Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімділік қызмет атқарған жылдары? жылдары)
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде, Бұл бидай дәнсіз қапты арасында. Бидайлар басы толық иіліп тұр, Дән берген қожасына сыйынып тұр. Басында бұл бидайдың дәні болмай, Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр." өлеңінің атауы? ("Егіннің бастары" өлеңі)
А. Байтұрсынұлы қай жылы, қайда дүниеден озды?
( 8 желтоқсан, 1937 жылы, Алматы қаласы)
Ақынның биыл неше жылдығы толады?
( 151 жыл толады) Мұғалім: Осымен бүгінгі күннің кезекті сайысы өз мәресіне жетті.
«Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.» дейді Ахмет атамыз. Қатысушыларға шынайы сын айтып, әділ бағасын беруге
Шақырамыз!
Мұғалім:
Жыл керуені жылжыған сайын Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызға да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!