Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


«Ы» харфі бас буында һәм барша бітеу буында жазылмайды. Ашық  буында  қалмай  жазылды.  Мәселен:  «мысық»  жазылады  «ы»-сыз  «мсқ» قسم


бет12/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

«Ы» харфі бас буында һәм барша бітеу буында жазылмайды. Ашық 
буында  қалмай  жазылды.  Мәселен:  «мысық»  жазылады  «ы»-сыз 
«мсқ»
قسم
 
  болып  «мысығына»  деген  сөзде  «ы»  қалмай  «мысығына» 
болып жазылады. Үйткені: «мы-сық» деген сөзде екі буын, бір буын «мы», 
екінші буын «сық», «мы» буынға-«ы» жазбаймыз бас буын болғандықтан, 
«сық»  буынға  «ы»  жазбаймыз  бітеу  буын  болғандықтан,  сүйткен  соң 
«мысық» 
قسﯿم
  (болып  жазылмай,  «мсқ»
 
قسم
 
  ғана  болып  жазылады 
«мысығына» деген сөзді буынға бөліп, харіфтерін түгел жазсақ, мәселен, 
«мы-сы-ғы-на» деп төрт буын болады. Бас буынға «ы» жазбаймыз: басқа 
«сы», «ғы» буындарға жазамыз, үйткені бұлар ашық буындар. 
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  көшіріп,  «ы»  жазылатын  буындарына 
«ы» жазындар. 
Алтын  алма,  алғыс  ал,  алғыс  алтын  емес  пе?  Асың-асың  асыңа, 
береке  берсін  басыңа.  Сабасына  қарай  піспегі,  мұртына  қарай  іскегі. 
Жақын  жолдың  алысы  жаман.  Құлды  кұл  десең,  өлгісі  келер,  биді  құл 
десең, күлкісі келер. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын, жаманның 
жамандығын  айт,  құты  қашсын.  Жаманнан  жақсы  туады,  адам  айтса 
нанғысыз,  жақсыдан  жаман  туады,  бір  аяқ  асқа  алғысыз.  Дәм-тұзым  тат, 
расыңды  айт.  Өтірік  деген  дұшман  бар,  отқа  сүйреп  салады.  Арамзаның 


17 
 
құйрығы  тұтам.  Жарлының  байлығы  –  денінің  саулығы.  Ерте  тұрғанның 
ырысы  артық.  Төсегіңе  қарап,  аяғыңды  көсіл.  Жарлылықтан  жақсы  жоқ: 
жатып  ішер  ас  болса.  Қанағат  қарын  тойғызар,  қанағатсыздық  жалғызын 
сойғызар.  Барлық  не  дегізбейді,  жоқтық  не  жегізбейді.  Шөбі  жоқ  деп 
жерден түңілме, малы жоқ деп ерден түңілме. 
6-ншы ереже. 
Шолақ «й» дауысты дыбыстардың ғана соңында я алдында естіледі. 
Сондықтан,  дауысты  дыбыстардан  соң  жазылған  «и»  бүтін  «и»  емес, 
шолақ  «й»  болады.  Мәселен,  тай,  қойлар,  құймақ,  кій  деген  сездердегі 
«й»-лер. Бұл ережеге теріс сияқты көрінер «и» жазылмайын бас буындар. 
Мәселен  «қыйсық»  деген  сөзде  шолақ  «й»  дауыссыз  «қ»-ның  соңынан 
келіп тұр. Олай болғаны бас буында бүтін «и» жазылмағандықтан. 
Бас  буыннан  басқа  орындарда  «и»  ұзын  естілген  жерлерге  екі  «и» 
жазылады, тіпті ұзын естілген орындарға үш «и» жазылады. 
 «ы» бас буыннан басқа жерде шолақ «й»-дің алдында бір буынның ішінде 
келсе, бітеу болса да, қалмай жазылады. 
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  кешіріп,  шолақ  «й-лердің  астын  сызып 
көрсетіндер. 
Бай байға құяр, сай сайға құяр. Аузы қыйсық болса да, байдың ұлы 
сөйлесін.  Ақшалының  қолы  ойнар,  ақшасыздың  көзі  ойнар.  Байғұстың 
аузы  асқа  тисе,  мұрны  қанайды.  Кедейдің  бір  асағаны  –  шала  байығаны. 
Тату болсаң балдай бол, араз болсаң тұздай бол. Айрылайын деген тамыр 
ердің  артқы  қасын  сұрайды.  Көз  ауырса,  қолың  тый.  Ит  жүйрігін  түлкі 
сүймес.  Айналдырған  ауру  алмай  қоймас.  Ұры  байымас,  сұқ  семірмес. 
Жаманменен  кеңессең,  алдайды  дер,  жаман  атпен  су  кешсең,  жалдайды 
дер.  Күңге  күле  сөйлесең,  көйлегіне  жамау  сұрар.  Аталы  сөзді  арсыз 
қайырар, жүйелі сөзді жөнсіз қайырар. 
7-нші ереже 
А,  о,  ы  дыбыстары  жіңішке  естілетін  сөздердің  алдына  дәйекші  (

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет