Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп,
таласқа кетіп барасыз. Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ.
Сабырменен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп,
я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ ғой. Мақсат – сіз
болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына хәріп белгілеп,
жазуымызды бір жөнге салалық деген. Осы күнге һәркім һәр түрлі жазып
жүр, бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ. Жазғанымыздың қата,
дұрыстығын айырарлық емле жоқ. Оның жоқтығы қазақ тіліндегі
дыбыстарға ашып-арнаған хәріптер жоқ. Бір сөзді екі түрлі жазады.
Мысалы, сізде
ء