Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал



Pdf көрінісі
бет93/127
Дата26.03.2022
өлшемі2,67 Mb.
#28855
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127
Жалқылаулы-жалпылау әдіс 
 
Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі деп жүріп, ақырында 
екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісі болып бірігеді. Бұл әдістің өзі қолдану 
жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
1.«Шағын  сөзді»  деген  түрі.  Мұның  асылы  балаларға  шағындап 
алған  әр  сөздің  оқуы  мен  жазуын  білдіру.  Мұны  әуелі  қолданушылар 
Погел,  Томас,  Белме  деген  неміс  оқытушылары,  сонан  басқалар  алып 
түрліше қолданады. Бірақ, бәрінің негізі мынау болады: 
 
Әліп-би  кітабы  болмақ,  ол  кітаптың  ішінде:  1)  сүгіреттер  болмақ,     
2) сүгіретті нәрселердің атын көрсететін баспа да, жазба да сөздер болмақ, 
3)  сол  сөздерге  ұқсас  басқа  да  сөздер  болмақ,  4)  үйретілген  әріптерден 
жасалған  сөздер,  сөздерден  жасалған  сөйлемдер,  сөйлемдерден  жасалған 
қысқа-қысқа әңгімелер болмақ, 5) түгел күйінде әліп-би ретімен жазылған 
әріптер  болмақ.  Бұл  соңғысы  үйрету  үшін  емес,  әріп  біткеннің  бәрі 
үйретіліп болғандығын көрсету үшін қойылады.  
 
Осылайша шығарылған әліп-би кітаптары бірінен-бірі негізгі жағына 
емес,  1)  шағындап  алған  сөздің  сандары  жағынан,  2)  сөздердің  түрлері 
жағынан,  3)  сөздердің  орналасуы  жағынан,  4)  оқуға  алынған  әңгімелері 
жағынан алынады.  
 
Үйрету көшесі былай: 
 
1. Әліп-би кітабының 1-і бетінде тұрған сүгіретті оқытушы тақтайға 
салады  да,  сол  нәрсенің  жайынан  әңгіме  қозғайды.  Әңгіме  балаларды 
қозғайды.  Балалар  мен  оқытушы  әңгімелесе-әңгімелесе  барып,  сол  нәрсе 
турасындағы жұмбақтар, өлеңдер сияқты нәрселерді айтқызады немесе өзі 
айтады. Бұл әңгіменің пайдасы – алынған нәрсені балаларға анық танытып 
білім береді, сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді.  
2.  Салынған  сүгіретті  балалар  дәптерлеріне  көшіреді.  Бұл  көшіру 
балаларды  сүгірет  салуға  үйрету  емес,  салғандары  ұқсасын,  ұқсамасын 
әркім әлінше салса болғаны. Мұның пайдасы сүгірет салуға балалар әуес 
болғандықтан,  сүгірет  салғандарына  мәз  болып  өздері  рақаттанады, 
қарындаш ұстауға қолдары үйренеді.  
3.  Сүгіреттегі  нәрсенің  атын  көшіру.  Оқытушы  сөзді  тұтас  күйінде 
тақтайға жазады. Балалар дәптерлеріне көшіреді. Көшіруден бұрын былай 
ету керек дейді: Оқытушы тақтайға жазып жатқанда, балалар қарап бағып 
отырады.  Жазып  болған  соң,  балалар  орнында  отырып,  оқытушының 
жазуына  еліктеп,  жазған сияқты болып, сұқ  қолдарымен тақтай бетіндегі 
жазу  бойымен  жүргізеді.  Сонан  соң  барып  қарындашпен  дәптерлеріне 
жазады.  


253 
 
4.  Сөздің  дұрыстарын  айыру.  Ол  үшін  оқытушы  тиісті  сөзді  алады 
да,  дыбыстарын  анық  етіп  ашық  дауыспен  айтады.  Әсіресе,  кезінде 
үйретуге керек болып тұрған дыбысты айқындата айтады.  
5.  Сөзді  әріптен  бұтарлау.  Ол  үшін  оқытушы  әріп  араларын 
ашығырақ  жазады.  Балалар  соның  ішінен  үйретіп  жүрген  әріпті  танып 
алып,  бірнеше  рет  жазады.  Солай  бірнеше  әріпті  танығаннан  кейін 
оқытушы енді әр әріпті жеке күйінде алып тақтайға жазып, бұл қай сөзде, 
қандай  орында  тұр  деп  сұрайды.  Балалар  әліп  кітабына  жазылған  әріпті 
сөздің ішінен танып көрсетеді.  
6. Әріптерден сөз жасау. Балалар 4-4 әріпті танитын болғанан кейін 
солардан құрап, сөз жасайды.  
7.  Баспа  тану.  Ол  үшін  жазба  сөздің  астына  баспа  сөз  қойылып, 
екеуінің әрпі салыстырылады.  
Шағын  сөзді  алыңғы  әдістерше  не  әріп  жаттатып,  не  сөз  жаттатып, 
балалардың  басын  қатыру  жоқ.  Жұмыстың  бір  ұшы  оытушыда,  бір  ұшы 
балаларда болып, бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебінде болмай, 
немесе  бір  жағы  адамша,  бір  жағы  машинаша  істемей,  екі  жағы  да  зер 
салып істейтін болады.  
Мұнысы  алдыңғы  әдістерден  артық  бір  жері  болмаса,  екінші  бір 
артық жері – аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. 
Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрттың бәріне де 
жайылады.  Жұрт  өзінің  тілінің,  емлесінің  жүйесіне  қарай  түрліше 
ыңғайлап  қолданады.  Сондықтан  пәлен  әдіс,  түлен  әдіс  деп  түрлі  атпен 
аталады. Атына қарамай, затына түптеп қарағанда бәрінің негізі бір болып 
шығады. Орыстарда түрлі атпен аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, 
татарлардан,  мәселен,  түрлі  атпен  аталған  әліп-би  кітабы  үйрететін 
әдістер,  біздің  қазақта  да  әліп-би  кітабымен  үйрететін,  олардың  бәрі  де 
шағын сөз әдісінің негізінен құр емес.   
ІІ.  «Жазу-оқу»  деген  түрі.  Былай  деп  біреулер  жазу  мен  оқу  екеуін 
қабат  үйретуді  айтады,  біреулер  оқуды  жазу  арқылы  үйретуді  айтады. 
Әдістің  затына  соңғы  мағынада  айтулары  дұрыс  келеді.  Өйткені  –  бұл 
әдісті  қолданушылар  оқу  үйретуді  оқудан  бастау  дұрыс  емес,  жазудан 
бастау дұрыс дейді.  
Мұны  былай  дәлелдейді:  «Жазу  жоқ  кезде  оқу  жоқ.  Оқудан  жазу 
дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді.  
Оқу  білмейтін  адамды  үйреткенде  жазу  мен  оқудың  пайда  болған 
жолымен жүру керек дейді.  
Бұл  әдістің  өзі  онша  дүниеге  көп  жайылмағанымен,  өзге  жайылған 
әдістерді  түзетуге  дақылы  болды.  Мұнан  бұрын  оқу  алда  жүріп,  жазу 
соңында  жүруші  еді.  «Жазу-оқу»  әдісі  шыққаннан  кейін  екеуі  қатар 


254 
 
жүретін болды. Оқытушылар үйретуді оқудан бастаса, әдістер оқытқанын 
жаздырып  отыратын  болды;  жазудан  бастаса  жаздырғанын,  не  жазғанын 
оқытып отыратын болды.  
Бұл  «жазу-оқу»  әдісін  орыстар,  орыстан  үлгі  алған  Ресейдегі  басқа 
жұрттар көп қолданады.  
ІІІ.  «Дыбысты  әдіс».  Дыбысты  әдіспен  үйреткендегі  істелетін  істің 
негізгі бес түрлі: 
1) балалармен әңгімелесу 
2) оқу үйретуге де даярлайтын жұмыстар 
3) сөзден дыбыстарды айырып шығару 
4) әріптермен таныстыру 
5) білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу 
Әңгімелесу.  Бұл  балалардың  бойын  үйрету  үшін  істеледі. 
Әңгімелескеннен  кейін  балалар  оқытушыға  үйір  болады,  оқытушы 
балалардың  жайларын  біледі.  Әңгіме  арқылы  балалар  мектептегі 
нәрселердің аттарымен, жүру-тұру жүзіндегі тәртіптерімен танысады.  
Оқуға даярлайтын істер. Бұл - әуелі, «сөз» деген ұғым мен «дыбыс» 
деген не нәрсе екенін білдіру. Екінші, сөздің ішіндегі дыбыстарды айырту.  
«Сөз»  деген  ұғымды  таныту  үшін  оқытушы  балаларға  бір  нәрсені 
айтады.  Оның  атаған  нәрсесі  туралы  өзі  бір  нәрсе  айтып,  неше  сөзбен 
айтылып  тұрғанын  сұрайды.  Мәселен,  балалар  «тақтай»  деген  болса, 
оқытушы  «тақтай  үлкен»  дейді  де,  балалардан  неше  сөзбен  айтылып  тұр 
деп  сұрайды.  Сол  жөнмен  бірнеше  рет  сөздер,  сөйлемдер  алынып, 
сұралып өткеннен кейін сөздің не екенін біліп кетеді.  
«Дыбыс»  ұғымын  таныту  үшін  істелетін  тәсіл  екі  түрлі  болады. 
Біреуі  былай:  оқытушы  бір  дыбысты  айтады  да,  айтқаным  не  дыбыс  деп 
сұрайды.  Балалар  естіген  дыбысын  айтады.  Тағы  бір  дыбыс  алып,  тағы 
солай  сұрайды,  балалар  сұрағанын  айтып  береді.  Солай  бірнеше  рет 
істелгеннен  кейін  балалар  «дыбыс»  деген  нәрсенің  не  екенін  ұғады. 
Екінші тәсіл былай істеледі: балалардың көзін жұмғызып қойып оқытушы 
бір  нәрсені  сылдырлатады,  немесе  тықылдатады.  Бірақ  не  істесе  де 
балалардан  «не  естідіңдер?»  деп  сұрайды.  Балалар  естігенін  айтады. 
Сонан оқытушы бір дыбысты айтады. Мұны да не естідіңдер деп сұрайды. 
Балалар  естігенін  айтады,  солай  бірнеше  ірет  істеп,  бірнеше  ірет 
сұрағаннан кейін «дыбыс» деген немене екенін балалар ұғады.  
Дыбыс  айырту  үшін  оқытушы  өзі  не  балаларға  бірдеме  айтқызады. 
Сонан бір сөзді алады да, соны әуелі буындап бөлектеп айтады. Буындап 
бөлектеп  айтқанда  буын  жіктері  ашылып,  әр  буын  бөлектеніп  естіледі. 
Солай  бірнеше  сөзді  алып  айтқаннан  кейін  балалардың  құлағы  сөз 
буынын айыратын болады.  


255 
 
Буынды  айыра  білгеннен  кейін  дыбыстарын  айыруға  түседі.  Ол 
айыруға қолайлы буын табылатын сөздерді алып, әуелі буынға бөледі де, 
сонан  өзінің  керек  қылған  буынын  алып,  дыбыстарын  бөлектей  айтады, 
немесе  әнге  салған  сияқты  созып  айтады.  Балалардың  тез  айырып 
үйренуіне  соңғысы  қолайлы.  Буынды  созып  айтқанда  оның  ішіндегісі 
нендей дыбыс екені біліне қалады. Мәселен, «ара» деген сөздің «ра» деген 
буынын  алып,  әр  дыбыспен  созып  айтса,  әуелі  «р»,  сонан  соң  «а» 
естілетіндігін  құлақ  қазір  айырады.  Мұндағы  бір  керек  нәрсе,    ол  – 
алғашқы кезде алған буындардың әріптері созылатын болу тиіс: ол дыбыс 
айыру жұмысын көп жеңілдетеді.  
Дыбысты  айыра  білгеннен  кейін  оларды  қоса  білуге  кіріседі. 
Дыбыстарды  қосып  буын  жасап,  буыннан  сөз  жасау  керек  дейтіндер  де 
бар,  оның  керегі  жоқ  дейтіндер  де  бар.  Керек  деушілердің  пікірі  екіге 
бөлінеді:  біреулері  әріп  көрсетуден  бұрын балалар  сөзді  дыбыстан  құрап 
жасай  білу  керек  дейді,  екіншілері  –  дыбыс  құрастыру  әріптермен 
таныстырылып,  соларды  құрастырып,  сөз  қылып,  қосар  жерде  істелу 
керек дейді. Әуелі, бұл үш түрлі пікірдің дыбысын құрастыру керек емес 
дейтіндер  дұрыс  емес.  Дыбысты  әдіс  болмасқа  керек  десе,  онда  жөн,  ал 
дыбысты  әдіс  болса,  онда  дыбыстарды  қостастыру  болмаса,  ол  шала 
болмақ. Екінші әріптерді құрастырып оқыр кезде істелу керек деген пікір 
де  дұрыс  емес.  Онда  кеш  болады,  онда  еш  пайдасы  тимейді.  Олай 
болғанда сөздің дыбыстарын айырып  үйретудің де қажеті жоқ, оны жазу 
кезінде істетуге болады.  
Сөздің  дыбыстарын  айыра  білу  –  соңыра  жазуға  керегі  бар  нәрсе, 
дыбыстарды құрастырып сөз қыла білу – ол соңыра оқуға керегі бар нәрсе. 
Дыбысты  дыбысқа  қосу  әріпті  әріпке  қосудан  жеңіл  болады.  Үйрету 
жеңілінен басталу керек. Ол үйретудің негізгі дабыл жолы.  
Әріптермен  таныстыру.  Сөздің  дыбыстарын  айыра  бергеннен  кейін 
түрлі  дыбыстарды  қосып  сөз  қыла  білетін  болғаннан  кейін  әріппен 
таныстыруға  түседі.  Әріппен  таныстыру  іреті  әріптердің  әліп-би 
кітабындағы тұрған іретінше болады. Әліпби кітабының басындағы бөлек 
әріптер, мәселен  «а»,  «с» болса, сол әріптер бар  сөзді алып, дыбыстарын 
айыртады.  Сонан  соң  пәлен  дыбыстың  таңбасы  мынау  деп  әрібін 
көрсетеді.  Дыбыс  таңбасы  әріп  деп  аталатынын  да  айтады.  Сонан  кейін 
жаздырады. Басқа әріптердің арасынан іздеп таптырады.  
Сонан кейін танытқан әріптерінен құрастырып, сөз қылып оқытады. 
Дыбыстарды  айырту,  құрастырып  сөз  қылу  дұрысталып  істеліп,  балалар 
әбден  әдісін  алған  болса,  сол  дыбыстардың  әріптерін  құрастырып,  сөз 
қылып оқуға балалар қиналмайды. Бір-екі сөзді әріптен құрап оқығаннан 
кейін  тез  әдісін  алады.  Алғашқы  кезде  сөзді  ылғи  буындап  қостырып 


256 
 
оқытады.  Сонан  буындап  оқып  әдістенеді.  Буындап  оқу  жаттыға  бара 
қалыпты оқу түріне түседі.  
Алдағыда  Европа  жұрттары  соңғы  кезде  қолданып  жүрген  америка 
әдісі  деген  жалқылаулы-жалпылау  әдісінің  «тұтас  сөзді»  тағы  бір  түрін 
айтып, сонымен әдіс жалпы тариқын аяқтайық.  
Бұл – ескі емлелі жұрттың шығарған, ескі емлелі жұрттың қолданып 
отырған  әдісі.  Ағылшын,  француз  жұрттарының  емлелері  араб  емлесі 
сияқты  ескі  болады,  ескі  емлемен  жазылған  сөздің  жазуымен  оқуы  бір-
біріне сәйкес болмайды. Мәселен, арабтар «тырқы» деп жазып «тараққи» 
деп  оқиды.  Ағылшын  мен  француз  емлесі  онан  да  сорақы:  біз  олардың 
емлесінше жазатын болсақ, «жой» деп жазып, «жуа» деп оқыр едік. Ондай 
емлесі бар жұртқа дыбыстың құны шамалы: сөзді сүгіретін жаттап оқумен 
танып оқиды, әріп тек сүгірет мүшесінің орнына жүреді.  
Бұл  күнде  бұл  әдісті  әр  жұрт  өз  тілінің,  емлесінің  ыңғайына  қарай 
әртүрлі  тұтынып  отыр.  Нағыз  өзінің  шыққан  жері  Америкада  тұтынуы 
былай:  
Жылдың  ортасына  дейін  кітап  қолдану  жоқ.  Балалар  оқытушының 
тақтайға  жазғанын  ғана  оқумен  барады.  Оқу  әріптен,  не  дыбыстан 
басталмайды, тұтас тұрған сөздерді оқудан басталады, Мәселен, бір бала 
шегіртке ұстап әкелген екен.  
Оқытушы:  «Не  әкелді?»  -  деп  балалардан  сұрайды.  Балалар: 
«Шегіртке  әкелді»,  -  дейді.  «Шегіртке  әкелді»  деген  сөйлемді  оқытушы 
тақтайға жазады. Өзі оқиды, балаларға оқытады.  
Сонан  соң  шегіртке  деген  сөзді  кірістіріп,  басқа  сөйлемдер  алады. 
Оны жазады, оқиды, оқытады. Сүйте-сүйте «шегіртке» деген сөздің жазуы 
қайта-қайта  ұшырап,  балалардың  жаттарында  қала-қала  барып,  әдбен 
таныс  болып,  бірден  танитын  болады.  Бірден  танитын  болса,  бірден 
оқитын болғаны. Басқа сөздердің де оқуын солай іретше үйретеді.  
Солай  етумен  жарты  жылдың  ішінде  125  шамалы  сөзді  танып 
оқитын  болады.  Екі  айдай  сөздің  дыбыс  жағына  жоламайды.  Онан  әрі 
ғана, балалар бірсыпыра сөздің оқуын енді біліп болды ғой дегенде барып, 
сөздің дыбыстарын айырта бастайды.  
Дыбыс  айыртуға  тұқымдас  сөздер  алынады.  Тұқымдас  сөздердің 
дыбыстарының  көбі  бірдей  болады.  Дыбыс  айыртуға  түсерде  жаңа 
айыртылған  сөздер  тұқымдастығына  қарай  сұрыпталып,  бірінің  астына 
бірі  сатыланып  жазылады.  Соларды  көре-көре,  оқи-оқи  жүріп  сөздердің 
бәрінде де ұшырайтын ортақ дыбыстардың үнін де, әріптерін де айыратын 
болады.  


257 
 
Американың  жазуға  үйретуі  де  оқуға  үйрету  сияқты  әріптен 
басталмай,  бүтін  сөздің  жазылуынан  басталады.  Бірақ  жеңілдік  үшін 
бастапқы кезде әрпі аз сөздер алынады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


258 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет