құрдасы. 
Белсеніп жауға шабады. Жігіттің жанға мырзасы. Сүйегімнен бұл 
таңба өле-өлгенше қалмайды. Мен айтайын бір мысал. Төрелер мен 
қазаққа жақындады бір қысаң. Ержан түсті қырғызға, О да болды бір 
нысан. Ендігі жерде сөйлейін. Болған істі бастағы. Жұрттан бұрын 


153 
Нысанбай. Жоқ сұмдықты бастады. Қобызы қалды қосшыда, Түзеді бетті 
қашқалы, Өз басын ғана құтқармақ, Ойламады басқаны. Бұл сапары 
қазақтың. Болмады қабыл тобасы. Рүстем мен Жуатай — Төренің нағыз 
баласы, Үндес болды қырғызбен. Он екі мың дулатты, қашырды түнде 
расы. Қазақтың көбі қырылды. Мойнына болсын жазасы. Сол барғаннан 
төрелер. Елге қайтып келмеген. Топшысынан үзілді. Екі бірдей қанатым! 
Пайда үшін біреу жақын бүгін таңда. Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-
қарлық. Саналы жан көрмедім, сөзді ұғарлық. Осы күнде осы елде дәнеме 
жоқ. Байлар да мал қызығын біле алмай жүр. Саудагер тыныштық сауда 
қыла алмай жүр. Естілер де ісіне қуанбай жүр. Қарындас қара жерге тыға 
алмай жүр. Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр. Жетіліп жаз жайлауға 
қона алмай жүр. Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс қыстауың 
қып-қызыл о бір пәле. Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр. Сұрамсақтар 
нәпсісін тыя алмай жүр. Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ. Бәрі де шаруаға 
келеді олақ. Олардың ойында жоқ малын бақпақ. Бір дәурен кемді күнге 
боз балалық. Жастықта бір күлгенің бір қаралық. Күлкі баққан бір көрер 
бишаралық. Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер, уайым — ер қорғаны, есі 
барлық. Қыйысы бұл дүниенің қолы тарлық, е-е-ге елірме, боз балалар! 
Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық. Алдыңда уайым көп 
шошынарлық. Ақыл керек, ес керек, мінез керек. Ері ұялар іс қылмас 
қатын зерек. Өзін-өзі күндейді. Мәз болады болысың. Арқаға ұлық 
қаққанға. Өзгелерді біз емес түсірмекші қақпанға. Білімдіден шыққан сөз, 
талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге. Көкірегінде болсын көз. 
Жүрегі айна, көңілі ояу. Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу. 
Ұқпасына сөзді тез. Абілет басқан елер ме, сөзге жуық келер ме? 
Байлаулы емес ақыл-ой. Бай сейілді, бір пейілді. Елде жақсы қалмады. 
Жөнді-жөнсіз сөз теңеусіз. Бас пен аяқ бір қисап. Кетті бірлік, сөнді ерлік. 
Енді кімге беттемек. Өтті өмір, қайтты көңілім, Бұл дүниенің ісіне. Түсті 
мойын, толды қойын, ақты сел. Мен паң едім, Бейғам едім, Ешнәрседен 
қайғысыз. Тез дерттендім, Кейде өртендім, Кейде мұз. Заман ақыр 
жастары [бар]. Қосылмас ешбір бастары (бар). Саудасы ар мен иманы. 
Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Күлмеңдеп келер көздері. Қалжыңбас келер 
өздері. Қайғы шығар ілімнен. Ыза шығар білімнен, зар шығады тілімнен. 
Ақыл бітпес дәулетке. Дәулет бітпес келбетке. Бас алқа сөз сенде жоқ. Ел 
қағынды. Мал сабылды, Ұрлық-өтірік гу де гу, Байы баспақ, биі саспақ. 
Әулекі аспақ, сыпыра қу. Бұрынғы түсті еске. Көрінбе ел көзіне, әсте 
қорқақ. Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ. Анда-санда құтырған 
жаман емес. Жұрт бала: еш нәрсесін тартып алма. Тар жерде жайпалудан 
танба әр кез. Кеудесі толған қулық ой. Бәрі де пысық езбе емес. Құмары 
оның айт пен той. Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын. Қазақтың өзге 


154 
жұрттан сөзі ұзын. Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін. Көздің жасы жүректің 
қаныменен ерітуге болмайды ішкі мұзын. Тәуекелсіз, талапсыз мал 
табылмас. Еңбек қылмас, еріншек адам болмас. Мал кетер, мазаң кетер, ар 
бұйырмас. Асаған, ұрттағанға ез жұбанар. Сенімді дәулет емес ол қуанар. 
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста, Малға достың мұңы жоқ малдан басқа. 
Аларында шара жоқ алдамасқа. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар. 
Мақтамапты ешкімді бұл күнде көп. Туғызған ата-ана жоқ. Туғызарлық 
бала жоқ. Толықсып жүрер шама жоқ. Жастарға жаппас жала жоқ, қартаң 
шалда сана жоқ. Бір сұлу қыз - келіншек, жүр соңында. Деген сөз: «бұқа 
буға, тентек «дуға». Хан қарық боп түсіп жүр айқай-шуға. Жар тастан қыз 
құлапты терең суға. Сән, салтанат жұбантпас жас жүректі. Епке көнер ет 
жүрек сату емес. Есерлер жас қатынды тұтады екен. Мал өмірді 
жаңғыртпас, Құдай ұрғыр. Құрбыдай қош тұттым жасың мен кәріңді. 
Ортаға көп салдым өзімде барымды... «Ұяламын» дегені көңіл үшін. Ұсақ 
қулық бір ғана өмір үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар. Жаңа 
сүйгіш адамзат «көрсе қызар». Өзің үлкен, қылығың бала-шаға. Балаша 
мәз боп жүрсің тамашаға. Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы. Қиыннан 
қиыстырар ер данасы. Айтушы мен тыңдаушы — көбі надан. Бұл жұрттың 
сөз танымас бір парасы. Қазаққа өлең деген бір қадірсіз. Былшырақ 
көрінеді ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. Туғанда дүние есігін ашады 
өлең. Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен. 
Өлең деген әр сөздің ұнасымы. Қарны тоқ хаса надан ұқпас сөзді. Көп 
тойда сөз ұғарлық кісі де аз-ақ. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Көкірегі сезімді, тілі орамды. Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Сөз 
айттым Әзірет-Әлі айдағарсыз. Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз. 
Батырдан барымташы туар даңғой. Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа. 
Салған ән - көлеңкесі сол көңілдің. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. 
Оның тәтті оралған мәні оятар. Баламды медресеге біл деп бердім. 
Түбінде тыныш жүргенде теріс көрмедім. Келдік талай жерге енді. Кіруге 
қалдық көрге енді. Күңгірт көңілім сырласар. Сұрғылт тартқан бейуаққа. 
Жасымда албырт өстім ойдан жырақ. Ой кіргелі тимеді ерік өзіме. Ішім 
толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр. 
Жүрегім менің қырық жамау. Қайғысыздың бәрі асау. Алдымызда айла 
жоқ. Дүниені, көңілім, кезесің. Құлпырған жасыл жер жүзі. Айттым сәлем, 
каламқас. Саған құрбан мал мен бас. Сенен артық жан тумас. Бір өзіңнен 
басқаға ынтықтығым айтылмас. Асыл адам айнымас. Сізде сымбат (бар), 
бізде ықылас (бар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет