Wordwall . Интерактивті және басып шығарылған Wordwall интерактивті және баспа материалдарын жасау үшін пайдаланылады. Үлгілерінің көпшілігі интерактивті және баспа нұсқаларында қол жетімді бола алады. Интерактивті компьютер, планшет, телефон немесе интерактивті тақта сияқты веб-интерфейсі бар кез келген құрылғыда ойнатылады. Оларды оқушылардың өздері немесе мұғалімнің жетекшілігімен сыныптың алдында кезектесіп отырған оқушылар ойнай алуына болады.
Басып шығарылатын файлдарды PDF файлы ретінде басып шығаруға немесе жүктеп алуға болады. Олар интерактивті немесе дербес оқу тапсырмалары үшін көмекші материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мен өз сабақтарымда көбіне ұйымдастыру кезеңінің зейінді шоғырландыру, ой шақыру,болжам жасау, алдыңғы тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру шолу мақсатында 2-3 минутта қолданамын. 1-тапсырма . Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы туралы «Сәйкестендіру» ойыны https://wordwall.net/ru/resource/38858407
Flippity .Бұл сандық құрал -онлайн интерактивті жұмыс қызметі пайдаланушыны алдын ала тіркеусіз жұмыс істейді, бірақ пайдаланушы алдын ала Google есептік жазбасын жасайды. Бұл сандық құрал Google электрондық кестесінің ақпаратына сүйене отырып, тапсырмалары бар онлайн карталарды жылдам жасауға мүмкіндік береді. Сондай –ақ сынып оқушыларын «Кездейсоқ есім» ойыны арқылы жеке, жұппен, топқа бөлуде өте тиімді әдіс.
Сонымен қатар , әр сабақта панельдік тақта арқылы видео-роликтер мен презентацияны қолдану да маңыздырақ болады. Яғни, оқушының білімді меңгеруіне мотивация туғызады. Оқушы іс-әрекеті мен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сабақ соңында «Сұрақ –жауап» әдісі арқылы қорытындылап , кері байланыс жасадық.
Қорыта келгенде , Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын түрлі сандық құралдар арқылы оқытуда оқушының дербес білім алуын, өзіндік ойын қалыптастыру, өзін-өзі бағалай алуын, тілдік дағдыларын, кері байланыс жасауын ,сыни ойлауын дамыта аламыз.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың жерін ғана алып қоймай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық озбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас қайратпен халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған , ұлттық рухымыздың ұлы тіні, ұлағатты ұлт ұстазы боп мәңгі тарихи тұлға боп ел есінде сақтала береді деп ойлаймын. Ахметті жаңғырту- ұлттық руханиятымызды жаңғырту.