Зат есім
1) «Аласа» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
Кім? Аласа
Кімдер? Аласалар
Ілік жалғау
Кімнің? Аласаның
Кімдердің? Аласалардың
Барыс жалғау
Кімге? Аласаға
Кімдерге? Аласаларға
Табыс жалғау
Кімді? Аласаны
Кімдерді? Аласаларды
Жатыс жалғау
Кімде? Аласада
Кімдерде? Аласаларда
Шығыс жалғау
Кімнен? Аласадан
Кімдерден? Аласалардан
2) «Семіз» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
Не? Семіз
Нелер? Семіздер
Ілік жалғау
Ненің? Семіздің
Нелердің? Семіздердің
Барыс жалғау
Неге? Семізге
Нелерге? Семіздерге
63
Табыс жалғау
Нені? Семізді
Нелерді? Семіздерді
Жатыс жалғау
Неде? Семізде
Нелерде? Семіздерде
Шығыс жалғау
Неден? Семізден
Нелерден? Семіздерден
Қысқасы: зат-сынның жалғаулары зат есімнің жалғауларындай аяқ
дыбысына қарайды.
Зат-сын – зат есім сияқты жай қалпында да? Тәуелді қалпында да
айтылады.
Дағдыландыру. Зат-сын сөздерді тауып алып жалғаулату. Мәселен,
арзан, қымбат, асыл, жасық, бай, кедей уа ғайри сондай.
Жай сын
1) «Аласа адам» деген сөз
Жекеше: Атау
Қандай адам?
Аласа адам
Ілік жалғау
Қандай адамның?
Аласа адамның
Барыс жалғау
Қандай адамға?
Аласа адамға
Табыс жалғау
Қандай адамды?
Аласа адамды
Жатыс жалғау
Қандай адамда?
Аласа адамда
Шығыс жалғау
Қандай адамнан?
Аласа адамнан
Көпше: Атау
Қандай адамдар?
Аласа адамдар
Ілік жалғау
Қандай адамдардың? Аласа адамдардың
Барыс жалғау
Қандай адамдарға?
Аласа адамдарға
Табыс жалғау
Қандай адамдарды?
Аласа адамдарды
Жатыс жалғау
Қандай адамдарда?
Аласа адамдарда
Шығыс жалғау
Қандай адамдардан?
Аласа адамдардан
2) «Семіз мал» деген сөз
Жекеше: Атау
Қандай мал?
Семіз мал
Ілік жалғау
Қандай малдың?
Семіз малдың
Барыс жалғау
Қандай малға?
Семіз малға
Табыс жалғау
Қандай малды?
Семіз малды
Жатыс жалғау
Қандай малда?
Семіз малда
Шығыс жалғау
Қандай малдан?
Семіз малдан
Көпше: Атау
Қандай малдар?
Семіз малдар
Ілік жалғау
Қандай малдардың?
Семіз малдардың
Барыс жалғау
Қандай малдарға?
Семіз малдарға
Табыс жалғау
Қандай малдарды?
Семіз малдарды
64
Жатыс жалғау
Қандай малдарда?
Семіз малдарда
Шығыс жалғау
Қандай малдардан?
Семіз малдардан
Мұнан көрінеді: жалғаулар сын есімге жалғанбай, соңындағы зат
есімге жалғанатындығы.
Дағдыландыру. Жай сынды сөздерді жалғаулату. Мәселен: бай
қазақ, сараң кісі, қара сиыр, торы ат, қызыл шапан, ақ көйлек, зерек бала
уа ғайри сондай сөздер.
Тек сынын көрсететін сөздерге де жалғаулар осылайша жалғанады,
яғни, нәрсенің тегін атаушы сөзге жалғанбай, нәрсенің өзін атаушы сөзге
жалғанады. Мысалмен көрсетейік.
3) «Алтын ақша» деген сөз
Жекеше: Атау
Қандай ақша?
Алтын ақша
Ілік жалғау
Қандай ақшаның?
Алтын ақшаның
Барыс жалғау
Қандай ақшаға?
Алтын ақшаға
Табыс жалғау
Қандай ақшаны?
Алтын ақшаны
Жатыс жалғау
Қандай ақшада?
Алтын ақшада
Шығыс жалғау
Қандай ақшадан?
Алтын ақшадан
Көпше: Атау
Қандай ақшалар?
Алтын ақшалар
Ілік жалғау
Қандай ақшалардың? Алтын ақшалардың
Барыс жалғау
Қандай ақшаларға?
Алтын ақшаларға
Табыс жалғау
Қандай ақшаларды?
Алтын ақшаларды
Жатыс жалғау
Қандай ақшаларда?
Алтын ақшаларда
Шығыс жалғау
Қандай ақшалардан? Алтын ақшалардан
Ескерту. «Қандай ақша?» деген сөздердің орнына «не ақша?» деп те
сұралады. Хәтте, тек сынында «қандайдан» гөрі «не» деп сұрау көбірек
жұмсалады.
Дағдыландыру. Тек сынын көрсететін сөздерді жалғаулату. Мәселен:
күміс қасық, ағаш аяқ, қайыс жүген уа ғайри сондай сөздерді.
Сын есімнен туған сөздерді.
Түбір сын есімдер заттың сындарын көрсетеді. Нәрсенің сыны
қалыпты күйінен тысқары болса, яки, сыннан өтетін басқа нәрсе, я іс
болса, сын есіміне һәр түрлі жұрнақтар жалғанады.
«-лау» (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнақ сын есіміне жалғанады,
анық сол сын еместігін көрсету үшін. Мәселен: «Сары» деген сөзге «-лау»
жұрнағын жалғап, «сарылау» деп, анық сары еместігін көрсетеміз; «Кір»
65
деген сөзге «-леу» жұрнағын жалғап, «кірлеу» деп, анық кір еместігін
көрсетеміз; «Ұзын» деген сөзге «-дау» жұрнағын жалғап, «ұзындау» деп,
онша ұзын еместігін көрсетеміз; «Күрең» деген сөзге «-деу» жұрнағын
жалғап, «күреңдеу» деп, анық күрең еместігін көрсетеміз; «Ақ» деген
сөзге «-тау» жұрнағын жалғап, «ақтау» деп, анық ақ еместігін көрсетеміз;
«Көк» деген сөзге «-теу» жұрнағын жалғап, «көктеу» деп, анық көк
еместігін көрсетеміз уа ғайри сондай.
1) Дағдыландыру. «-лау» (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнақтары
жалғанарлық сын есімдер тапқызып, жалғату.
«-шыл» жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол сынға бейімдігін
көрсету үшін. Мәселен: «Ақ» деген сөзге «-шыл» жұрнағын жалғап,
«ақшыл» деп, ақ түске бейімдігін көрсетеміз; «Көк» деген сөзге «-шіл»
жұрнағын жалғап, «көкшіл» деп, көк түске бейімдігін көрсетеміз.
Кей сын есімдерде «-шыл» орнына «-ғыл», «-ғылт» жұрнақтар
жалғанады. Мәселен: «Сары» – «сарғыл» яки «сарғылт», «сұр» – «сұрғыл»
яки «сұрғылт», «боз» – «бозғыл» яки «бозғылт», «қызыл» – «қызғыл» яки
«қызғылт», «торы» – «торғыл» яки «торғылт» уа ғайри сондай.
Кей сын есімдерде «-ғылт» орнына «-қылтым» жұрнақ жалғанады.
Мәселен: «ащы» – «ащқылтым», «тұщы» – «тұщқылтым».
2) Дағдыландыру. «-шыл», «-ғыл», «-ғылт», «-ғылтым» жұрнақтар
жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
«-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақ сын есіміне жалғанады,
сол сыннан шыққан дерексіз заттың есімін көрсету үшін. Мәселен:
«Жақсы» деген сөзге «-лық» жұрнағын жалғап, «жақсылық» деген заттың
есімін көрсетеміз; «Игі» деген сөзге «-лік» жұрнағын жалғап, «игілік»
деген заттың есімін көрсетеміз; «Араз» деген сөзге «-дық» жұрнағын
жалғап, «араздық» деген заттың есімін көрсетеміз; «Тең» деген сөзге
«-дік» жұрнағын жалғап, «теңдік» деген заттың есімін көрсетеміз; «Тоқ»
деген сөзге «-тық» жұрнағын жалғап, «тоқтық» деген заттың есімін
көрсетеміз; «Зерек» деген сөзге «-тік» жұрнағын жалғап, «зеректік» деген
заттың есімін көрсетеміз уа ғайри сондай.
3) Дағдыландыру.«-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақтары
жалғанарлық сөздер тапқызып жалғату.
«-шылық» (-шілік) жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол күй, қалып
болғандығын көрсету үшін, Мәселен: «Тар» деген сөзге «-шылық»
жұрнағын жалғап, «таршылық» деп тар күй, қалып болғандығын
көрсетеміз; «Еркін» деген сөзге «-шілік» жұрнағын жалғап, «еркіншілік»
деп еркін күй, қалып болғандығын көрсетеміз уа ғайри сондай.
4) Дағдыландыру. «-шылық» (-шілік) жұрнақтары жалғанарлық
сөздер тапқызып, жалғату.
66
Ескерту. «Кішкене», (азғана) деген сын есімдер қос сөздер: кішкене
– кіші, гәнә, азғана – аз, ғана.
«-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол
түрде болдыру үшін. Мәселен: «Жақсы» деген сөзге «-ла» жұрнағын
жалғап, «жақсыла» дейміз, жақсы түрде болдыру үшін; «Әдемі» деген
сөзге «-ле» жұрнағын жалғап, «әдеміле» дейміз, әдемі түрде болдыру
үшін; «Жаман» деген сөзге «-да» жұрнағын жалғап, «жаманда» дейміз,
жаман түрде болдыру үшін; «Тең» деген сөзге «-де» жұрнағын жалғап,
«теңде» дейміз, тең болдыру үшін; «Ақ» деген сөзге «-та» жұрнағын
жалғап «ақта» дейміз, ақ түрде болдыру үшін; «Тегіс» деген сөзге «-те»
жұрнағын жалғап «тегісте» дейміз, тегіс болдыру үшін.
5) Дағдыландыру. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақтар
жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
«-ар» (-ер) жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол түрде болу үшін.
Мәселен: «Ақ» деген сөзге «-ар» жұрнағын жалғап «ағар» дейміз, ақ түрде
болуы үшін; «Көк» деген сөзге «-ер» жұрнағын жалғап, «көгер» дейміз,
көк түрде болу үшін.
Бұл жұрнақтар орнына «-ай» (-ей) жұрнақтар да жалғанады.
Мәселен: «Қоңыр» деген сөзге «-ай» жұрнағын жалғап, «қоңырай» дейміз,
қоңыр түрде болу үшін; «Көп» деген сөзге «-ей» жұрнағын жалғап
«көбей» дейміз, көп күйінде болу үшін.
Ескерту. «-ар» (-ер), «-ай» (-ей) жұрнақтар аяғы дауысты сөздерге
«-р» болып жалғанады, мәселен, қысқы – қысқар, ескі – ескір.
6) Дағдыландыру. «-ар» (-ер), «-ай» (-ей) жұрнақтар жалғанарлық
сөздер тапқызып, жалғату.
«-сын» жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол сынды сияқтану үшін.
Мәселен: «Жақсы» деген сөзге «-сын» жұрнағы жалғап, «жақсысын»
дейміз, жақсы сияқтану үшін; «Үлкен» деген сөзге «-сін» жұрнағын
жалғап, «үлкенсін» дейміз, үлкен сияқтану үшін.
7) Дағдыландыру. «-сын» жұрнағын жалғарлық сөздер тапқызып,
жалғату.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |