15
2-нші
ереже
«О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа буындарында
һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде һеш орында естілмейді,
сондықтан бас буыннан басқа орында яки дауысты дыбыстан соң
و
(о)
жазылса,
ۇ
(ү) қылып оқу тиіс.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп,
و
(о) келетін жеріне
و
(о)
қойдырып,
ۇ
(ү)
келетін жеріне
ۇ
қойдырып жаздырту.
Күресін қар көбейтер, қара қарын дау көбейтер. Бәрің бірдей қойшы
болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң – қу боларсың. Ауыл
қонағы айда-жылда бір қонар. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар, құтсыз
қонақ келсе, қойға қасқыр шабар. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу
жаман. Ас – адамның арқауы. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл
шашым. Дертің тұмау болсын, қысың тұман болсын. Татулық – байлық.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауылдағы кетеді.
Бай бір жұттық, батыр бір оқтық. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
құлағынан айрылған. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер.
3-нші ереже
«у» қысқа айтылатын дыбыс, «у» ұзын естілсе, ол жерде екі «у»
болғандықтан, оның алдыңғысы бүтін «у», соңғысы жарты «у» - шолақ
«у», «у» ұзын естілетін жерге екі «у» жазу тиіс.
Мысал: тұмсық, тұра, тұура, сұлұу, суу.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп, бір «у» жазатын жерге бір «у»,
екі «у» жазатын жерге екі «у» жаздыру.
Сұрап бергенше, соғып бер. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
От пен су – тілсіз жау. Ер туған жеріне. Сиыр судан жерір, су сиырдан
жерір. Егіз қозыдай тату бол. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман
жоқ. Хакім тура болмаса, жұрт бұзылар, сауда таза болмаса, нарық
бұзылар. Қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Шешінген судан тайынбас.
Ұялған тек тұрмас. Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу. Рудан аз – адасқан қаз.
Татуда бота тату. Сүмбіле туса, су сууыр. Ашу келсе ақыл кетер, ашудан
ақыл көп болса, ашу не етер. Қуыс үйден құр шықпас.
Қарны ашқан ханға қарайды; суыққа тонған күнге қарайды. Білегі
жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады (жорта қаталы).
4-нші ереже
Шолақ
و
(у) дауысты дыбыстардан соң ғана естіледі; сондықтан
дауысты харіфтерден соң жазылған у шолақ болады. Бүтін «у» һеш
орында дауысты харіфтен соң жазылмайды. Мәселен,
тау, туу, кеуде
деген сөздерде ірі жазылған харіфтер шолақ «у», «у» дыбысы ұзын
естілетін орындарға екі «уу» жазылады. Тіпті ұзын естілетін орындарға
16
үш
ууу жазылады. Дауыссыз дыбыс соңында бас буыннан басқа орында
яки дауысты дыбыс соңында, қай буында болса да, «у» үтірсіз жазылса да
қате болмайды.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі шолақ «у»-лардың астын сызып
көрсетіңдер.
Сөз сөзден тұуады, сөйлемесе неден тұуады?
Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза болсаң
сұудай бол, бәрін жұуып көтерген. Жақсыдан жаман тұуады, жүйріктен
шабан тұуады. Ерден тұуған қырымға қарайды, иттен тұуған жырымға
қарайды. Қатты жерге су төксең, сұуыққа тайғақ болар, жаманға сырыңды
айтсаң, таршылықта айғақ болар. Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман
елді былғар. Көсеу ұзын болса, қол күймес. Жел аударған қаңбақтай, сұу
аударған діңгекдей. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық. Дауыл
болмай, жауын болмас; шұуақ болмай, қауын болмас; ит баласы сауын
болмас; дау аяғы ауыл болмас, ауыл болса да, тәуір болмас. Дауды
азсынба: көздей іс көлдей болұуы оңай, көл сұуалмағы қиын. Тарыдай іс
таудай
болұуы оңай, тау таусылмағы қиын.
Бұл мәтінде
уу, уу әріптер тіркесі әдейі жазылды. Бітеу буын деген
бас харфі де аяқ
харфі де дауыссыз, яки жарты дауысты буын.
Ашық буын:
бас харфі, я аяқ харфі дауысты буын.
5-нші ереже.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: