29
не қылмақ? деген сұрауларға жауап болатын сөздердің бәрі де етістік
болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді айырту.
Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Кісі сөйлейді, түйе боздайды; ит үреді, қой маңырайды, қозы
жамырайды. Бала ойнайды. Мен жүремін. Сен жүгіресің. Ол жазып отыр.
Бұл оқып отыр, Бірман күліп тұр, Нұрман жылап тұр. Жел соғып тұр.
Боран бұрқырап тұр. Көкті бұлт торлады. Күн шықты, тұман сейілді, жұрт
оянды, төсектен тұрды. Мал өрді, өріске кетті. Нұрман киінді, жуынды,
шай ішті, кітаптарын алды, оқуға кетті. Жаз болды. Қар еріді. Сулар ақты.
Өзендер тасыды. Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді. Мал тойынды.
Малшы мал бағады. Жыршы өлең айтады. Домбырашы күй тартады.
Егінші егін егеді. Хатшы қағаз жазады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын сызып
көрсетіңдер.
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды. Күн
жазға айналды, ет азға айналды. Сай сайға құяды, бай байға құяды. Оңқа
ойын бұзар, тентек жиын бұзар. Көп азға қылған зорлығын айтады, аз
кептен көрген қорлығын айтады. Жыртық тесікке күледі. Тез қасында
қисық ағаш жатпайды. Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған
өлеңші болар. Ерінбеген етікші болар. Бақ-бақ еткен текені қыс түскенде
көреміз, батырсынған жігітті іс түскенде көреміз. Жер таусыз болмайды,
ел даусыз болмайды. Үйді қозғаған көшірер, отты қозғаған өшірер. Құр
қасық ауыз жыртар. Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Есек түйе
болмайды, сиыр бие болмайды. Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.
Аталы сөзді арсыз қайырар. Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді.
Бірлік болмай, тірлік болмас. Жауға жаныңды бер, сырыңды берме.
Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес. Ел ұрысыз болмас, тау берісіз
болмас. Ордалы құлан ақсағын білдірмес. Жалт-жұлт етеді, жалмай
жұтады. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: