Теориялық сипаттағы курс жұмысының құрылымы Курстық жұмыстың негізгі бөлімі Теориялық бөлімінде зерттеудің теориялық алғы шарттары суреттеледі, мәселеге қатысты ғылыми дерекке қысқаша шолу жасалады,жұмыста қолданылатын терминдерге анықтама беріледі, ғылыми деректің талдауы негізінде зерттеудің зерделенген деңгейі дәлелденеді, зерттелетін көзқарас мәселесіне қатысты сынды талдау жасалады, осы көзқарастарға деген өзінің пікірін дәлелдейді, сол негізде қандай да бір ғылыми гипотеза ұсынылады.
Негізгі бөлімнің тарауларының мазмұны жұмыс тақырыбымен толық сәйкес болуы керек және оны толығымен ашу керек. Мазмұны зерттеушінің жинақталған материалды қысқаша, қисынды және аргументті баяндай білетіндігін көрсетуі керек.
Қолданбалы (тәжірибелік–зерттеу) бөлігінде өткізілген зерттеудің сипаттамасы, алынған ақпараттардың талдауы мен интерпретациясы көрсетіледі. Материалдың баяндама жағына аса көңіл аудару қажет: сипатталу қисындылығы, жүйелілігі, қарапайымылығы мен қысқалығы, толықтылығы мен дәлелділігі.
Автор өзінің ғылыми гипотезасының дәлелдеп шығуы керек, өткізілген зерттеуден алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдану мүмкіншілігін жинақтап, қорытады.
Курстық жұмысты (жобаны) орындау бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең–дайындық, оны ұйымдастыру кезеңі ретінде қарастыруға болады.
Аталған кезеңнің негізгі міндеттері болып табылады:
1) Болашақ жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту;
2) Жұмысты орындау тәртібін анықтау және бекіту;
3) Курстық жұмыстың мазмұнының жалпы жоспарын жасау.
Курстық жұмысты (жобаны) дайындау барысында әдістемелік көмек көрсету тәртібін анықтау. Курстық жұмысты (жобаны) орындау басталуына қалғанға дейін кеңес беру тәртібі және ағымдағы әдістемелік көмек көрсету тәртібі жетекшімен келісілуі керек. Әдістемелік көмек курстық жұмысты орындаудың бүкіл кезеңі бойына күн сайын көрсетіліп отырады. Бұл кеңес беру формасында(кесте бойынша) жүргізіледі, дегенмен онда курстық жұмысты (жобаны) орындау әдістемесінің жалпы сұрақтары қарастырылады:
бастапқы кезеңде – көбіне курстық жұмыстың мазмұнына қатысты, ал қорытынды кезеңде – жұмысты таныстыруға және оны қорғауға байланысты сұрақтар. Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының жалпы жоспарын жасау. Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының жалпы жоспары – курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтайтын ұйымдастырылған құжат. Курстық жұмыс мазмұнының баяндалуының логикалық кезектілігін және алдын-ала құрылымдық тұрғызуды орнату мақсатында бекітілген тақырып негізінде жасалады.
Екінші кезең.Курстық жұмысты орындау жұмысты орындауға қажет ақпарат көздерін таңдауды болжайды. Аталған кезеңнің негізгі міндеттері – іздеу, ақпараттық мағынадағы маңызды және бағалы көздерді. Бастапқы ақпарат көздерін жинау – бұл ең қарапайым технологиялық рәсімдердің бірі. Оны орындау үшін белгілі бір мерзімге дейін бастапқы көздердің ең үлкен бөлігін жинау жеткілікті. Әрі қарай жүйелендіру керек, яғни жиналған материалды мазмұны бойынша және оны қолдану кезектілігін есепке ала отырып біріздендіру және топтастыру керек. Қосымша бастапқы ақпарат көздері, егер оларды жұмыста қолдану қажеттілігі ешқандай күмән келтірмейтін болса және жұмыстың жетекшісіқарсылық танытпайтын болса тізімге қосылады. Курстық жұмыс (жоба) өзіндік түрде жасалуы керек, Ғаламтордан немесе басқа көздерден көшірілмеуі керек.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша білім алушының қолында болуы керек:
1) Курстық жұмыстың (жобаның) мәтінің алдын-ала (жұмыс) нұсқасын дайындау үшін ақпараттар көздерінің тізімі;
2) Материалды кейіннен зерттеу үшін таңдалынған алдын-ала таңбалаудың нәтижелері;
3) Материалды алдын-ала зерттеу барысында білім алушы жүргізген жұмыс жазбалары.
Үшінші кезең барысында жұмыстың негізгі мәтінінің болжамдық нұсқасын жасаған абзал. Құрастыру барысында «жасалған» материалдар кейіннен жұмыс мазмұнының негізі болады. Кешенделген материалдардың мазмұнын зерттегеннен кейін курстық жұмыстың мазмұнының жалпы жоспарының бастапқы нұсқасына енгізіледі, кейіннен жұмыс процесінде қатаң ұстану керек болатын курстық жұмыстың (жобаның) мазмұының нақты жоспары қалыптасады.
Төртінші кезең – соңғы түрге дейін курстық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтінінің жұмыстық нұсқасын «баптау». Бұл рәсім өте еңбек сыйымды болып табылады. Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының соңғы нұсқасын дайындауды орындау қарастырады:
1) Мазмұнның алдын-ала нұсқасын түзету;
2) Жаңадан түскен материалдармен мазмұнды толықтыру, яғни заманауи материалдармен толықтыру;
3) Мазмұнды нақты тақырыптау, яғни оны ірі және кіші құрылымдық компоненттерге бөлу, курстық жұмыстың (жобаның) өзіндік бөлімдеріне мазмұнның бөліктерін бөлу арқылы.
Бесінші кезең жұмыстың мәтінін орнатылған талаптарға сәйкес безендіруді болжайды. Аталған кезеңді орындау барысында курстық жұмыстың (жобаның) мәтіні нақты безендіріледі, кейіннен – мәтін бойынша кездесетін кестелер, формулалар, ескертулер және ұсыныстар, сонымен қатар жұмыста бар суреттік материалдар. Курстық жұмыстың (жобаның) толығымен рәсімделген беттері нөмерленеді, жұмыс қапталады, кейіннен оған қол қойылады және орнатылған мерзімде жетекшіге беріледі.
Алтыншы кезең – қорғауға дайындық, ол келесілерді қарастырады: - курстық жұмысты (жобаны) қорғауды өткізудің уақытын және орнын дәлдеу); - мәтінді баяндауға дайындау (курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша ауызша баяндау); - қорғау барысында оларды көрсету үшін презентацияларды, көркемдік материалдарды, жабдықтарды дайындау (олар болған жағдайда);
Жетінші кезең–курстық жұмысты (жобаны) қорғау. Бұл сәйкес құзіреттерге ие комиссия алдында ұзақ емес ауызша баяндама.Бір студенттің курстық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы 8-10 минуттық баяндамадан және 20 минуттан көп емес сұрақтарға жауап беруден тұрады. Курстық жұмысты (жобаны) қорғау міндетті болып табылады және пәнді оқуға қарастырылған уақыт көлемінің есебінен жүргізіледі. Курстық жұмысты (жобаны) қорғау аяқталған соң хаттама толтырылады (Қосымша В) және сол күні студентке баға қойылады.
Курстық жұмысты (жобаны) қорғаудың хаттамалары студенттің білім алуы мерзімі бойынша алынады. Курстық жұмысты (жобаны) орнатылған уақытында ұсынбаған немесе оны маңызды себепсіз қорғамаған студент аталған пән бойынша емтиханды тапсыруға жіберілмейді. Курстық жұмысты (жобаны) қорғаған соң, қорғау барысында белгілі болған қателер мен жетіспеушіліктерді көрсетіп үздік жәненашар жұмыстарды талдаумен жетекшісімен қорытынды сұхбатын жүргізу ұсынылады. Курстық жұмысты (жобаны) орындаудың нәтижелері бірлестік отырыстарында талқыланады.
Тапсырма: