Ахмет байтұрсынның соңҒы хаты



Дата17.03.2023
өлшемі16,01 Kb.
#75138
Байланысты:
Ахмет


АХМЕТ БАЙТҰРСЫННЫҢ СОҢҒЫ ХАТЫ

Сталиндік репрессия талай арыстарымызды алып кетті. Жалған жаламен айыпталған жандардың дені ұлтымыз үшін шыбын жаны шырқырап, аянбай еңбек еткен ерлер еді. Олардан айырылу халыққа оңай тиген жоқ. Орындары бертінге дейін ойсырап қалды. Атақты «Елу сегізінші» баппен ұсталып кеткен жандар түрмеде небір азап пен қорлықты бастан өткерді. Қорлықтың ең үлкені өз ұлтынан шыққан азаматтардың тергеуге алып, «туған халқыңа жаусың» деп масқаралауы еді. Сондай азап пен мазақты бастан өткергендердің бірі ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов болды. 
Отыз жетінші жылы төртінші әрі соңғы рет ұсталған Ахаңды өзінің жерлесі, қызметке енді кірген жас жігіт Нұржанов деген қазақ тергейді. Ол беріректе сол кезеңде еске түсіріп, былай деген екен: «Ахмет Байтұрсыновтың барлық шығармаларын тергеуден бұрын түгел оқып алдым. Сонсоң тергеу үстінде оның алашордашыл екенін бұлтартпадым. Сонда А.Байтұрсынов маған: «Бәрібір менің айтқаныма иланбайды екен сіздер, олай болса өздеріңізге керектілеріңізді жаза беріңіздер, мен қол қойып бере берейін, оқымай-ақ қоямын қолымды» деді».
Түрмеде небір азап пен қорлықты көріп, көкірегін мұң басқан ақын өзінің көптен бергі қадірлес жолдасы, әрі сырлас інісі болып кеткен Файзолла Сатыпалдыұлына хат жолдайды. Бұл Ахмет Байтұрсыновтың соңғы хаты болса керек. Хатта ол өз басына түскен ауыр қасіретті, қысастық пен зорлықты айтып шағынады. Әйтсе өзінің әу бастан тура жолда болғанын және ешуақытта қате қадамға бармағанына еш күмән келтірмей, түбі ақталып шығарына сенім білдіреді. Солай болды да. 1988 жылы ақын ақталды. Оның өлмес мұрасы ұрпақпен қайта қауышты.
Файзолла достым аса қымбаттым,
Мұңменен азап жаныма батты.
Өтседе дәуір өкініш уы,
Асау өзендей толқыны қатты.
Өзіңе аяң өмірім ісім,
Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
Жабылған нақақ жаланы ойлаумен,
Өзегім күйіп, өртенді ішім.
Ой соқты болып қатты ғой басым,
Көзімнен көл боп ақты ғой жасым.
Серегелдең кешіп сарғайып санам,
Төбемнен тура түсті ғой жасын.
Көбейген шақта сақалдың ағы,
Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
Темір құрсаулы түрмеге мынау,
Төртінші ретте қамалдым тағы.
Ана сүтімен ақындық дарып.
Жыр жазып едім отырмын налып.
Халық жауы боп қасырет шеккен,
Бүгінде енді менде бір ғаріп.
Езіліп жүрек, егіліп жүйе,
Өзіңе-өзің бола алмай ие.
Енесі өлеген ботадай боздап,
Өкінесің кеп өзегің күйе.
Дамылдап бір сәт табалмай тағат,
Кеттім ғой япырау қай жерден ағат.
Түсесің ойға иірде-шиір
Елестеп көзге мақсат пен мұрат.
Оралып сонда туған жер ойға,
Бір ыстық сезім тарайды бойға.
Сағыныш тауын анама деген
,Теңегем бір сәт күн менен айға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет