Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


ﯿ » сөздің бас буынында ғана жазылады. Басқа буындарда « ﻪ


бет14/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

ﯿ
» сөздің бас буынында ғана жазылады. Басқа буындарда «

» жазылады. 
Мәселен: ерке, кереге, терезе, келеке. 
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  көшіріп,  (*)  қойылған  жерлерге  тиісіне 
қарай 
،ﻩ
 

،
 
ﯿ
 харіфтерін қойыңдар. 
 
Жұрнақтар 
 
1)  Жұрнақ  «-лық».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөздің  аяғы  дауысты  я  жарты 
дауысты  дыбыс  болса,  яки  «р»  болса  осы  «-лық»  күйінде  жалғанады; 
мәселен, бала - ба-лалық, жау - жаулық, қу - қулық, жабы - жабылық, бай - 
байлық. 
Түбір  сөздің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса,  жұрнақ  -лық  өзгеріліп,  -дық 
болып  жалғасады,  мәселен,  қымыз  -  қымыздық,  хаж  -  хаждық,  сал  - 
салдық, қом - қом - дық, хан - хандық, аң - аңдық. 
Түбір  сөздің  аяғы  қатаң  дыбыс  болса,  -лық,  жұрнағы  -тық  болып 
жалғасады,  мәселен,  қап  -  қаптық,  жұрт  -жұрттық,  аш  -  аштық,  жас  - 
жастық, сақ - сақтық. 
Жіңішке  сөздерде  «-лық»  орнына  «-лік»,  «-дық»  орнына  «-дік»,       
«-тық» орнына «-тік» болып жалғасады, мәселен, ер — ерлік, ел — елдік, 
тең — теңдік, ерке — еркелік, кедей — кедейлік, көп — көптік. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-лық»  жұрнағын  жалғатып 
туынды сөз еткізу. 
Бас, қас, мұрын, ауыз, ерін, тіл, қабырға, арқа, тері, өкпе, бел, тамыр, 
сан,  тізе,  балтыр,  өкше,  ұлтан,  ата,  ұл,  аға,  іні,  апа,  жиен,  күйеу,  бажа, 
құда, жігіт, қарт, шал, ас, су, шөп, от, ине, ат, жорға, айғыр, бұқа, қошқар, 
ит,  қасқыр,  түлкі,  маймыл,  ай,  күн,  жарық,  қар,  құйын,  жыл,  шілде,  күз, 
түс, түн, күміс, төс, ала, сау, батыр, қу, жақын, зор, игі, жаман, тірі, нашар, 
қатты, семіз, жауыз, рас, ірі, қисық, сұлу, көркем, әдемі, мықты, жуас, ұяң, 
әңгі, монтаны, қиын, паң, аңқау, нас, салақ, шапшаң, таз, бос, дұрыс, тура, 
соқыр, сараң, тоқ, мас, сұм. 
2)  Жұрнақ  «-шы».  Бұл  жұрнақ  жуан-жіңішке  сөздерге  бірдей  жалғанып, 
бірдей  жазылады,  бірақ  жуан  сөзде  жуан  айтылады,  жіңішке  сөзде 


19 
 
жіңішке  айтылады.  Мәселен,  мал  —  малшы,  ел  —  елші,  жылқы  — 
жылқышы, түйе — түйеші, алау — алаушы, егін — егінші. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-шы»  жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу. 
Аң, өлең, нан, үй, пеш, аяқ, қазан, темір, көмір, қырман, орақ, ат, бие, 
сиыр,  балық,  ойын,  жыр,  домбыра,  қобыз,  сырнай,  арба,  қарауыл,  отын, 
шалшық,  алтын,  күміс,  сыр,  балта,  бата,  ара,  етік,  тігін,  ой,  той,  төсек, 
өтірік, қала, базар, бас. 
3)  Жұрнақ  «-шыл».  Бұл  жұрнақ  та  жуан-жіңішке  сөздерге  бірдей 
жалғанып,  бірдей  жазылады,  жуан  сөздерде  жуан  болып  айтылады, 
жіңішке сөздерде жіңішке айтылады. Мәселен,  қазақ — қазақшыл, жетек 
— жетекшіл, қара - қарашыл, күн - күншіл, қайғы - қайғышыл. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-шыл»  жұрнағын 
қостырып туынды сөз істету. 
Тер, кір, жер, қайың, төл, кек, есеп, ауыл, су, қымыз, жұрт, соқа, аян, 
өсек,  жетек,  уайым,  тәуекел,  ырым,  амал,  қызыл,  өзім,  өзге,  ойын,  шын, 
басқа, ертең, бүгін, еркін, тор, көп, тәсіл, әдіс. 
4) Жұрнақ «-лас». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауысты 
дыбыс болса, яки «р» болса, осы «-лас» күйінде жалғасады, мәселен, қора 
- қоралас, ау ~ аулас, ай   - айлас, ақы -  ақылас, сыр- сырлас. 
Түбір  сөздің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса  «-лас»  орнына  «-дас»  болып 
жалғасады.  Мәселен,  жол  -  жолдас,  мұң  -мұңдас,  қан  -  қандас,  ым  — 
ымдас, тұз - тұздас. 
Түбір  сөздің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса,  «-лас»  орнына  «-тас»  болып 
жалғасады. Мәселен: от — оттас, тап — таптас, ошақ — ошақтас, қос — 
қостас, борыш — борыштас. 
Түбір  сөз  жіңішке  болса,  «-лас»  орнына  «-лес»,  «-дас»  орнына  «-
дес»,  «-тас»  орнына  «-тес»  болып  жалғасады,  мәселен:  төбе  —  төбелес, 
көл  —  көлдес,  жер  —  жерлес,  тілек  —  тілектес,  шек  —  шектес,  шөп  — 
шөптес. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-лас»,  «-лес»,  «-дас»,  «-
дес», «-тас», «-тес» жұрнақтарын жалғатып туынды сөз еткізу. 
Бас,  бауыр,  бу,  тізе,  өкше,  ата,  қайын,  құда,  тоғай,  сабақ,  табақ,  су, 
егін, туыс, заман, әріп, қарын, тұқым, қара, әлек, одақ, ақыл, пайда, жарна, 
қырман, соқа, үн, жайлау, суат, көңіл, бата, аяқ, отан, ру, енші, ен, таңба, 
ірге, сыбай, ұл, өріс, құдық, тек, дәм, олжа, аман, тілеу, от, шабын, қоныс, 
бөлік, сыбаға, кіндік. 
5)  Жұрнақ  «-лы»  —  түбір  сөздің  аяғы  дауысты  я  жарты  дауысты 
дыбыс болса, яки «р» болса, осы «-лы» күйінде жалғасады, мәселен: бала 
— балалы, тау — таулы, тай — тайлы, қар — қарлы. 


20 
 
Түбір  сездің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса,  «-лы»  орнына  «-ды»  болып 
жалғасады;  мәселен:  мал  —  малды,  саз  —  сазды,  мұң  —  мұңды,  сан  ~ 
санды. 
Түбір  сөздің  аяғы  қатаң  дыбыс  болса,  «-лы»  орнына  «-ты»  болып 
жалғасады,  мәселен:  сап  ~  сапты,  ат  —  атты,  тас  —  тасты,  құлақ  — 
құлақты, бұрыш — бұрышты. 
Түбір  сөз  жіңішке  болса,  жұрнақтар  да  жіңішке  болып  жалғасады. 
Мәселен:  шеге  —  шегелі,  түйе  —  түйелі,  тіреу  -  тіреулі,  кегей  -  кегейлі, 
үрей  –  үрейлі,  тек  -  текті,  жел  —  желді,  жер  -  жерлі,  күш  —  күшті,  ес  - 
есті. 
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-лы» жұрнағын қостырып, 
туынды сөз еткізу. 
Кісі,  адам,  дене,  бас,  шаш,  сақал,  самай,  иек,  мұрт,  маңдай,  кеуде, 
жүрек,  бүйір,  қарын,  тамыр,  тізе,  табан,  тобық,  ата,  ана,  аға,  іні,  күйеу, 
жаға,  етек, тон, мақта, ет, қымыз, айран, су, шөп, тары, сұлы,  жуа,  ағаш, 
мойыл,  үй,  томар,  жылқы,  жорға,  құлын,  бота,  шағала,  аң,  аю,  қасқыр, 
балық, ақша, бүйі, май, сүмбе, құндақ, алтын, күміс, ақыл, ес, үміт, сана, 
саңылау, қайғы, ашу, құла, күрең. 
6)  Жұрнақ  «-лау»  -  түбір  сөздің  аяғы  дауысты  я  жарты  дауысты  дыбыс 
болса,  яки  «р»  болса,  осы  «-лау»  күйінде  жалғасады.  Мәселен:  бала  - 
балалау, қара -қаралау, тау - таулау, сұлу - сұлулау, тар — тарлау, жар — 
жарлау. 
Түбір  сөздің  аяғы  «ұяң»  дыбыс  болса,  «-лау»  орнына  «-дау»  болып 
жалғасады. Мәселен: шал — шалдау, паң — паңдау, аз — аздау, шын — 
шыңдау. 
Түбір  сөздің  аяғы  қатаң  дыбыс  болса,  «-лау»  орнына  «-тау»  болып 
жалғасады. Мәселен:  ақ — ақтау, жас — жастау, аш  — аштау. Түбір сөз 
жіңішке  болса,  жұрнақ  да  жіңішкереді:  «-лау»  орнына  «-леу»,  «-дау» 
орнына  «-деу»,  «-тау»  орнына  «-теу»  болып  жалғасады.  Мәселен:  көне  - 
көнелеу, ірі — ірілеу, кір — кірлеу, семіз — семіздеу, кең — кеңдеу, кем 
— кемдеу, төмен – төмендеу, көк — көктеу, сирек — сиректеу. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-лау»  жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу. 
Жаман, меңіреу, батыр, ер, қу, сұр, сары, кедей, жақын, жуық, үлкен, 
зор, өткір, биік, ескі, қызық, сасық, бүкір, қалың, жұқа, ыссы, суық, керең, 
терең,  жылтыр,  тегіс,  жақсы,  қымбат,  алыс,  ұзын,  арзан,  нашар,  сұйық, 
ащы,  жауыз,  ерке,  бұзық,  тіке,  қысқа,  шолақ,  көркем,  жуас,  ұяң,  жеңіл, 
оңай, ылас, ылай, жас, ұсақ, аласа, салақ, нас, сақау. 


21 
 
7)  Жұрнақ  «-сыз».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөзге  һәман  осы  күйінде  қосылады. 
Жуан  сөзге  қосылса,  жуан  болып  айтылады,  жіңішке  сөзге  қосылса, 
жіңішке айтылады. Мәселен: құлақ — құлақсыз, иек — иексіз. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-сыз»  жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу. 
Бас, аяқ, қол, жол, пұл, жем, жең, тек, тең, ем, жел, көл, бет, еп, ат, 
қой,  түйе,  мал,  ет,  сүт,  сорпа,  нан,  жан,  ел,  күн,  бала,  жала,  қала,  қора, 
албар, ау, тау, бота, жота, күй, ін, ой, от, құт, бақ, жақ, оқ, серік, ар, жар, 
түр, төл, түп, төл, түп, жіп, мұң, сан, тон, дақ, дәт, дәм, дәме, мін. 
8)    Жұрнақ  «-ғы».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  осы  «-ғы»  күйінде 
жалғасады. Мәселен: бұрын — бұрынғы, ар — аргы, соң - соңғы. Түбір сөз 
жіңішке болса, «-ғы» жұрнақ «-гі» болады. Мәселен: кеше — кешегі, бүгін 
- бүгінгі, кейін — кейінгі, төмен - төменгі. 
Қатаң  дыбыстардан  кейін  жуан  сөздерде  «-қы»  болып,  жіңішке 
сөздерде «-кі» болып өзгереді, мәселен: арт — артқы, сырт — сыртқы, түп 
– түпкіт, шет — шеткі. 
9)  Жұрнақ  «-еке».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөзге  жалғаспай  сызықпен  бөлініп 
жазылғаны  қолайлы:  «еке»  деген  жұрнақ  -еке  деген  сөзден  азып  болған 
сөз: би-еке, төре-еке, батыр-еке, Нұр-еке, әке-еке, аға-еке, шеше-еке. 
10)  Жұрнақ  «-ншы».  Бұл  жұрнақ  жуан  сөзге  жалғасса,  жуан  айтылады, 
жіңішке  сөзге  жалғасса,  жіңішке  болып  айтылады.  Мәселен:  бірінші, 
екінші,  үшінші,  төртінші,  бесінші,  алтыншы,  жетінші,  сегізінші, 
тоғызыншы,  оныншы,  жиырмасыншы,  отызыншы,  қырқыншы,  елуінші, 
алпысыншы, жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-ншы»  жұрнағын  қостырып, 
туынды сөз еткізу. 
Он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он 
тоғыз, жиырма тоғыз, отыз сегіз, қырық жеті, елу алты, алпыс бес, жетпіс 
төрт,  сексен  үш,  тоқсан  екі,  бір  жүз,  он  мың,  жүз  мың,  жүз  он,  жүз 
жиырма. 
11) Жұрнақ «-у». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты дыбыс болса, яки 
жарты  дауысты  «у»  болса,  осы  күйінде  бір  «у»  болып  жалғанады. 
Мәселен, қара -қарау, аса — асау, өте - өтеу, бу - буу. 
Түбір сөздің аяғы дауыссыз дыбыс, яки жарты дауысты «у» болса, «-
у»  жұрнағы  екі  уу  болып  жалғасады;  мәселен,  ат-ату,  қи-қию.  Ескерту. 
Түбір сөздің аяғы «
ى
» болса, «у» жұрнағы болып қосылады.  
Оның  мәнісі  мынау:  «у»  дыбысының  алдында  «ы»  дыбысы  келсе, 
«у»-мен  тұтасып,  «у»  сияқты  айтылады.  Меселен:  оқы  —  оқу,  тоқы  — 
тоқу. 


22 
 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-у»  жұрнағын  жалғатып, 
туынды сөз еткізу. 
Ал,  ұр,  саба,  қорық,  күре,  адас,  сүз,  ас,  иле,  төз,  ауна,  қайт,  оқы, 
тоқы,  сүрт, ұлы,  өлше,  құр,  сөйле,  сыз,  шірі,  калғы,  сау,  тый,  ти,  жи,  ой, 
істе, тіле, жу, бу, қу, ту. 
12)  Жұрнақ  «-ғыш».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөздің  аяғы  дауысты  я  жарты 
дауысты  дыбыс  болса,  яки  ұяң  дыбыс  болса,  осы  «-ғыш»  күйінде 
жалғасады.  Мәселен,  сана  -  санағыш,  оқы  -  оқығыш,  сау  -  сауғыш,  бу  -
буғыш, тай - тайғыш, ал - алғыш. 
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-ғыш» орнына «-қыш» болып 
жалғасады.  Мәселен:  айт  –  айтқыш,  тап  –  тапқыш,  бақ  –  баққыш,  бас  – 
басқыш, аш – ашқыш. 
Түбір  сөз  жіңішке  болса,  «-ғыш»  орнына  «-гіш»  болып,  «-қыш» 
орнына  «-кіш»  болып  жалғасады.  Мәселен:  сөйле  –  сөйлегіш,  бер  – 
бергіш, сүрт – сүрткіш. 
  
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-ғыш»  жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз еткізу. 
Ұр, кер, күрес, сақта, мақта, жық, таста, баста, тер, көр, қақ, жақ, кір, 
сүрт,  сас,  асық,  таңда,  өлше,  нан,  кеп,  теп,  қара,  кейі,  бұйы,  қый,  мүжі, 
қары, қу, жу, бу, ой, қой, той, сой, же, де, тіле, кес, тес, ес, шаш, қаш, шеш, 
таң, жан, сал, бол, сол, құла, қала, қаз, бар, жар, көм, ем, ен, ер, жи, тый, 
қый, ій, ти, тұт, жорт, қыз, аз, жыр. 
13)  Жұрнақ «-ғын». Бұл жұрнақ та «-ғыш» сияқты түбір сөздің түріне һәм 
аяғына  қарай  «-қын»,  «-кін»,  «-гін»  болып  жалғасады.  Мәселен:  қу  – 
қуғын,  аз  –  азғын,  қаш  –  қашқын,  тас  –  тасқын,  көш  –  көшкін,  жүр  – 
жүргін.  
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-ғын»  жұрнағын  жалғатып, 
түбір сөз еткізу. 
Ас, көр, төк, тұр, тарт, жұт, ұр, сау, жет, күт, өр, қыс, шақ, жек, төз, 
шап, қат, тап, той, тол, қыр, үз, бақ, бұр, соқ, сат тай, оз, өт, сол, ту, жырт, 
кес, соз, шаш, айт, ат, ау, қой, қос, күл, тық, түс, ек, ер, ақ, бат, сүрт. 
14)  Жұрнақ  «-қ».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  осы  «қ»  күйінде 
жалғанады,  жіңішке  болса,  «қ»  орнына  «к»  болып  жалғанады.  Мәселен: 
аш – ашық, тес – тесік. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөзге  «-қ»  жұрнағын  қостырып, 
туынды сөз істету. 
Ал, сал, ас, ал, төз, көр, кір, біл, сез, сыз, шірі, бөл, бер,  сау, қыты, 
жет,  ой,  тіле,  сасы,  өксі,  қада,  қыс,  жап,  боя,  біт,  қаз,  жар,  үш,  сүй,  сын, 
қат, кез, тес, тол, ұза, қатыр, кекір, оз, жұл, таң, түсін, бұз, бұйыр, ес, жаз, 


23 
 
жап, тіл, жүз, иле, түкір, төле, үз, сол жырт, жай, кес, отыр, ау, жас, жара, 
жина, суы, түр, құс. 
15)  Жұрнақ  «-ақ».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  осы  «ақ»  күйінде, 
жіңішке  болса,  «-ақ»  орнына  «-ек»  болып  жалғанады.  Мәселен:  тур  — 
турақ, кес — кесек. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-ақ»  жұрнағын  жалғатып 
туынды сөз еткізу.  
Жат,  қос,  қорық,  сүз,  жұл,  бол,  жет,  көм,  тап,  ор,  аш,  от  құм,  шаш, 
айт, ат, ій, шеш, көн, жүр, қүш, қон, ұл, жат, қап жіп, кеп, көн, түп. 
16)    Жұрнақ  «-ыс».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  жуан  айтылады, 
жіңішке болса, жіңішке айтылады. Мәселен: бар — барыс, кел — келіс. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-с»  жұрнағын  жалғатып, 
туынды еткізу.  
Ал, бер, жүр, түр, айт, қон, тарт, ту, ат, жап, сау, бүр, біл, соқ, қақ, 
таны, жұқ, той, біт, шал, кір, шық, көр, тап, жүт, бөл, үр, ти, жек, төз, жат, 
ұқ, қара, жу, бақ, жұл, тала, жон. 
17)  Жұрнақ  «-м».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  жуан  айтылады, 
жіңішке болса, жіңішке айтылады. Мәселен; атта - аттам, тісте - тістем. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-м»  жұрнағын  жалғатып, 
туынды сөз істету.  
Ат, сал, жар, бөл, кел, кет, ас, қос, тарт, сұқ, соқ, кес, от, күт, же, жаз, 
жыр,  тіл,  қала,  байла,  ора,  іш,  шайна,  түт,  жүт  жай,  сық,  қыс,  төз,  қайт, 
қада, өлше, іл, үз, шаныш, тақ, түрт сыз, өл, сүйе, сүйке, жала, тат, ақ, төк, 
сау, түс. 
18)    Жұрнақ  «-нды».  Бұл  жұрнақ  та  жуан  сөзге  жалғанса  жуан  болып, 
жіңішке  сөзге  жалғанса,  жіңішке  болып  айтылады.  Мәселен:  қос  — 
қосынды, кес — кесінді. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-нды»  жұрнағын  жалғатып, 
туынды сөз істету. 
Қу, бу, ту, жұу, бас, ас, тас, ақ, жақ, тақ, ұқ, тық, ек, төк жүгір, сат, 
қайт, сүрт, шық, жұл, үз, мүжі, жұт, сөйле, қыр ой, қуыр, ор, шақыр, қаз, 
боя, тап, жат, түкір, жібер, семір түрт, шеш, байла, тала. 
19)  Жұрнақ  «-ма».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөздің  аяғы  дауысты  я  жарты 
дауысты дыбыс болса, яки «р»,  «л» болса, осы «-ма» күйінде жалғасады. 
Мәселен: сана — санама, тасы — тасыма, ту — тума, сау — саума, жай — 
жайма, қыр — қырма, сал – салма. 
Түбір  сөздің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса,  «-ма»  орнына  «-ба»  болып 
жалғасады. Мәселен: жаз — жазба, оң — оңба, жон – жонба. 
Түбір сөздің аяғы қатаң болса, «-ма» орнына «-па» болып жалғасады. 
Мәселен: бас — баспа, ат — атпа, ақ — ақпа, жап — жаппа, аш – ашпа. 


24 
 
Түбір  сөздер  жіңішке  болса,  «-ма»  орнына  «-ме»,  «-ба»  орнына        
«-бе», «-па» орнына «-пе» болып жалғасады. Мәселен: кер — керме, іл — 
ілме, ій — ійме, кез — кезбе, көм — көмбе, кес — кеспе, ек – екпе. 
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  -ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе 
жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз істету. 
Сал, қаз, бат, жап, сүз, таста, ас, күре, қақ, қада, кір, төк, сүрт, таңда, 
қара,  жек,  қыдыр,  сыз,  үр,  соқ,  тій,  ой,  қуыр,  ор  жап,  ұста,  тұттық,  ора, 
сына, айнал, боя, бас, тура, жар, үш, жала, құй, қына, жақ, қыр, үз, шеш, 
құс, құла, жыр, жүз, кеш, көтер, тай, оз, жаныш, жай, соз, шаш, қайна, ау, 
қой, сық, ки, тоқы, шұқы, қыс, тара, көш. 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет