Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет50/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

Реніш рай 
 
Бұл  рай  үшін  де  жаза  бермек,  сынай  тұрмақ  деген  сөздерді  алып, 
басқа  райлардағы  көрсеткен  үлгі  бойынша  үнемді,  үнемсіз  көсемшенің 
болымды, болымсыз  түрлерінде қосар күйде айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен әр түрлі сөздер алып, алдағы үлгілер 
бойынша реніш райымен жіктету. 
Қалау рай, сенімді рай, болжам рай, мұң рай, көніс рай, қайрау рай, 
азалы  рай,  теріс  рай  –  бұлар  үшін  де  жаза  бермек,  сынай  тұрмақ  деген 
сөздерді  алып,  басқа  райларда  көрсеткен  үлгі  бойынша  үнемді,  үнемсіз 
көсемшенің болымды, болымсыз  түрлерінде қосар күйде айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен әр түрлі сөздер алып, алдағы үлгілер 
бойынша жіктету. 
Ниетті көсемше де үнемді көсемше сияқты жалғыз-ақ айырмасы сол 
үнемді  көсемшенің  жалғауы  «-а»  (жіңішке  сөзде  «-е»)  һәм  «-й»,  ниетті 
көсемшеде «-ғалы» (жіңішке сөзде «-гелі»). 


106 
 
Есімше 
 
Есімше  дейміз  –  есім  сияқты  айтылатын  етістіктің  түрін  мәселен, 
айтушы  адам,  шабатын  ат,  жазған  хат  дегенде  «айтушы»,  «шабатын», 
«жазған» деген сөздер есімше болады. Есім сияқты дейтініміз: сын есімше 
«қандай?» деп сұраймыз. 
Есімше үш түрлі: 1) Осы шақтық. 2) Өткен шақтық. 3) Ұйғарынды. 
Осы шақтық есімше дейміз – осы шақта істеп тұрғанды көрсеткенде. 
Мәселен, өлең айтушы, бие сауушы, құдық қазушы деген сияқты сөздер. 
Өткен  шақтық  есімше  дейміз  –  бұрын  істелген  істі  көрсететін  іс 
түрін.  Мәселен, өлең айтқан, бие сауған, құдық қазған дегендегі «айтқан», 
«сауған», «қазған» деген сияқты сөздер өткен шақтық есімше болады. 
Ұйғарынды  есімше  дейміз  –  істеуге  ұйғарылған  істі  көрсету  үшін 
айтылатын  сөз  түрін.  Мәселен,  жазатын  хат,  сөйлейтін  сөз,  көретін  көз 
дегендегі  «жазатын»,  «сөйлейтін»,  «көретін»  деген  сияқты  сөздер 
ұйғарынды есімше болады. 
Есімшеге есімдер сияқты жалғаулар да, етістіктер сияқты жіктеулер 
де  жалғанады.  Жіктегенде  де  есімдерше  жіктеледі.  Әуелі  есімдерше 
өзгертіп, сонан соң етістікше өзгертіп қарайық. 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет