335
Өмірінің негізгі кезеңдері
А.Байтұрсынұлы 1873 жылы 25 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы
Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
1886-91 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ
училищесінде оқиды.
1895 жылы Орынбордағы
мұғалімдер мектебінде оқып, білім алады.
1895 жылдан Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы өңірлерінде бала
оқытып, әділет үшін күреске араласа бастайды.
1905 жылы 26 маусымда Ахмет Байтұрсынұлы Әлихан Бөкейхан,
Жақып Ақбайұлы, Міржақып Дулатов және біраз қазақ оқығандары
Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, Петербордағы кіндік үкіметке қазақ
халқының атынан құзырхат жолдайды. Бұл тарихқа «Қарқаралы
құзырхаты» деген атпен енді.
1909 жылы шілде айында патша үкіметі тыңшыларының жаласымен
Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, сегіз ай бойы қамауда
жатады. Ақыры Қазақстанда тұру құқығынан айырылады.
1909 жылы Петерборда «Қырық мысал» кітабы басылып шығады.
1910 жылы наурыз айында Орынбор қаласына келеді.
1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер және аударма
мысалдар жинағы басылады.
1912 жылы Орынборда «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп
етілген қазақша әліппе. Баяншы» оқу құралы жарық көрді. Бұл болашақ
ұлы ғалымның қазақ тілінен жазылған алғашқы оқулығы болатын.
1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарып, оның редакторы
болды.
1913 жылы «Қазақ» газетінде «Жазу мәселесі», «Қазақша оқу
жайынан», «Қазақша сөз жазушыларға» мақалалары жарияланды.
1914 жылы Орынборда «Қазақша әліппе: оқу құралы» кітабы жарық
көрді.
1915 жылы «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп етілген
қазақша әліппе. Баяншы» оқу құралының екінші басылымы жарық көрді.
1916 жылы Ә.Бөкейхан, М.Дулатовпен бірге 1916 жылғы оқиғаға
арналған «Алаш азаматтарына», «Қазақ жұртына», «Қазаққа ашық хат»
мақалалары жарық көрді.
1917 жылы сәуірде Торғай облысы қазақтарының сиезін
ұйымдастырып, оған төрағалық етті.