335
Өмірінің негізгі кезеңдері
А.Байтұрсынұлы 1873 жылы 25 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы
Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
1886-91 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ
училищесінде оқиды.
1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебінде оқып, білім алады.
1895 жылдан Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы өңірлерінде бала
оқытып, әділет үшін күреске араласа бастайды.
1905 жылы 26 маусымда Ахмет Байтұрсынұлы Әлихан Бөкейхан,
Жақып Ақбайұлы, Міржақып Дулатов және біраз қазақ оқығандары
Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, Петербордағы кіндік үкіметке қазақ
халқының атынан құзырхат жолдайды. Бұл тарихқа «Қарқаралы
құзырхаты» деген атпен енді.
1909 жылы шілде айында патша үкіметі тыңшыларының жаласымен
Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, сегіз ай бойы қамауда
жатады. Ақыры Қазақстанда тұру құқығынан айырылады.
1909 жылы Петерборда «Қырық мысал» кітабы басылып шығады.
1910 жылы наурыз айында Орынбор қаласына келеді.
1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер және аударма
мысалдар жинағы басылады.
1912 жылы Орынборда «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп
етілген қазақша әліппе. Баяншы» оқу құралы жарық көрді. Бұл болашақ
ұлы ғалымның қазақ тілінен жазылған алғашқы оқулығы болатын.
1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарып, оның редакторы
болды.
1913 жылы «Қазақ» газетінде «Жазу мәселесі», «Қазақша оқу
жайынан», «Қазақша сөз жазушыларға» мақалалары жарияланды.
1914 жылы Орынборда «Қазақша әліппе: оқу құралы» кітабы жарық
көрді.
1915 жылы «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп етілген
қазақша әліппе. Баяншы» оқу құралының екінші басылымы жарық көрді.
1916 жылы Ә.Бөкейхан, М.Дулатовпен бірге 1916 жылғы оқиғаға
арналған «Алаш азаматтарына», «Қазақ жұртына», «Қазаққа ашық хат»
мақалалары жарық көрді.
1917 жылы сәуірде Торғай облысы қазақтарының сиезін
ұйымдастырып, оған төрағалық етті.
336
1917
жылы
шілдеде
Бірінші
жалпықазақ
сиезін
ұйымдастырушылардың бірі болды. Осы сиезде «Алаш» партиясы
құрылды. «Алаш» партиясы бағдарламасын дайындаушылардың бірі
болды.
1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ сиезіне қатысты. Мұнда
Алашорда үкіметінің және оқу комиссиясының мүшелігіне сайланды.
1918 жылы Алашорда атынан Шәуешекке барды.
1918 жылы «Тіл – құрал (Қазақ тілінің сарфы). Бірінші жылдық»
кітабы жарық көрді.
1919 жылы наурызда Алашорда үкіметінің атынан Мәскеуге барып,
Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізеді.
1919 жылы «Жизнь национальностей» журналында «Революция и
киргизы» мақаласы жарық көреді.
1920 жылы қазанда «Баяншы. Қазақ мұғалімдері үшін» атты
әдістемелік кітабы жарық көрді.
1920 жылы «Тіл – құрал. (Қазақ тілінің сарфы)» кітаптары Қазан
және Ташкент қалаларында жарық көрді.
1920 жылы Қазақ АКСР үкіметінің мүшесі.
1920-1921 жылдары Қазақ АКСР халық ағарту комиссары.
1920-1926 жылдары – Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің
мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент,
Алматы жоғары оқу орындарында профессор болып қызмет атқарады.
1921 жылы Қызылордада, Семейде, Орынборда, Ташкентте бірнеше
оқу құралдары жарық көрді.
1922 жылы қазақ ұлтшылдығына арналған «Қалам қайраткерлері
жайынан» мақаласы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрді.
1922 жылы Ташкентте, Орынборда бірнеше оқу құралдары жарық
көрді.
1922-1925 жылдары Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби
комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы.
1923 жылы «Қазақша жазу тақырыпты жаңа жазу ережелері»,
«Қазақша жазу туралы жаңа ережелер» атты Е.Омаровпен бірігіп жазған
мақалалары жарық көрді.
1923 жылы Орынборда бірнеше оқу құралдары жарық көрді.
1923 жылы қазақ зиялылары елу жылдық мерейтойын атап өтті.
Мерейтойда М.Әуезов, С.Сейфуллин тағы басқалар баяндамалар жасады.
Қазақ зиялылары оны «Ұлт ұстазы» деп ұлықтады.
1924 жылы Орынборда, Қызылордада бірнеше оқу құралдары жарық
көрді.
337
1924 жылы шілдеде Орынборда өткен қазақ білімпаздарының
тұңғыш сиезіне қатысып, қазақ әліпбиіне байланысты негізгі баяндама
жасады.
1925 жылы Орынборда, Қызылордада бірнеше оқу құралдары жарық
көрді.
1925 жылы «Ақ жол» газетінде «Енді «қазақ» демей болмайды» атты
мақаласы жарық көрді.
1926 жылы Қызылордада, Семейде бірнеше оқу құралдары жарық
көрді.
1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтының
мұғалімі.
1926 жылы Бакуде өткен түрікшілер құрылтайында негізгі баяндама
жасады.
1926 жылы Ташкентте «Әдебиет танытқыш» кітабы басылып
шықты.
1927 жылы Қызылордада, Семейде бірнеше оқу құралдары жарық
көрді.
1927 жылы «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі» мақаласы
жарық көрді.
1928 жылы Қызылордада, Ташкентте бірнеше оқу құралдары жарық
көрді.
1928 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің
профессоры.
1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Емле туралы» мақаласы
жарық көрді.
1929 жылы «Тіл жұмсар. Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі
арқылы танытанын екінші кітап» оқу құралы жарық көрді.
1929-1934 жылдары – Архангельск облысында айдауда болды.
1937 жылы 8 қазанда қайтадан тұтқынға алынып, репрессий құрбаны
болды.
1988 жылы ақталды.
1998 жылы республика бойынша туғанының 125 жылдығы кең түрде
аталып өтілді.
338
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |