Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


Қазақ руханиятының көсемі,  қазақ тіл білімінің атасы


бет2/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

Қазақ руханиятының көсемі,  қазақ тіл білімінің атасы 
 
Ұлттың  ұлт  болып  жасамағы  үшін    халық  өзінің  көсем  боларлық 
перзенттерін туғызады. Олар тарихтың алмағайып шақтарында халқының 
басынан  кешкен  ауыртпалығын  жеңілдетуге,  оны  өрге  сүйреуге  саналы 
ғұмырларын  арнайды.  Халқымыздың  сондай  көсем  ұлы  –  Ахаң,  әрбір 
қазақ  тағзым  етуге  тиіс  –  Ахмет  Байтұрсынұлы.  Алаштың  азаттық  алу, 
халық  санасын  сілкіндіру  мүмкіндігі  берілген  тарихи  сәтте  Ахаңның 
азаматтық  ұлы  жолы  1905  жылдардан  басталды.  Осы  жылы  ол 
Ә.Бөкейхан,  Ж.Ақпаев,  М.Дулатовтармен  бірге  Қоянды  жәрмеңкесінде 
«Қарқаралы  құзырхатын»  ұйымдастырушылардың  бірі  болды.  Бұл 
тарихымыздың бетбұрыс кезеңі болған Алаш қозғалысының басталуы еді. 
Осы  уақыттан  бастап  өзінің  саяси  серіктерімен  бірге  Ахаңның 
қайраткерлік сапары  басталып, кейін ол қаламгерлік, ғалымдық, ұстаздық 
сара  жолға  айналады.  Оның  саяси-әлеуметтік,  ағартушылық  мазмұндағы 
өлеңдері  де  осы  жылдары  жазыла  бастады.  1909-1918  жылдар  аралығы 
А.Байтұрсынұлы  өмірінің    қайраткерлік,  шығармашылық  алтын  кезеңі 
болды.  Осы  жылдар  аралығында  «Қырық  мысал»,  «Маса»  жинақтары 
жарық  көрді,  «Қазақ»  газеті  шығып  тұрды.  Алашорданың  Торғай 
облыстық  комитетінің  төрағасы,  Алаш  қозғалысы  жетекшілерінің  бірі 
ретінде тәуелсіздік үшін күреске түсті.    
Халқымыздың  рухани-мәдени  өресі,  тарихи  жағдай  –  Ахмет  
Байтұрсынұлы  тұлғасының  басты  үш  қырын  ашты.  Олар:  қайраткерлік, 
ғалымдық,  қаламгерлік  қабілеттері  болатын.  Ахаңның  адами  қабілеті 
ұлтына  деген  шексіз  сүйіспеншілігімен  ұштасып,  оны  біз  білетін  ұлы 
тұлға  деңгейіне  жеткізді.    Тұтас  дәуірдің  көсемі  ретінде  Ахаң  халқына 
қалтықсыз  қызмет  ете  отырып,  өз  тұрғыластарына  да,  өзінен  соңғы 
ұрпаққа да зор ықпал етті. Ахаңның сол ұлы дәстүрі  бүгінгі қазақтың да 
рухани  қажетіне  жарауда,  Алаш  баласының  болашағымен  бірге  де  өмір 
сүре бермек.  
Ахаң салған осы кемел дәстүрдің бір тарауы – қазақ сөзінің қасиетін, 
табиғатын  танытумен  байланысты  екендігі  мәлім.  Сондықтан  да 
баршамыз оны қазақ тіл білімінің атасы дейміз. Оның бұл саладағы үлкен 
ізденістерінің басы – 1912 жылы жарық көрген «Оқу құралы» болды. Бұл 
1912-25  жылдар  аралығында  жеті  рет  басылған  құрал,  бұдан  соң  жарық 
көрген  «Тіл  құралдары»  –  қазақ  мәдениетінде  бұрын  болмаған  соны 
құбылыс  еді.  Олар  14-15  жыл  бойы  қазақ  балаларының  бірнеше  буынын 
тәрбиелеген, ана тілінің табиғатын танытқан қазақ тіліндегі басты кітаптар 
болды.  Ахмет  Байтұрсынұлының  бұл  кітаптарында  тіліміздің  бұғанға 



 
дейін 
зерттелінбеген, 
жүйеленілмеген 
табиғатын 
ашып, 
оның 
фонетикалық,  грамматикалық,  стилистикалық  жүйесі  мен  құрылымы 
дәйектелді.  Тіліміздің  дыбыстық  жүйесін,  лексикалық  байлығын,  сөз 
таптары  мен  сөз  тұлғаларын,  сөз  қолдану  мен  сөйлем  құраудың 
ерекшеліктерін  танытқан  көшбасшы  ғалымның  бұл  еңбектері  ана 
тіліміздің  барлық  негізгі  заңдылықтарын  қалыптастырды.  Қазақ  тілінің 
терминологиялық  жүйесін  жасаудағы  ғалым  еңбегі  орасан  зор. 
Байтұрсынұлы  терминдері  –  тіліміздің  термин  жасаудағы  байлығы  мен 
бейімін, икемділігі мен әлеуетін ерекше байқатты. Оның терминдері қазақ 
тіл  білімі  саласында  да,  әдебиеттану  ғылымы  саласында  да  өміршеңдігін 
танытып,  термин  жасаудың  кемел  үлгісін  көрсетіп,  бүгіндері  термин 
жасамның    әдіснамалық,  теориялық  негізіне  айналған.  Қазақ  тілінің 
оқулықтарын 
жазып, 
тіліміздің 
теориялық 
негіздерін 
жасаған 
А.Байтұрсынұлы  –  тілді  игертудің,  тіл  табиғатын  түсіндірудің  амалдары 
мен әдістері жайына да ден қойып,  ұлттық әдістеменің де негізін салды. 
Оның    «Тіл  жұмсар»,  «Баяншы»,  «Әліп-би  астары»  кітаптары  және 
мақалалары осы бағыттағы арналы ізденістерін, ұстаздың бай тәжірибесін 
көрсетті.  
 Ұлттық  тіл біліміндегі, жалпы қазақ мәдениетіндегі өлшеусіз еңбегі 
– араб әріптерін негіз ете отырып, қазақтың жаңа әліпбиін өмірге келтіруі 
болатын.  Халқымыздың  рухани  өмірінің  бүтіндеушісі,  түгендеушісі 
болған Ахаң қазақ баласының білім, ғылымды игеруінің алғышарты – төл 
әліпби  қажет  екендігін  терең  түйсініп,  қазақ  сөзін  дәл  бере  алатын  осы 
әліпбиін  жасап  шығарды.  Бұл  әліпби  1929  жылға  дейін  қолданылып,  сол 
тұстағы  тұтас  буынның  сауатын  ашты.  Ахаң  әліпбиімен  «Қазақ»  газеті 
бастаған 
басылымдарымыз 
дүниеге 
келді. 
Жүсіпбек, 
Мағжан, 
Сұлтанмахмұт,  Бейімбет,  Сәкен,  Ілияс,  Мұхтар,  Сәбит,  Ғабит  бастаған 
қаншама  қаламгерлердің  шығармалары  Ахаң  әліпбиінде  жазылды. 
Шетелдегі  қазақтар  әлі  де  осы  әліпбиді  қолдануда.  1920  жылдардың 
ортасында  әліпби,  жазу,  емле  мәселелеріне  байланысты  жиындарда, 
айтыс-тартыстарда  Ахаң  өз  әліпбиінің  оңтайлы  екендігін  сан  дәлелдеді.  
Оның  бұл  ғылыми  дәлелдері  ұлы  ұстаз-ғалымның  білімі  мен  білік 
деңгейін, сөз сырын терең танудың кемел үлгісін байқатып берді.  
Қайраткер ретінде де, ғалым-ұстаз ретінде де А.Байтұрсынұлы ұлтты 
тұтастырудағы, оның өмір сүруіндегі, рухани дүниесіндегі тілдің маңызы 
мен орнын ерекше бағалады. «Қазақ» газетіндегі мақалаларында ол үнемі 
тілді сақтау, дамыту мәселелерін көтеріп отырды. Тіл ұлттың жан дүниесі, 
сонымен  бірге  халықтың  саяси-әлеуметтік  өміріндегі  пәрменді  құрал 
ретінде  оған  айрықша  мән  берді.  Сондықтан  да  ол  тілдің  ұлтты 
сақтаушылық,  тұтастырушылық  қасиеті  мен  маңызын  терең  түсіне 



 
отырып:  «Өз  тілімен  сөйлескен,  өз  тілімен  жазған  жұрттың  ұлттығы  еш 
уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да,  жоғалуына 
да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі 
де  жоғалады.  Өз  ұлтына  басқа  жұртты  қосамын  дегендер  әуелі  сол 
жұрттың  тілін  аздыруға  тырысады»  -  деп  жазды.  Ахаңның  тіл  туралы 
терең тағылымдары бүгінгі заманымызбен үндесіп, ұрпақтың айта  жүрер 
қанатты сөздеріне айналды.  
Ахаңның  қазақ  тіл  білімін  қалыптастырудағы  ұлы  еңбегін  атай 
отырып,  біз  оның  және  бір  үлгісін  ұмытпауымыз  керек.  Ол  Ахаңның 
ғылым  тілін,  публицистикалық  стилді  қалыптастырудағы  үлкен  рөлі.  Ол 
тілдің  теориясын  жасаушы  ғана  емес,  сонымен  бірге  ғылыми,  саяси, 
қоғамдық  ойды  берудің    үздік  үлгілерін  көрсетіп  берген  қаламгер, 
көсемсөзші.  Ол  қолданған  сөздер,  оның  сөйлемдері  қазақ  тілінің  төл 
табиғатынан  шығып,  ұлттық  ойлаудың  деңгейін  танытты.  Асылы,  Ахаң 
жалпы ұлт ісінің қай саласына болмасын білек сыбанып кіріссе де – қазақ 
баласының  өзгемен  тең  болуын,  білім  өріне,  мәдениет  биігіне  жетуін 
аңсады.  Қазақ  қоғамы  үшін  күрделі  де  қайшылықты  болған 
жиырмасыншы  ғасырдың  бірінші  ширегі  қазақ  мәдениеті,  әдебиеті  үшін 
ізденісті  де,  жемісті  де  жылдар  болғаны  белгілі.  Осы  кезеңде 
руханиятымыздың  барлық  саласына  араласқан  Ахаң  тұтас  буынның 
ұстазы болды. 1923 жылы қазақ тарихында тұңғыш рет мерейтой аталып 
өтілді.  Ол  Ахаңның  елу  жылдық  мерейтойы  болатын.  Осы  мерейтойда 
Ахаңды  тұтас  буынның  ұстазы  ретінде  бағалаған  Мұхтар  Әуезов:  «Ахаң 
ашқан  қазақ  мектебі,  Ахаң  түрлеген  ана  тілі,  Ахаң  салған  әдебиеттегі 
елшілдік  ұраны  –  «Қырық  мысал»,  «Маса»,  «Қазақ»  газетінің  1916 
жылдағы  қан  жылаған  қазақ  баласына  істеген  еңбегі,  өнер-білім,  саясат 
жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер 
болатын»  деп  ұлы  ұстаздың  көзі  тірісінде  үлкен  тарихи  бағасын  берді.  
Ахаң туған халқының халін, рухани мұқтаждықтарын терең біле отырып, 
саралай  келе,  бүкіл  саналы  ғұмырын  соларға  арнады.  Қазақтың  рухани-
мәдени  дамуындағы  ұлт  тілінің  айрықша  маңызын  терең  сезіне  келе, 
Алаш  сөзінің  табиғатын  ашуға,  қасиетін  сездіруге  қызмет  жасады.  
Сондықтан  Ахаң  ойынан  шыққан  сөз,  қаламынан  туған  еңбек  қазақ 
баласының  бүгініне  де,  ертеңіне  де  рухани  жолбасшы  болар  деген  берік 
сеніммен осы жинақты  көпшілік қауымға ұсынуды жөн көрдік.  
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет