Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма балаға үйретуге деген



Дата25.05.2023
өлшемі14 Kb.
#97260
Байланысты:
эссе


Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма балаға үйретуге деген жалыны лаулаған, әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі бойында жиналған тұлға елестейді.
Ұстаз-жер бетіндегі ең көне кәсіптердің бірі. Ежелгі Греция, Египет және Римде ежелден ақ дана, білімді адамдар құрметке ие болып педагог атанды. Данагөй, ойшыл, философтардың шәкірті боп әлемнің небір құпияларына бой ұру үлкен мәртебе деп саналды. Болар бала ұстаздан деп ата-бабамыз да мақалмен өсиет қалдыруының өзінде ұстаз бейнесіне деген үлкен сыйқұрмет жатыр.
Ұстаз –ол тәрбиеші, тәлімгер, ол оның азаматтық, адамдық парызы. Ол -ұзақ та ұлы жасампаз процесті - Адамды қалыптастыру парызы маңдайына жазылған адам. "Білімнің шынайы болмысы-адамды адам болуға дайындау» демекші, таңғы шық тамшысындай мөлдір, таза өркениет мәдениеті ұстаз тұлғасында көрінуі керек. Сонда ғана ұстаз "білім мен мәдениет эстафетасын" беретін үлгі, матрица болуға құқылы болады.
ХХ1 ғасыр-жоғары технологиялар мен үлкен жетістіктер ғасыры, дейтұрғанмен адамзат іс-әрекетінде азғындық әрекеттер де азаюда емес. Біз қазіргі жастарды руханиятсыздық үшін қалағанымызша кінәлай бере аламыз, бірақ жер бетінде Жақсылық пен Жамандық әуелден өмір сүрді емес пе? Адам баласының жаны бақша секілді: дәнді дақылдармен тола өсе ме, арамшөптер қаптап өседі ме, өз қалауы, өз таңдауы. Сол себепті ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай адамның болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білімге деген талпынысы мен мақсат, жігерінің бірлігіне тікелей байланысты. Ал ол үрдісті дұрыс бағытқа бағыштап жол сілтейтін ұстаз тұлғасы мінсіз болуы керек. Өйткені ұстазы қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы білім ордасы мен ұстазы бар мемлекет қана озып шыққан.
Әлемдегі елдердің тайталас жағдайында, білім мен білік бәсекелесу, халықаралық межеде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірінде ұстаз деген атақты алып шығу, оқушыларға мүдделі тәрбие мен білім беру үлкен еңбек пен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұлан ертеңгі күні еліміздің діңгегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің елдігін сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - жүректің батырлығы!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет