Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік ойлары



Дата27.09.2023
өлшемі309,4 Kb.
#111003
Байланысты:
ПИП 11 ахмет.б презентация

Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік көзқарасы


Адам тәрбиесіндегі білім-ғылымның рөлі туралы
Мектеп әлеуметтік орта
Қазақ қоғамындағы жер мәселесі жайлы
Қазақтың әлеметтік белсенділігі мен бірлігі хақында
Маңызды ойлары
Адам тәрбиесіндегі білім-ғылымның рөлі туралы
Ахмет Байтұрсынұлы халыққа білім беру, оқу саласы, мектеп жұмысын ұйымдастыруда қазақ тарихында өшпес мұра қалдырды.
Ұлы ағартушы қазақты артқа тартып отырған аса қиын мәселенің бірі – ел ішіндегі надандық пен жалқаулық екенін жақсы ұғынды. Ол өнер мен ғылымның қадіріне жеткен өзге елдерді өнеге ете отырып, өнер-білімнің теңдікке жеткізетінін, әлсіздерге күш беретінін, тұрмысты түзететінін, оған қол жеткізгендердің басқалардың аяқ астында жаншылмайтынын, олармен терезесі тең болатынын айтты
Халыққа білім беру мәселесімен қатар А. Байтұрсынов қазақ қоғамындағы ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлді. Адамзат қоғамында жан таңырқарлық нәрсенің бәрі ғылыммен табылғанын айта отырып, ол 1913 жылы жазылған «Орысша оқушылар» атты еңбегінде ғылымның құдіретін насихаттайды.
Мектеп ‑ әлеуметтік орта.
1912 жылы «Айқапта» басылған «Жазу тәртібі» атты мақаласында А. Байтұрсынов халықты сауаттандыру үшін сол кездегі оқуды реттеу, тәртіпке келтіру жөніндегі ойларын ортаға салады. «Қазаққа керегі екі түрлі оқу, оның бірі — мұсылманша, екіншісі — орысша» деді.
Ахмет Байтұрсынов бастауыш мектептерде оқу үшін 5 жылдықты ұсынады. Оның алғашқы үш жылында бірыңғай қазақша, екі жылында орысша оқытуылуы тиіс. Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа кәсіп, жаратылыс жайы. Ал бастауыш мектептің орысша оқытатын екі жылында үйретілетін білім гимназияның төменгі кластарына жарарлық болуы тиіс екеніне назар аударады
Қазақ қоғамындағы жер мәселесі жайлы
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында жер мәселесі ерекше дау туғызғаны белгілі. Столыпин заңынан кейін жүйелі жүргізілген отарлау саясатына сәйкес қазақ өлкесіне Ресей шаруалары жаппай көшіріле бастады. Бұл қазақ мемлекеті үшін ең үрейлі әлеуметтік мәселеге айналды
А. Байтұрсынов өзінің «Қазақтың өкпесі», «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Жер жалдау жайынан», «Көшпелі әм отырықшы норма» және т.б. мақалаларында қазақ жерінің тағдырына қатысты мәселелерді жан-жақты талқыға салды.
Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы жазылған «Жер жалдау жайынан» атты мақаласында қазақтардың қоныс аударған орыстарға жерлерін сатып жатқанына, егер жер сату тыйылмаса, қазақтың күні қараң болып, жерден айрылатынына тоқталады. Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы қазақта, екінші ұшы орыста екенін, әдіс қылған жағы ауыстырып алып, бос ұстаған жағының жерден айрылып қалып жатқанын айтып, қазақтың әрекетсіздігін сынады
Қазақтың әлеметтік белсенділігі мен бірлігі хақында
1910-шы жылы бастауыш мектептер туралы Думада кеңес болып, Ресейге қараған басқа тілді ұлттар, жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орысқа сіңуі туралы әңгімелер болып жатқанда, орыстан тілі басқа жұрттар бұған қарсылық білдіріп, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілінде оқуы тиіс деп, тұс-тұсынан телеграмма жаудырған кезде, қазақтың дыбысы естіле қойған жоқ еді.
Қай заманда болсын, адам баласының өз еңбегімен күнелтіп, жан сақтағанын айтады. Ол ауру болған адамның күші, ісі, есі қандай болса, ауру қаптаған халықтың да күші, ісі, есі сондай болады дейді. Тән саулығының тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры тән сұлулығында екенін ескертеді. Сол себепті бәрінен бұрын тазалықтың кадірін білуге шақырады
Патша өкіметіне керегі – қазақты оңай билеу және олардың өзара егестерін тиімді пайдалану үшін бір болыстық жерге үш-төрт рудың басын қосып, оларды болыстыққа таластырып қою. «Олар жәрдемге руын шақырады, өздерін сол руды қорғаушы етіп көрсетеді. Бұған қарағанда, қазір қазақ ішінде ру талас жоқ. Елдің бұқараны алдап, ру тонына жапсырып жүрген атқа мінерлердің егестері бар» - дейді А. Байтұрсынов.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет