Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, ол нағыз қазақша болып шықпайды.
Н.Ильминский:
Относительно личных местоимений должен заметить‚ что сказать о себе мен‚ а другому сен было бы неприлично в разговоре с высшим или младшему со старшим. Скромность и вежливость требуют сказать вместо того: біз‚ сіз. Таким образом‚ эти два слова в киргизском языке должны назвать вежливым единственным числом.
Ахмет Байтұрсынұлы:
Сыпайылап сөйлегенде, сөйлеуші өзін мен деудің орнына біз дейді, тыңдаушыға сен деудің орнына сіз дейді, бөгде кісіні ол деудің орнына ол кісі дейді. Сондықтан біз – 1-жақ, сіз – 2-жақ, ол кісі – 3-жақ болады.