Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет80/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

Орысша оқушылар 
5-інші ауғыста Орынбордағы киргизский утшителіский школаға 
кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, 
оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қақында 
әм степендиа орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары 
ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде 
тұрып, сонан келіп оқып жүреді, иә жылына 150 сом төлеп, школдан 
тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға 
жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша.
Солай болған соң дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан 
оқып, жарлы балаларына қазына орнын беру еді. Оны істейтін біздің 
Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары 
жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей 
тұрған Мамановтар көрінеді. Медреседе оқып жүрген балалардан зерек-
зерек балаларды таңдап алып, мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға 
жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский 
учительский школға кірді. Бұрын «Медресе Ғалиада» оқып, былтырдан 
берлі орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен утшителіский школа иә 
семинариаға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті 
ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын 
адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, 
бірден соңғы болып школға емтиқан еріп кірді. Жоғарыда 
айтылған 
алты бос орынның үшеуі қазаққа, үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер 
қазынадан тиісті орнын емтиқаннан 5-інші болып келген бір жарлы 
баласына беріп, өзі Мамановтардан алатын ақшасының 150 сомын төлеп, 
школада жатып оқитын болды. Сөйтіп, биыл қазақтан келген қырық 
баланың төртеуі-ақ кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған 
соң, қазына орыны жетпеген соң еліне қайтты. Жылда утшителіский 
школаға 40-50 бала келеді, төртеу-бесеуі, яғни оннан бірі кіріп, басқалары 
оқуға (қаржы) таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский 
класты, селский школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы; 
утшителіский школаға, семинариа, адам фелдшері иә мал фелдшерінің 
школалары. Торғай мен Орал облысында фелдшерлік школалар жоқ. 
Семинариаларда қазақ степендиасы иә тіпті жоқ, иә бар болса аз, жоқ 
есебінде. Киргизский утшителіский школада қазына орны 60, оның 
жартысы қазаққа, жартысы орысқа деп, ол жағынан да үлкен ауыл 
үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай мен Орал облысының қазағы дендеп, 
көбірек оқитын орны киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи 
алмай қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы мұсылманша 


312 
қат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Переуотшик, қатшылық орын-
морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып, 
оқымаған қалпына түседі. Сана-саңылау түскендей иә мұсылманша, иә 
орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», 
переуотшик иә қатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан 
шығады.
Жоғары әм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқулыларымыз 
тәуір бар. Ең аз болса қәр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы 
50-60 болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады, 
үйіне тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды.
«Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына 
түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін 
жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыз дейтіні шолақ 
оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп 
жоғары иә орта оқулылыарды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт 
жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй 
салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй 
жұмысынан ұлұғырақ емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз, 
көп болмақшы. Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі 
ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, 
жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт 
жұмысы ілгері басып өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта 
алмады деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе?
Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам 
деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын. Бала деп бағып 
оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн 
ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштармын 
деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштармыз деп 
жүр. Жастарды оқыту расқодынан қашып, қазынаға борышты қылып 
қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы, 
құлша тәрбиелесең құл болмақшы. Айып...? Егерде осы күнгі орысша, 
оқығандардың арасында жұртым... шығып жатса, жұрттың өткізген ... 
төлеу үшін емес, адамшылық о... басынан атқару үшін. Мойындағы 
борышты білу білімі ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім мен 
адамшылық екі басқа нәрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, 
төлеушілер де көбейуі ықтимал. 
Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: әуелі, қазақ, 
жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас 
үшін, қам қылыңдар! Ол үшін әм жердегі оқитын орындарда көбірек 
стипендиа ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы 


313 
оқыту 
ата-анасына 
ауыр 
болғанмен, 
жұртқа 
жеңіл. 
Екінші, 
стипендиаларды түрлі школдарда ашу керек. Қандай школдарда, қанша 
степендиа ашу әм ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет